Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тұғырлар



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі29,74 Kb.
#129127
  1   2   3

Психология мен білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тұғырлар
9 апта Салихат Г. Б. МПип-11
МОӨЖ тақырыбы: Психологиядағы іс-әрекетті құрылымдық, процедуралық және функционалдық талдау.
Мақсаты:Психологиядағы іс-әрекет жөнінде білімдерін тексеружәне бекіту
МОӨЖ мазмұны:

  1. Д. Б. Элькониннің еңбектеріндегі білім берудегі мәдени-тарихи көзқарасты жүзеге асыру идеялары.

  2. А. С. Асмоловтың ғылыми педагогикалық идеялары

Эльконин Даниил Бoрисович 1904жылы дүниеге келіп, 1984 жылы өмірден өткен. Өзі айтқандай оның өмірі ұзақ болсада, өз қиыншылықтарымен, бірақ бақытты өмір сүрген. Ол кеңес психологы, педагогика ғылым докторы, профессор. Эльконин бала және психологиясының әр түрлі мәселелерін зерттейді. Ол ойынның психологиялық табиғаты мен пайда болуын, оның мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы үшін маңыздылығын, ауызша және жазбаша сөйлеудің психологиялық айырмашылықтарын, оқуға бастапқы рет үйретудің жаңа әдісінің психологиялық негіздері туралы мәселелерді зерттеді, эксперименттік әліппе жасады.


Ол Полтовиялық губернияда дүниеге келген. Ол 1914 жылы полтовиялық гимназияға оқуға түсіп, кейінен оны 1920 жылы отбасы қиыншылықтарына байланысты тастауа тура келді. Кейінен ол әскери –техникалық курсында өскелен жастағы қиын балалрды тәрбиелеу қызыметімен жұмыс жасады.
УССР наркомпростың iссапары бойынша 1924 жылда А.И.Герцено атындағы әлеуметтiк тәрбиенi Ленинград институттың психолого - рефлекс логикалық факультетiне оқуға түседі.
Студент бола отырып Л.Л. Василиевтің басшылығымен жүйке жүйесінің физиологиясы атты ғылыми жұмысты басқарады. Д.Б.Эльконинның бiрiншi баспа жұмысы 1929 жылы «Бұлшық еттердiң жұлындық иннервациясына тұрақты электр тоғының жергiлiктi әсерi» деген атпен жарық кореді.
А.И.Герцено атындағы ЛГПИдiң педагогикалық факультеттiң бөлiмшесiн 1927 жылы аяқтауларынан кейiн, Қазан темiр жолындағы бала амбулаториясында педолог - ұстаз болып жұмыс iстедi. А.И.Герцено атындағы ЛГПИдiң педология кафедрасында сабақ бере бастады,ол онда 1937 жылға дейін жұмыс істейді. Сонымен бiрге ол 1932 жылы Ленинград ғылыми-практикалық педологиялық институтында ғылыми жұмысқа байланысты директордың орынбасары болып жұмыс атқарды.
Осы жылдары Эльконин Даниил Барисовичтің ғылыми негізгі қызығушылығы белгіленді, ол яғни балалар және педагогикалық психология. 1931 жылы Л.С. Выготскимен бірлесіп және оның қодауымен психологиядағы мәселелердің бірі балалардың ойын арқылы оқып және даму ерекшеліктерін қарастырады. Баланы комплексті түрде социология, генетика, физиология, психология және педагогика тұрғысынан зерттеуі бойынша педалогия ғылымына талқылағандарға 1936 жылы ЦК РКП(б) – ның тұжырымдамасы шықты. Осы сенбептерге байланысты Эльконин Даниил Барисович бүкіл жұмыс орындарынан қуылды. Содан кейін Жубановқа (алғаш секретар Ленинград горкомы РКП(б)),ол өкінбейтінін, ол өзінің пікірін 24 сағат ішінде өзгертпейтінін жарияланғаннан кейін, оны ешқайда жұмысқа алмады. Кейінен ол өз қыздары оқитын мектепке бастауыш мұғалімі болып жұмысқа әзер дегенде орналасады. Ол негізінен мектеп деректоры оны жақсы танитын болғандықтан тәуекелге бел буып қол ұщын тигізеді.
Д.Б 1938 г.Эльконин тағы вузде (Н.К.Крупской атындағы ЛГГТИ) оқытады және қосымша қызметтілікке мектепте жұмыс істейді және Ленинград Учпезинде ара сапа әдіскердің-кеңесші болып, орыс тілдің оқулығының авторымен шеткі солтүстіктің халыктары үшін жұрт алдында сөйлейді.
1941 жылы шілде айында Эльконин Даниил Барисович ерікті түрде халық жиынына кіріп, Ленинград майданындағы 42-ші әскер қатарына кіріп, Ленинград және Полтавияны азат етуге ат салысқан. 1942 жылы Кисловод манайындағы немістер Эльконин Даниил Барисовичтің әйелін және екі баласын атып тастайды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Эльконин Даниил Барисович әскерден босап кеткісі келседе, босатылмады. Оған негізгі бағыт бойынша Мәскеу қаласында орналасқан Кеңестік Әскери – техникалық институтына сабақ беруге жіберіледі, ол онда тек қана психологияны ғана емес, сонымен қоса әскери психологияны,оның құрылымын бағыт – бағдарын үйретеді. Алайда 1952 г. қуғын-сүргіннің толқыны көрініс беріп космополитизм күресі басталды. Кейінен Эльконин Даниил Барисович әскерден босап демалысқа кетеді.
1953 жылдын қыркүйегінен Эльконин Даниил Барисович Психология Институтының штаттық қызметкері болып жұмысқа орналасады. Аталған мекемеде өмірінің сонына дейін еңбек еткен. Институтта бірнеше лаборотория басқарып, 1962 жылы докторлық десертация қорғап, 1966 жылы құрылған МГУ-да психология факультетінде де біршама уақыт дәріс береді.
Эльконин Даниил Барисович көбінесе балалар психологиясын Л.С. Выгогтскийдің шәкіртері мен жұмыс жасаған, олар: А. Н. Леонтьевым, А. Р. Лурией, А. В. Запорожцем, Л. И. Божович, П. Я. Гальпериным Эльконин Даниил Барисовичтің еңбектері аса танымал, оның 116-ға тарта еңбектері бар. Ең негізгіліерін атап кетер болсақ, олар:
1. Учение об условных рефлексах. М.; Л., 1931.
2. Букварь: Учебник русского языка для мансийской начальной школы. Л., 1938.
3. Устная и письменная речь школьников (рукопись), 1940.
4. Развитие конструктивной деятельности дошкольников (рукопись), 1946.
5. Психологические вопросы дошкольной игры // Вопросы психологии ребенка дошкольного возраста. М., 1948.
6. Мышление младшего школьника/ Очерки психологии детей. М., 1951.
7. Психологические вопросы огневой подготовки. М., 1951.
8. Психическое развитие ребенка от рождения до поступления в школу // Психология. М., 1956.
9. Творческие ролевые игры детей дошкольного возраста. М., 1957.
10. Развитие речи в дошкольном возрасте. М., 1958.
11. Детская психология. М., 1960.
12. Вопросы психологии учебной деятельности младших школьников/Под ред. Д. Б. Эльконина, В. В. Давыдова. М., 1962.
13. Психология детей дошкольного возраста/Под ред. А. В. Запорожца, Д. Б. Эльконина. М., 1964.
14. Психология личности и деятельности дошкольника/Под ред. А. В. Запорожца, Д. Б. Эльконина. М., 1965.
15. Возрастные особенности младших подростков/Под ред. Д. Б. Эльконина. М., 1967.
16. Психология обучения младшего школьника. М., 1974.
17. Как учить детей читать. М., 1976.
18. Психология игры. М., 1978.
Эльконин Даниил Барисович үшін ең маңыздысы оның ұстазы Л. С. Выготскиге деген сыйластығы мен жылы қарым – қатынасы еді. Ол ылғи ұстазының кітаптарын оқып, өзіне түрлі – түсті қарындашпен ескерту жазып қоятын.
Л.С. Выготскиийдің қайтыс болуына 50 жыл толғандығына дефектология саласы бойынша және де еңбектері бойынша болған конференцияға Эльконин Данил Барисовичта қатысты. Негізінен Эльконин Данил Барисович өзінің ұстазына арналған бірде - бір конференциясынан қалған емес. Л.С. Выготскиийдің қайтыс болуына 50 жыл толғандығына арналған конференцияда Эльконин Данил Барисович былай деген болатын: “Мен бірінші рет емес ұстазымжайлы шығып сөз айтып тұрғаныма, айта кету керек, мен ол жайлы немесе оның еңбектері жайлы әр түрлі мақалалар жазып, шыққан сайын, мен ылғи тебіреніп, қуаныш кернейді. Себебі, мен оның ақырғы жылдарында ұстазым мен өткіздім. Дос болып кеттік десем де болады, ұстазы мен шәкірті арасында да достық болад екен. Бірақ мен ұстазымның еңбектерін оқыған да, кейде қайта оқығанда түсінбей, бір жерін қалдырып кеткендей сезінем. Сондықтан оқып бастаған сайын мен ұстазымның ойын басынан ұғып алуға және оны аяғына дейін түсінуге тырысамын ” – деген екен.

Бiрде бекiген бейiм-бағдарды зерттеу барысында “мотивтiң мақсатқа айналуы” елеусiз түрде жүргендiгi анықталған, яғни соңғы қырық жыл iшiндегi зерттеулердiң негiзгi мақсаты болып қалған және толық дербес мәнге ие болған “бекiген бейiм-бағдарды зерттеудегi” мақсатқа “алғашқы бейiм-бағдарды зерттеудегi” мотив уақытша жылжыған [35, 53 б.]. Осы деректерге сүйене отырып А.Г. Асмолов өз кiтабында Ш.Н. Чхартишвилидiң бекiген бейiм-бағдар құбылыстары бейiм-бағдарлы құбылыстар қатарына мүлде жатпайды деген пiкiрiмен келiспейтiндiгiн бiлдiредi [35, 53 б.]. Ол: “iс-әрекеттiң бейiм-бағдарлы реттелуiнiң осы екi әр алуан түрлерiн бiрiктiретiн жалпы және негiзгi белгiсi алғашқы және бекiген бейiм-бағдарлардың өзiне тән ерекше белгiлерiнiң жиынтығында бүркемеленiп қалмауы керек”, - дей отырып, барлық бейiм-бағдарларға тән олардың ортақ белгiсiн анықтауға мән бередi [35, 53 б.]. Сонымен А.Г. Асмоловтың пiкiрi бойынша екi жағдайға да ортақ белгi бейiм-бағдардың белгiлi бiр бағытқа жауап беретiн әрекетке дайындығы деп танылады. Ол былай деп жазады: “Бейiм-бағдарлы құбылыстардың осы сипаттары шетел психологиясы мен Д.Н. Узнадзе мектебiнiң зерттеулерiндегi ең бастысы болып табылады” [35, 53 б.]. 


Д.Н. Узнадзе түсiнiгiнде бейiм-бағдардың мазмұны бейiм-бағдарды тудыратын объективтi себептерге байланысты анықталады. Олай болса бейiм-бағдардың мазмұнын зерттеуде әрқашан мiндеттi шешу жағдайындағы бейiм-бағдар бағытталған сол затты және сонымен қоса осы зат iс-әрекеттiң детерминдеуiнде қандай рөл атқарады, мiне соны тауып алу керек дейдi А.Г. Асмолов. “Сондықтан, алғашқы және бекiген алуан түрлi бейiм-бағдарлардың ерекшелiктерiнiң шынайы себептерiн табу үшiн мiнез-құлықтан оны туғызатын объективтi себептердiң орнын тауып алу мен осы себептер субъектiде қалайша бейнеленетiнiн зерттеу керек, яғни оған мазмұнды сипаттамалар беру қажет” [35, 54 б.]. Сондай-ақ А.Г. Асмолов “осыларды iздеу барысында бекiген және алғашқы секiлдi бейiм-бағдардың әр алуан түрлерiнiң өзiн белгiлеу жалған пайымдауларға алып келуi мүмкiн, “алғашқылық” пен “бекiгендiк” сияқты терминдер бейiм-бағдардың қалыптасуында уақытша өтiп кететiн әр түрлi сәттердi ғана бiлдiредi” деген тұжырым жасайды [35, 54 б.]. А.Г. Асмоловтың айтуынша бейiм-бағдарлы тәжiрибенiң көмегiмен беку процесi әлi жүрмегендiктен, алғашқы бейiм-бағдарда операционалды мағына ғана болады. Онда беку процесi жүргенде ғана ол бекiген бейiм-бағдарға айналады. Олай болса, бекiген бейiм-бағдардың қасиетi алғашқы бейiм-бағдардың қасиетiнен қалайша бiрден ерекшеленетiн болып шығады, бұл мүлде түсiнiксiз қалып отыр деген ой айтады. 
Одан ары А.Г. Асмолов iс-әрекет құрамындағы бейiм-бағдардың орны мен рөлiн талдауға назар аударады. Алуан түрлi бейiм-бағдарлы құбылыстардың кездесетiндiгiн тiлге тиек ете отырып, ол бұл мәселелердi басқаша қырынан қарастыруды, атап айтқанда бейiм-бағдарды заттық iс-әрекетте талдауды дұрыс деп санайды. “Мұны iстеу үшiн бейiм-бағдар мәселелерiн зерттеу барысының ұзақ уақытын анықтайтын: бейiм-бағдардан iс-әрекет шығуы тиiс емес, iс-әрекеттен бейiм-бағдар шығуы тиiс деген негiзгi тұжырымды ауыстырып, есеп беру жүйесiн өзгерту керек”, - деп А.Г. Асмолов заттық iс-әрекеттегi бейiм-бағдардың қызметi мен орнын қарастыруға көшедi [35, 55 б.]. Бiз А.Г. Асмоловтың бұл ойларынан алғашқы және бекiген бейiм-бағдарлардың психологиялық орны мен рөлi жайлы мәселелердiң әлi де болса өз шешiмiн таппай отырғанын оңай аңғарамыз. Бiздiңше психолог Ш.Н. Чхартишвилидiң алғашқы және бекiген бейiм-бағдарлардың өзiне тән ерекше белгiлерiн ажыратып көрсетуiнiң үлкен мәнi бар. Өйткенi Ш.Н. Чхартишвилидiң бұл деректерi бiрiншiден баладағы бейiм-бағдар құбылыстарының онтогенезегi дамуы мен қалыптасуын түсiндiруге жол ашып берсе, екiншiден олардың қалай дамитындығы мен қалыптасатындығы жайындағы сұрақтарды қайта қарауға мүмкiндiк жасады. Бiздiңше алғашқы және бекiген бейiм-бағдарлар арасындағы бұл мәселелердi түбегейлi шешу үшiн алдымен психологиялық талдауды алғашқы және бекiген бейiм-бағдарлардың пайда болуы мен қалыптасуын түсiндiруден бастаған орынды. 
Бiз алдыңғы бөлiмде адамдағы мотивациялық-қажеттiлiк шеңберiнiң екi түрлi қызметiнiң, яғни оның оятушылық және атқарушылық қызметтерiнiң болатындығын айтқан едiк. Бiздiң ойымызша Д.Н. Узнадзенiң айтып отырған алғашқы бейiм-бағдар ұғымы, сiрә мотивтiң оятушы қызметi болуы мүмкiн. Себебi С.М. Жақыпов айтқандай еш нәрсеге шамасы жетпейтiн, қауқарсыз жас нәрестеде мотивтiң оятушы қызметi болғанымен, онда мотивтiң атқарушы қызметi болмайды. Оны бiрлескен iс-әрекетте үлкендердiң өзi атқарады. Бiрақ, алғашқы бейiм-бағдар бекiп, мотивтiң атқарушы қызметiне айналу үшiн, бала мiндеттi түрде үлкендермен жалған бiрлескен iс-әрекетке түсуi қажет. Олай болса, алғашқы бейiм-бағдардың нәтижесi түрiнде көрiнетiн екiншi реттiк бекiген бейiм-бағдар бiздiңше С.М. Жақыпов сипаттаған жалған бiрлескен iс-әрекеттiң жемiсi. Жалған бiрлескен iс-әрекетте балада ең алғашқы жалған индивидуалды бейiм-бағдар қалыптасады. Мұнда бала өз iс-әрекетiнiң бейiм-бағдарын саналы түрде ұғына бермейдi, ол тек үлкендердiң көмегiмен қарапайым операцияларды ғана орындайды. Сондықтан, бейiм-бағдардың мұндай түрiнде психолог А.Г. Асмолов айтқан операционалды мағына ғана болады. Дегенмен мақсатқа жетуге бағытталған iс-әрекеттi тұрақты түрде сүйемелдеп тұру үшiн адамда мұндай операционалды бейiм-бағдарлардың болуы жеткiлiксiз, сондай-ақ онда мақсатты бейiм-бағдар да болуы қажет. Бiздiңше мақсатты бейiм-бағдар жалған бiрлескен iс-әрекет сатысынан бiрлескен iс-әрекет сатысына өту кезiндегi мақсат құрылу, мотив құрылу, мағына құрылу процесi мен аралық мақсаттарды меңгеру үстiнде қалыптасады. Жалған бiрлескен iс-әрекет сатысынан бiрлескен iс-әрекет сатысына өту кезiндегi мақсаттардың қайта құрылуы мен жаңа мағыналардың туындауы салдарынан алғашқы бейiм-бағдардың нәтижесi түрiнде көрiнетiн бекiген бейiм-бағдардың мазмұны өзгередi. 
Сондай-ақ, тұлғаның iс-әрекетi мен мiнез-құлқының үнемi бiр қалыптылығы мен тұрақтылығын сипаттайтын, оның құрылымының негiзгi бағыттылығына айналу үшiн бейiм-бағдар тұлғалық мағынада көрiнетiн мағыналы бейiм-бағдар түрiнде болуы қажет. Бiздiң ойымызша тұлғалық мағынада көрiнетiн және тұлғаның мағыналы құрылымының жүйе құрушы элементi болып табылатын мағыналы бейiм-бағдар дамыған бiрлескен iс-әрекет сатысында қалыптасатын мағыналы құрылымдардың жалпы қорын меңгерудiң нәтижесi. Алайда психолог А.Г. Асмолов бiз келтiрген бейiм-бағдар түрлерiнiң өзiне тән ерекше белгiлерiн ажыратып бөлуден бас тартып, барлық бейiм-бағдарлы құбылыстарға тән ортақ белгiнi тауып алу мен олардың субъектiде қалай бейнеленетiнiн зерттеп, оған мазмұнды сипаттама беру керек деп алғашқы және бекiген бейiм-бағдарлардың қалыптасуы мен пайда болуы жөнiндегi мәселенi ескермейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет