Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тұғырлар
10 апта Салихат Г. Б. МПип-11
МОӨЖ тақырыбы: Білім дидактикалық жүйесі
Мақсаты: Білім дидактикалық жүйесі жөнінде білімдерін кеңейту
МОӨЖ мазмұны:
Ғылыми парадигмалардың өзгеруі-ғылымның даму заңы.
Ғылыми білімнің қазіргі парадигмасы
Парадигма, үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны. Педагогикалық парадигма- педагогикалық міндеттердің белгілі топтарда қалыптаскан үлгі-стандарты, дағдылы көзқарасы. Алайда, танымал үлгі-стандартты және көзқарастарды күмәнді етіп койғанымен, педагогика ғылымында және төжірибеде фактілер қолданылады.
Педагогикалық парадигма екі жақтық қызмет атқарады: бір жағынан - педагогика ғылымға ғылыми проблемалардың шешімін жеңілдетеді, ал екінші жағынан педагогикалық шығармашылық мәселелердің өңделуін тоқтатып, жаңа идеялардың қабылдауына кедергісін сәл де болса тигізеді. Кейбір педагогикалық парадигмаларды келтіруге болады.
1. қазіргі заманда төл педагогикамызда «білетін адам» (ЗУН жүйесімен жабдықталған) парадигмасы «тіршілік әрекетіне дайын адам» парадигмасына, яғни белсенді және шығармашылық ойлауға қабілетті және іс-әрекет, өзіндік өсетін, интеллектуалды, өнегелі және дене тәрбиесіне өзгерістер енгізілуде;
2. көптеген педаготтардың пікірінше, тәжірибиеде қолжеткізу ұстанымын іске асыра отырып, оқу материалының мазмұны және білім көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне ақылына сай және алғашқы дайындық деңгейіне сай болу қажет. Егерде осы принципті спортта іске асырсақ, онда бірде-бір спортсмен біз жеткен жетістіктерге жете алмаушы еді.[3][3] Оларды теориялық тәсіл немесе жеке білім деңгейі шенберінде ғылыми бірлестік бөліседі.
Психология ғылымында парадигма белгілі бір тарихи кезеңдегі осы саладағы ғылымдардың зерттеу практикасын ұйымдастыруға болатын үлгілерден тұратын негізгі ғылыми жетістіктердің жүйесі. Парадигма түсінігі педагогикада екі тұрпаттағы мәнмен толықтырылады. Біріншісіне Т. Кунның классикалық түсіндірмесіне сай ғылыми айналымдағы мәселелерді және оларды шешу жолдарын үлгілеуде танымал болған ғылыми жетістіктер, ғылыми қызмет үлгісі, нормалар, критерийлер, стандарттар жиынтығы деген анықтама беріледі. Парадигманың екінші түсінігі В.В. Краевский, Е.В. Бондаревская, И.А. Колесниковалардың пайымдауынша, парадигма мазмұны, идеялары, негізгі білім жүйесін жобалаудың тұғырлары, білім стратегиясы немесе үлгісі салынған құбылыс қарастырылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, білім беру парадигмасын анықтайтын элементтер қатарына жататындар: адамзаттың белгілі тарихи кезеңіне қажетті анықталатын білім және біліктіліктің жиынтығына деген көзқарас; өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму әдістерін ұғыну; ақпаратты кодтау және тарату ұстанымдары; адамзаттың мәдени дамуын ұғыну; адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау; білім беру үдерісінде білім мен мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде педагогтың орны мен ролін түсіну; тәрбиелеу-оқыту-білім беру құрылымындағы білім алушының орны мен рөлін анықтау және т.б.
Соңғы уақытта педагогикалық теория мен практикада диалог, ынтымақтастық, бірлескен әрекет, өзге адамның көзқарасын түсіну қажеттігі, тұлғаны құрметтеу және басқа да идеялар еніп, көп тұжырымдамалық және көп парадигмалық тұғырлардың дамуына тікелей ықпал етті. XX ғасырда таным әдіснамасында маңызды өзгерістер орын алды. Көп парадигмалық тұғыр да талқыланды.
Педагогика ғылымы мен практикасында парадигмалық тұғыр, парадигмалық ұстаным, көп парадигмалық, парадигмалық бейне, көп парадигмалық үдеріс, парадигманың түрлері және осы категорияны зерттеушілердің дүниетанымдық бағытына сәйкес, парадигмалық құбылыстар деген жалпы ұғым қалыптасты.
Парадигманың түпнұсқалық мазмұнына педагогикалық мәселені қою мен шешудің жалпы қабылданған тұрпаты, педагогика ғылымы мен практикасында танымның жалпыәдіснамалық негізі, таным әрекетінің негізгі ұстанымы және іске асыру нысаны, әдістердің, мәселелік жағдаяттың көздері және оларды шешу стандарттары, педагогиканың өткені мен бүгінін талдау енгізілді.
Т. Кун ғылыми пәннің дамуында парадигманың кезеңдерін: парадигмалық кезең, парадигма үстемдігі кезеңі, дағдарыс және революция кезеңі деп бөлген. Т. Кунның парадигмалы ғылыми тұжырымын талдай отырып, қазақстандық ғалым Ұ.Ж. Әлиев оның тұжырымдамасының негізгі қағидаларын сипаттай отырып, ғылым өз дамуындағы әр түрлі кезеңдерді басынан өткізетіндігін атап көрсетті: аномалды, дағдарысты, қалыпты. Т. Кун бойынша, ғылыми білімнің өсу заңдылықтары: қалыпты ғылым (ҚҒ), ғылымдағы аномалия (ҒА), жаңа парадигма (ЖП), яғни балама теориялардың бәскекелестігі және ескі парадигманың жаңа парадигмамен алмасуы, ғылыми революция (ҒР) қайтадан қалыптасқан ғылым (ҚҒ) және ары қарай дамудың келесі сатысы. Т. Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, философ Г.И. Рузавин парадигманы қоғамда қабылданған қандай бір ғылыми саланың белгілі кезеңдегі дамуын қамтамасыз ететін, негізі қаланған теория ретінде қарастырады.
Ғалым Г.Б. Корнетов «Педагогикалық парадигма – теориялық және практикалық іс-әрекеттің олардың рефлексия дәрежесіне байланыссыз мазмұнды бірлігін анықтайтын тұрақты сипаттамалар жиынтығы» деген мағыналы анықтаманы бере отырып, педагогикалық парадигманың төмендегі түлерін анықтайды: авторитарлық, манипулятивтік, қолдау педагогикасы.
Қазіргі кезеңде «білімді адам» парадигмасына көшу орын алып отыр, жаңа парадигманың артықшылығы – адам еркін ойлана алады, өз ойын шығармашылыққа ұштастыра алады, өз бетінше дами алады, интеллектуалдық, тәндік және адамгершілік тұрғыда өзін қалыптастыра алады.
Жаңа парадигма жаңа білім мен ақыл-ойдың жалпыәлемдік принципіне сүйенеді, машиналық технологиядан әлеуметтік технологияларға өтуді көздейді, күтілетін нәтиже ғылыми білімді меңгеру емес, оны өмірде пайдалану – іс-әрекеттік әдіснамасы болып табылады.
Қазақстандық ғалымдар Ж.Наурызбай, А.П.Сейтешев, Қ.М. Арынғазин және т.б. ҚР білім беру жүйесіне жаңа парадигманың қажеттілігін ашып көрсетеді. Мәселен, ғалым Қ.М.Арынғазин мағыналы педагогиканы ұсынса, академик А.П.Сейтешев «суперобъектілер: адам, әлеумет, өркениет» және білім берудің өзара байланысын көрсетеді, ғалымдар «ғылыми зерттеулер барысында шешілетін нақты мәселелер мен оларды шешудің әдіс-тәсілдері» деген ұстанымды ұстанады. Парадигма ғылыми және білімдік деп екіге жіктеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |