Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті түлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).
2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ — ол процестін бір бөлігі, сондықтан да окып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде — оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысына қалылтастыруға тиіс.
3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбы мен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуыларды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б.
Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұның — сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. — анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға алып келеді, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы, ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыс өзін-өзі қорғау қасиетімен түсінікті. Енжарлықтың пайда болуы — осындай өзін-өзі қорғаудың нәтижесі. Дегенмен, балаларда бұл қасиет қызметтік әр түрлі бөгдс түрлерін іздестіруде байқалады, олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің турлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет.Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыру әр түрлі болуы керек, оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Балалардың барлығы барлық уақытта қызметтін бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.
5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті — жаңа білімді игеруді — атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің катты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдылық мұғалімдік сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің сабақта барлық оқушыдан сұрауға мүмкіндігі болмайды, ол ғасырдың басында ескі мектептердегідей оқушылардан оның соңғы жауабынан бастап барлық өтілген материалдарды сұрай алмайды.Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар (егер мүмкіндік болса), жазбаша тапсырмалар, анкеталар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы -әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.
7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, ең нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі есуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.
8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Өтілген оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей оқыту процесінің тиімділігіне жағдай жасамайды. Өткені кайталау ешқашан да жаттанды кайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын етілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.
9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік үшін көрнекілікті пайдаланбау керек, техникалық құралдарды орынсыз пайдаланбау қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.
10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өтксн сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш педагогтар үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келгсн сабақта білім қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз калауға міндетті. Оқьпу процесін ұйымдастыруға осындай әдістің қажетігі теориялық турде Л. С Выготскийдің зерттеулерінде негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.
11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс. Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнеті құралдар, приборлар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтін бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да құрылымды көшу оқушыларға елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек.
Жекелеген оқушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп бұзушылық себептерін аңықтауға мүмкіндігіншс уакытты шығындамау керек, бұл туралы қоңыраудан кейін әңгімелеуге болады.
Көптеген мұғалімдер оқушының орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.
12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының тұлғалық сыйластығына сабақтасатын белгілі бір талап қоя білуі керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені сабақтағы тәртіп ынтасы орнықты болуына негіз салады.
Көптеген мұғалімдер көбіне оқушылардың жалған ынтасымен ғана шектеледі, К. С. Станиславский "ынта объектіге көзін тігу ғана емес" деп атап көрсетті. Оқушылар тек мүғалімге жай қарап жене тыңдап қана қоймауы керек, оқылатын материалға қатысты белсенді болуы керек, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс.
13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады. Мысалы, мұғалім сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ одан ешнәрсе шықпайды, сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда мұғалім сабақ барысында қажетті нақтылаулар енгізе оның құрылымын ауыстыра қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ — спектакль емес, оған көп дайындалғанмен, ол ешқашан репетицияланбайды.
14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіңдігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.
15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапеырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты қандай, оны орындаудың негізгі ережелері қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып, түсініктеме беруге міндетті. Оқушылар орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі. талдануы керек, әйтпесе оқушылардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.
16. Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу.
Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушылардыұ арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріп де есксру керек.
Жоғарыда сабаққа қойылатын он алты талап қарастырылды, бірақ бұл тізімді (перечень) жалғастыруға болмайды дегенді білдірмейді. Әрине, мұғалімнің әрбір сабақта олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды. Бірақ олардың білуге міндетті, өйткені ол сабақтың жоғары тиімділігіне алып келеді.
Өзіндік жұмыс аудиториялық жұмысымен қатар оқу процесінің елеулі формасының бірі болып табылады. Оның табысты өтуі үшін оқытушы тарапынан жоспарлау және қадағалау керек, сонымен қоса өзіндік жұмыстың қажетті көлемінің мамандық бойынша оқу жоспарында орын алуын профильдік кадефралар, оқу бөлімі, методикалық қызмет тексеріп отыруы керек.
Педагогикалық әдебиетте өзіндік жұмыстың әртүрлі варианттары кездесетіндіктен біз мынадай тұжырымдаманы басшылыққа аламыз.
Өзіндік жұмыс- студенттердің жоспарлы жұмыс, оны тапсырыс бойынша жеке оқытушының методикалық басқаруымен, бірақ оның тікелей қатынасуынсыз студент жасайды.
СӨЖ әрбір пәнді игеру үшін ғана емес, жалпы өзіндік жұмыс жасау, оқуда, ғылыми жұмыста, кәсіби іс-әрекетінде проблеманы өзегімен шешуге, дұрыс шешім табуға, қиын жағдайлардан шығу т.б. дағдыларды қалыптастырады. СӨЖ маңызы бір пәннің көмегінен шығып кетеді, соған байланысты шығарушы кафедралар өзіндік жұмыстың дағдылары мен икемдерінің жүйелі стратегиясын қалыптастыру керек. Бұл жағдайда абитуренттердің дербестік деңгейіне қарау, түлектердің дербестік деңгейіне қойылатын талаптарға зер салу оқыту кезінде, ізделіп отырған деңгейге жеткізеді.
Білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес, мамандануына және жұмыс тәртібіне байланыссыз кезкелген маман іргелі білімді игеруі, кәсіби дағдылар мен икемдерді, өз мамандығы бойынша творчестволық және зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы жаңа проблемаларды шешуді өз ісі бойынша әлеуметтік-бағдарлаушылық тәжірбиесін үйренуі керек. Соңғы екі білім беру құраушысы студенттердің өзіндік жұмысы кезінде ғана қалыптасады. Бұдан басқа, кафедралардың міндетіне дербестік дифференциалды критерилерін даярлау, оның мамандыққа және іс-әрекет түріне (зерттеуші, жобалаушы, конструктор, технолог, жөндеуші, менеджер т.б.) байланыстылығын ескеру міндеттеледі.
Жоғарғы мектептің орта мектептен өзгешелігі мамандандыруында, бірақ ең негізгісі оқу жұмысының методикасы мен шәкірттердің дербестік дәрежесі. Оқытушы тек студенттердің танымдық жұмысын ұйымдастырушы ғана. Танымдық әрекетті студенттің өз жасайды. Өзіндік жұмыс барлық оқу жұмысының түрлерін аяқтаушы болады. Дербес іс-әрекетпен бекітілмеген білімнің қандайы болмасын, адамның қажетіне жарай алмайды. Бұдан басқа өзіндік жұмыс тәрбиелеуші маңызға ие: ол дербестікті дағдылар мен икемдердің жиынтығы түрінде қалыптастырып қана қоймайды. Қазіргі заманғы жоғары білікті маманның жеке басының құрылымында ерекшк дәл ойлайтын мінез-құлық ерекшелігін қалыптастырады. Сондықтан әр ЖОО-да әрбір курста оқытушының басқаруымен студенттердің өздік жұмыстары үшін материал ұқыптап, таңдап алынады. Оның формасы әр алуан ол үй тапсырмасының түрі типтері. ВУЗ-да семестр үшін өздік жұмыстардың кестесі жасалып, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. Кестелер- уақытты тиімді пайдалануға, ынталандыруға, ұйымдастыруға мәжбүрлейді. Жұмысты оқытушы үнемі тексеріп отырады. Өздік жұмыстың негізіне ғылыми – теориялық курс, студенттің алған білімдерінің кешені алынады. Тапсырмаларды бөлгенде студенттер оны орындау жөнінде нұсқаулар, методикалық сілтемелер, оқу құралдары қажетті әдебиеттің тізімін қоса алады.
ЖОО-да дербес өздік жұмыстың көптеген түрлері болады – лекцияға дайындық, семинарларға, лабораториялық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға реферат орындауға, тапсырмаларға, курс жұмыстарына және жобаларына дайындық, ал қорытынды кезеңде - диплом жобасын орындау. Өздік жұмыс тиімдірек болады, егер ол жұппен орындалса, немесе оған 3 адам қатынасса. Топтық жұмыс себептілік факторын күшейтеді және өзара инеллектуалдық белсенділігін студенттердің танымдық іс-әрекетінің тиімділігін жоғарлатады, ол кезде өзара тексеріс көмек жасайды. Серіктің қатысуы студент психологиясын елеулі түрде қайта құрады. Жекелеме дайындық жағдайында студент өз іс-әрекетін субъекттивті түрде бағалап, оны толыққанды және аяқталған деп ойлайды, бірақ ондай бағалау қате пікір болуы мүмкін. Топтық жекелеме жұмыс кезінде топтық өз-өзі тексеруінде оқытушының түзетуі мүмкін болды. Бұл өз бетімен оқу іс-әрекетінің екінші түйіні жалпы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Өздік жұмыстың жоғары деңгейде болуы кезінде студент жұмыстың дербес бөлігін өз бетімен орындайды және оны курстас-серігіне көрсете алады.
Аудиториялық және өздік жұмыстарға берілген уақыт қатынасы дүниежүзінде 1:3,5 қатынасындай болады. Мұндай қатынас студенттердің оқу жұмысының осы түрінің зор дидактикалық мүмкіндігіне негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |