Психология кафедрасы



бет62/64
Дата25.05.2023
өлшемі262,41 Kb.
#97085
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Психология пәнінен дәріс жинағы 2

Бейiмдiлiк және қабiлет
Қабiлет адамнан әрекеттiң бiр түрiмен айналысуға мүмкiндiк беретiн бейiмдiлiкте байқалады. Бейiмдiлiк пен қабiлет көп жағдайларда бiрге болады. Өйткенi адамның бiр нәрсеге қабiлеттiлiгi оның бейiмдiлiгiне орай қалыптасады. Бейiмдiлiк — адамның белгiлi бiр әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңiлi аууы, оянып келе жатқан қабiлеттiң алғашқы белгiсi. Сонымен қатар, бейiмдiлiк әрекеттiң бiр саласына (сурет, музыка т. б.) әуестенушiлiктi көрсетедi. Бейiмдiлiктi балада қандай да бiр нышанның барлығын хабарлайтын белгi деуге де болады.
Балалық, кезде ерекше көзге түсетiн бейiмдiлiктер оның келешек қабiлетiнiң көрсеткiшi болып та табылады. Мәселен, екi-үш жасар баланың музыка үнiне құлағының елеңдеуi, онда музыкалық қабiлетке байланысты табиғи негiздiң бар екендiгiн көрсетедi. Жас балаларда әрекеттiң әр түрiне байланысты бейiмдiлiк жиi ұшырайды. Нағыз бейiмдiлiктен алдамшы, шүбәлi бейiмдiлiктi айырған дұрыс. Нағыз бейiмдiлiк адамнын әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны нәтижелi етiп орындауында. Мәселен, осындай бала сабақ үлгiруде қатарындағы баладан көп iлгерi озып кетiп отырады. Ал бейiмдiлiктiң алдамшы түрiнде адам iске қатты әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкiндiгi орта дәрежеде ғана болады. Жалған бейiмдiлiк, көбiнесе, үлкендердiң сендiруiнен немесе баланың өзiн осылай сезiнуден тууы ықтимал. Мәселе, кейбiр интеллигент семьяларда баласына: “сен келешек дарынсың, сенен үлкен ғалым, суретшi, әншi т. б. шығайын деп тұр”,— деп айтатындар кездеседi. Расында да үш-төрт жастағы балалардың әп-әдемi етiп тақпак, айтпайтыны, дөңгеленiп билемейтiнi, әсем дене қимылдарын жасамайтыны кемде-кем. Осыған мәз болған ата-ана баласынын бейiмдiлiгiн дамыта тусу үшiн шарқ ұрады. Мәселен, алты жасар бiр бала үйiне келген адамдарға тарихи-философиялық терминдердi көп бiлуiмен таң қалдырған. Бұған баланың оқытушы шешесi де мәз екен. Бiрақ әлгi баладан оң қолың қайсы, сол қолың қайсы деп сұрағанда, ол жауап бере алмай қиналған. Бала өзi ерекше еңбек етпейтiн болса, әрекеттiң сол саласында үздiк нәтиже көрсете алмайтын боладьг, онда тек алдамшы бейiмдiлiктiң болғанын көрсетедi. Нағыз бейiмдiлiкте әрекетке адамның бар сезiм еркi жұмыла талпынады. Мұндай бейiмдiлiк адам нышандарының қабiлетке ауысуына қолайлы жағдай жасайды.
Баланың бейiмдiлiктерiн дамытып отыру, оның жалпы дамуына, ақыл-ой қабiлетiнiң жақсы қалыптасуына жағдай жасайды. Сондықтан мұғалiмдер мен тәрбиешiлер балалардың бейiмдiл iктерiн уақытында дұрыс көре бiлiп, осыған сәйкес келетiн қабiлеттердi дамытып отыруы керек.
Бейiмдiлiк пен қабiлет ересек адамдардан да қосақтаса көрiнiп отырады. Адамда күштi, әсерлi, тиянақты бейiмдiлiктiң болуы онда зор қабiлеттiң бар екенiн жақсы аңғартады. Бұл екеуiнiң бiр-бiрiмен қабыспай жататын кездерi де болады. Бiреу тек өзiн көрсету үшiн ғана iс-әрекетке бағыт алатын болса, мысалы, тек жұрттың көзiне түсу үшiн театрдың оқуына түсетiндер де болады. Мұны оның бейiмдiлiгiне қарай туып отырған қабiлеттiң көрiнiсi деуге болмайды.
Генетика ғылымы тұқым қуалаушылықтың рөлiн жоққа шығармайды. Баланың дүниеге белгiлi бiр нышандармен, табиғи мүмкiндiктермен келетiнi де рас. Бiрақ осы нышандар тек оқу-тәрбие процесiнiң ықпалымен ғана кабiлеттiлiкке айналады. Мәселен, бала адам сөзiн есiтпейтiн жерде өмiр сүрсе, ондай баланың сөйлеу нышаны да дами алмаған болар едi. Сол сияқты музыкалық нышаны бар баланы ән салуға, сурет салуға зердесi бар баланы сурет салғызып үйретпесе, оның осындай зор табиғи мүмкiндiктерi дамымай қалуы ықтимал.
Бала айналасындағы нәрселердi танып бiлуде өзi белсендiлiк көрсетпейiнше, оны дұрыс ұғына алмайды. Бала қабiлетiнiң дамуы үшiн оның белсендiлiгi аса қажет. Iс-әрекетсiз, оны меңгеруге бағытталған белсендi қимыл-козғалыссыз қабiлеттiң дамуы мүмкiн емес. Бұл жерде ескеретiн бiр нәрсе мынау: нышан оқу-тәрбие жұмысын жүргiзу үшiн зор мүмкiндiк тудырады. Нышанды балалар бiр нәрсенi үйренуге оңтайлы келедi. Мектепке дейiнгi кезеңде балалардың нышандары көбiнесе ойын үстiнде көрiнетiндiктен, олар кей жағдайларда адамның назарына түспей қалуы да мүмкiн. Сондықтан да әрбiр ата-ана бұған ерекше көңiл бөлiп отырғаны абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет