Барьеры психологического характера
возникают вследствие индивидуальных пси-
хологических особенностей общающихся
или в силу сложившихся между ними психо-
логических отношений [5].
Выделяют следующие формы психологи-
ческих барьеров общения.
Барьеры непонимания:
– фонетический барьер – невыразитель-
ная медленная речь, быстрая или речь-скоро-
говорка, речь с большим количеством слов-
паразитов;
– стилистический барьер – несоответствие
стиля речи и ситуации общения или стиля
общения и актуального психологического со-
стояния партнёра по общению.
Барьеры отношения основаны на равно-
душии (безразличии), симпатии, антипатии
или недоверии к партнёру по общению, кото-
рые искажают передаваемую им информацию.
Барьер негативных эмоций характеризу-
ется негативным эмоциональным состоянием,
отражающимся на процессе общения: обида,
раздражение, возмущение, злость, агрессия,
ненависть и т.п.
Кроме перечисленных выше, крайне важно
научиться справляться с такими внутренними
психологическими барьерами, как барьер за-
крытости, когдапартнёр по общению в силу
своего характера не отличается разговорчиво-
стью, не расположен раскрываться, отвечать
на вопросы; или барьер несогласия (когни-
тивный диссонанс), когда внутренние прегра-
ды могут вызвать рассогласование личности.
Например, борьба мотивов при принятии ре-
шения о согласии на оказание помощи в охра-
не границы: долг или безопасность.
Существуют также социально-культур-
ные барьеры, которые могут бытьоснованы
на различиях интерпретации понятий, упо-
требляемых в процессе общения из-за разли-
чий социального характера между собеседни-
ками, менталитетов и их принадлежности к
различным культурам.
Так, например, семантический барьер воз-
никает при использовании в речи различных
лексиконов, сленгов и обусловленный соци-
альными, политическими, религиозными, на-
циональными и профессиональными особен-
ностями взглядов партнёров по общению.
Логический барьер возникает в случа-
ях, когда логика рассуждения либо слишком
сложна для восприятия партнёром по обще-
нию, либо кажется им неверной вследствие
принадлежности к разным социальным груп-
пам. В частности, можно говорить о таких
проблемах в процессе общения людей, при-
надлежащих к разному социальному статусу
– простых обывателей с учёными, военнос-
лужащих с гражданскими лицами, молодых
с людьми старшего возраста (проблемы «от-
цов» и «детей»), женщин и мужчин («жен-
ская» и «мужская» логика).
Этнический барьер непонимания может
возникнуть вследствие различий в нацио-
нальных культурных традициях и обычаях.
Продолжая определять специфику профес-
сионального общения офицера пограничника,
третьим фактором можно назвать наличие
в его профессиограмме такого социального
качества, как коммуникабельность.
Для формирования и развития у будущих
офицеров пограничников коммуникативных
способностей в первую очередь необходимо
развитие у них способностей к общению, в
частности, умений заводить знакомство, всту-
пать в беседу, говорить самому и слушать со-
беседника. В процессе общения важно дости-
жение взаимопонимания.
В настоящее время в подготовке будущих
офицеров выявлено противоречие. Программа
обучения курсантов Академии Пограничной
службы КНБ Республики Казахстан включает
в себя дисциплину «Общая и военная психо-
логия», но при этом из внимания упускается
один из важных аспектов профессионального
общения офицеров пограничников – общение
в ходе работы с местным населением.
В связи с вышеизложенным, возникает во-
прос о том, как перейти от декларативного
признания важной роли общения в профессии
офицера пограничника к ее сознательному и
целенаправленному формированию в ходе об-
учения в военном вузе.
65
Педагогикалық жəне психологиялық ғылым – қоғамға/Педагогическая и психологическая наука – обществу
/Pedagogical and psychological science – to society
Работа по теоретическому исследованию
проблемы развития способностей к общению
у будущих офицеров пограничников и разра-
ботка предложений по практической реализа-
ции ее решения осуществляется автором ста-
тьи на базе Академии Пограничной службы
КНБ РК в рамках магистерской диссертации.
ИСПОЛЬЗОВАННЫЕ ИСТОЧНИКИ:
1 Психология общения. Энциклопедический
словарь /Под общей редакцией А.А.Бодалёва –
М.: Когито-Центр, 2011.
2 Тимофеева Е.В. Формирование культуры
общения офицера как педагогическая проблема. –
Курск: Журнал научных публикаций аспирантов и
докторантов, 2010.
3 Нагородная С. Как коммуникабельность
отличить от общительности. Источник: http://
garmoniya-club.com/garmonizatsiya.
4 Розова Р. Зачем нужна коммуникабель-
ность и как её развить в себе? Источник: htpp://
shkolazhizni.ru/arhive.
5 Деловое общение. Учебное пособие /Автор-
составитель И.Н. Кузнецов – М.: Издательство
Дашков и К, 2013.
Аңдатпа
Бұл мақала шекарашы офицерлердің Қызметтік ұрыс іс-əрекеті барысында кəсіби қарым қатынастың
негізгі ерекшеліктерін ашады. Қызметтік ұрыс іс-əрекетінің маңызды бағытының бірі болып, ҚР ше-
каралар аймақтарындағы тұрғындарымен жұмыс жасау болып табылады. Осындай жұмыстардың ба-
рысында офицерлер психологиялық жəне əлеуметтік-мəдени қиыншылықтарымен кездеседі. Осыған
байланысты ҚР ҰҚК ШҚА-ның курсанттарына қарым-қатынасты дұрыс орнатуды жетілдіруге үйрету
актуальды қажеттіліктердің бірі болып табылады.
Түйін сөздер: қарым-қатынас, кəсіби қарым-қатынас, профессиограмма, байланысқа бейімділік, бай-
ланыс кедергілері, тұлғааралық қарым-қатынас.
Abstract
This article reveals the main features of professional communication of borderguard offi cers in the course
of their Combat service activity (CSA). One of the important directions of CSA is a work with local inhabitants
of the border regions of the Republic of Kazakhstan. In the course of such kind work the offi cers face with
problems of psychological and socio-cultural character. In this regard, actual requirement is the necessity to
develop the abilities to communication of cadets of Frontier Service Academy of National Security Committee
of the Republic of Kazakhstan.
Keywords: communication, professional communication, professio-gramma, sociability, communication
barriers, interpersonal relations.
ƏОЖ 378.1
Ш.И.ИСМУРАТОВА
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
(Алматы, Қазақстан)
ІС-ƏРЕКЕТ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ІС-ƏРЕКЕТІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Аңдатпа
Мақалада іс-əрекет, педагогикалық іс-əрекет жəне педагогикалық іс-əрекеттегі ғылыми зерттеу
жұмы сының өзара байланысы нақтыланған. Сондай-ақ мақалада болашақ педагогтарды ғылыми зерт-
теу іс-əрекетіне дайындау жолдары, формалары қарастырылған.
Түйін сөздер: іс-əрекет, ғылыми зерттеу іс-əрекеті, педагогикалық іс-əрекет.
66
№3, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
К
іріспе. Қазіргі таңда жоғары білім мен
ғылымды халықаралық стандарттарға
сəйкестендіру өзекті бола түсуде. Осыған
орай ҚР-да білім беруді дамытудың 2011 –
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағ-
дар ламасы қабылданып оның басты мақсаты
-экономиканың орнықты дамуы үшін сапа-
лы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету
арқылы адами капиталды дамыту, білімнің
бəсе кеге қабілеттілігін арттыру, бүкіл қазақ-
стандық білім беру жүйесінің жаңа мазмұндық
тетігін құру [1].
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
білім беруді дамыту тұжырымдамасында:
«Қазір педагогтық қоғамдастықтың алдын-
да білім берудің жаңа моделін құрудың,
сынақтан өткізудің ауқымды міндеттері
тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты
білім алып, білік пен дағды-машыққа қол
жеткізу ғана емес, солардың негізінде дер-
бес, ғылыми шығармашылық əлеуеті жоғары
жəне кəсіби білікті, ақпаратты өзі іздеп табу,
талдау жəне ұтымды пайдалану, жылдам
өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір
сүру жəне жұмыс істеу болып табылады», –
деп көрсетілген.
Дүние жүзінде жаһандану жағдайында
білім нің ролі артып, əр елдің өзіндік білім
беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол əлем
халық тарының білім берудегі тəжірибесімен,
бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет.
Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгеріс-
тер дің білім беру саласында қамтылуы
маңызды іс-шара болып табылады. Осы орай-
да білім беруді дамыту тұжырымдамасы,
Қазақ стан Республикасының дүниежүзілік
білім беру кеңістігіне кіру кезеңіндегі білім
беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат
екен дігі сөзсіз.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырым дама-
сының“ басты мақсаты болашақ мамандардың
шығармашылық іс-əрекетін талдау, синтез-
деу, əрі логикалық ойлау қабілеттерін дамы-
ту, яғни студенттердің оқу жəне оқудан тыс
үдерісі бойынша ой еңбегімен шұғылдануын
қамтамасыз ету, оларды ізденуге, өздігінен
қорытынды жасауға үйрету болып отыр.
Осыған орай, бүгінгі таңда ғылыми іс-
əрекет мамандарды даярлау үдерісінің құрам-
дас бөлігі бола отырып, ол оқытушылар
мен болашақ мамандардың іс- əрекетін
қамтиды. Болашақ мамандардың ғылыми-
зерттеу жұмыстары біріккен оқу-тəрбие жəне
ғылыми-инновациялық үдерістердің құрам-
дас бөлігін құрайтын ЖОО-да білікті маман-
дарды дайындаудың міндетті бөлінбес бөлігі
болып саналады. Іс-əрекет – ғылыми білім
категориясы.
Болашақ мамандардыңғылыми-зерттеу іс-
əрекеттері – ғылыми жаңалықтардың жетістік-
терін тəжірибеде шығармашылықпен қолдана
білуге, яғни экономиканың дамуының қазіргі
заманғы жағдайларына жылдам бейімделе
алатын, білікті мамандарды дайындаудың са-
пасын арттырудың маңызды құралдарының
бірі.
Қазақстанның ғалымдары ғылыми зерттеу
əрекеті туралы əртүрлі пікірлерін берді. Олар:
Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева, Ғ.М. Кертаева,
О.Б. Боталова, Э. Қалиева, Б.А. Тұрғымбаева,
А.А. Бейсенбаева, С.И. Калиева, Н.Н. Хан,
Д.М. Джусубалиева, А.А. Молдажанова,
З.А. Исаева [2].
Отандық ғалымдар бұл мəселені мұғалім-
нің шығармашыл тұлғасының зерттеушілік
мəде ниетін қалыптастыру тұрғысынан жəне
ғылы ми зерттеулерді психологиялық-педаго-
гикалық тұрғыда ұйымдастыру, жоспарлау,
ғылыми-зерттеуге даярлығын қалыптастыру
бойынша қарастырған.
Негізгі бөлім. Қазіргі таңда білім беру-
дің əлеуметтік құрылымы маңызды элемент-
тердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде
жаһандану жағдайында білімнің ролі ар-
тып, əр елдің өзіндік білім беру жүйесі
тағайындалған. Бірақ, ол əлем халықтарының
білім берудегі тəжірибесімен, бағыт-бағда-
рымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан
Рес пуб ликасындағы үлкен өзгерістердің білім
беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара
болып табылады. Осы орайда білім беруді
дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Рес пуб-
ликасының дүниежүзілік білім беру кеңіс-
тігіне кіру кезеңіндегі білім беру жүйесін
дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
67
Педагогикалық жəне психологиялық ғылым – қоғамға/Педагогическая и психологическая наука – обществу
/Pedagogical and psychological science – to society
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымда -
масының“ басты мақсаты болашақ маман-
дардың шығармашылық іс-əрекетін талдау,
синтездеу, əрі логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту, яғни студенттердің оқу жəне оқу дан
тыс үдерісі бойынша ой еңбегімен шұғыл-
дануын қамтамасыз ету, оларды ізденуге,
өзді гінен қорытынды жасауға үйрету болып
отыр [3].
Осыған орай, болашақ мамандарды ғылы-
ми-зерттеу іс-əрекеттеріне баулу, олардың
зерттеу дағдысы мен біліктілігін меңгерту,
бүгінгі жоғары оқу орнындағы білім беру
үдерісінің маңызды міндеті болып саналады.
Үлкен кеңес энциклопедиясында – «іс-
əре кет теориясы» – адамның дүниемен
қарым-қатынас тəсілі. Іс-əрекет барысын-
да адам табиғатты, айнала қоршаған ортаны
иге ріп, шығармашылық тұрғыдан өзгертеді.
Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде
қалып тастырады, ол өзі игерген табиғи ор-
таны іс-əрекет объектісі етеді. Адамның өзге
іс-əрекетінің барлығы (ойын, оқу) екбекпен
тығыз байланысты деген анықтама берілген
[4].
Бұдан біз, педагогика теориясына лайықты
танымның ұстанымы, əдісі, нысаны мен та-
ным амалдары арқылы педагогикалық болмы-
сты өзгеріске түсіруі деп түйіндеп, бұндағы
екі ғылыми мəселенің бірігуін байқаймыз.
Бірінші, зерттеу жұмысының бағытына ла й-
ық ты жағдай жасап, педагогикалық болмыс-
ты танудың кешенді құралдарын айқындау.
Екінші, ұстаным, əдіс, құрал, жүргізу амал-
дары арқылы педагогикалық шындыққа жету
тəсілдерін қолдану. Демек, зерттеуші педа-
гогтың нəтижеге жетуі үшін оның ғы лыми
құрал-жабдықтармен қарулануына жəне түрлі
тəсілдерді əдіснама қорынан таңдап алуына
байланысты. Бұл айнала қоршаған дүниенің,
қоғамның объективтік заңдылықтары мен
құбылыстарын практика жəне теория жүзінде
игертуге жəне өзгертуге бағытталған таным
принциптерінің жиынтығы.
Ал, Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылы-
ми түсіндірме сөздігі Педагогика жəне пси-
хология топтамасында «іс-əрекет – адамның
əлеуметтік-тарихи дамуы барысында қоғам-
дық ерекше қажеттілік ретін дегі теориялық іс-
əрекет, яғни ой ең бегі пай да болған. Іс-əрекет
құрамына – іс-əре кетті қозғаушы түрткі (мо-
тив) іс-əре кет ті бағыттаушы мақсат пен
нəтиже, іс-əре кетті жүзеге асырушы құралдар
қам тыла ды. Іс-əрекет түрткісі адамның түрлі
қажетті лік теріне қызығушылығына, жауап-
кер шілі гіне, сезіміне, санасына қызмет етеді.
Іс-əре кетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрт-
кінің мазмұны мен санасына лайық адамның
тұрақ тылығы байқалады, көздеген мақсатына
жетеді. Іс-əрекеттің мақсаты мен түрткісі –
қиындықтарды жеңіп, нəтижеге қол жеткізу.
Кез-келген іс-əрекет субъект арқылы мақсат,
құрал, үрдіс, нəтижеде көрінеді. Адам
қажеттілігінен туындаған «іс-əрекет» оның
тұлғасын жан-жақты бейнелейді. Қоғамдық
өмірде адам түрткі мен мақсатты өз дамуы-
на байланысты пайдаланады. Жеке адамның
дамуында «іс-əрекет» жетекші рол атқарады.
Адамның іс-əрекеті дене жəне ой еңбегі
арқылы көрінеді. Өнімді еңбек материалдық
құндылықтар, ал ой еңбегі рухани құнды-
лықтар жасайы. Адам үшін ең маңызды іс-
əрекет – үйрену. Тұлға іс-əрекет арқылы
тəжірибе жинақтайды, шындықты игереді,
іскерлігі артады, дамиды» – деген анықтама
берілген. Сонымен қатар «Іс-əрекет педа-
гогикасы» – деген ұғымға да тоқталамыз.
Іс-əрекет педагогикасының негізін неміс
педагогы В.Лай қалады. Оның көзқарасы бой-
ынша тəрбие мен оқытудың негізгі принципі
– əрекет принципі болып табылады. Ол үш са-
тыдан өтеді: қабылдау, қайта өңдеу, əрекет [5].
Педагогикалық іс-əрекет – оқушының
тұлғалық, интеллектуалдық, іс-əрекеттік да-
муына бағытталған, сонымен бірге өзін-өзі
дамытуы мен өзін-өзі жетілдірудің негізі
болып табылатын мұғалімнің оқушыға
(оқушыларға) ықпалы. Педагогикалық іс-
əрекет – аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат
жинақтаған мəдениет пен тəжірибені беруіне
бағытталған, олардың тұлғалық дамуына
жағдай жасап, қоғамда белгілі бір əлеуметтік
роль дерді орындауға дайындайтын əлеумет-
68
№3, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
тік іс-əрекеттің ерекше түрі. Педагогикалық
іс-əрекетпен педагог мамандығын таңдап
алған мамандық иелері айналысады.
Педагогикалық іс-əрекет білім беру меке-
мелерінде, мемлекеттік стандарт, бағдарлама,
нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асы-
рылады.
Педагогикалық іс-əрекет түрлері: тəр-
бие леу; оқыту; дамыту; қоғамдық; өзін-өзі
тəрбиелеу, өзіндік білім алу; ұйымдас ты-
рушылық;
ғылыми-ізденіс;
əдістемелік.
И.Ф.Харламов педагогтың жұмысында бір-
бірімен тығыз байланысқан іс-əрекеттің
мынадай түрлерін көрсеткен [6].
А) Диагностикалық іс-əрекет – білім алу-
шыларды зерттеумен жəне олардың даму мен
тəрбиелік деңгейлерін белгілеумен байланы-
сты. Ол үшін оқытушы бақылай алуы жəне
диагностикалық əдістерді меңгеруі тиіс.
Б) Бағдарлық-болжамдық іс-əрекет нақты
мүмкіндіктерді ескере отырып педагогикалық
процестің мақсат, міндеттерін қою, соңғы
нəтижені болжау.
В) Конструктивті-жобалық іс-əрекет
оқу-тəрбие жұмысын жобалау, білім алу-
шы лардың танымдық қабілетіне сəйкес маз-
мұнды таңдау, оны түсінікті əрі қызықты
түрде жеткізе білу іскерлігінен тұрады. Бұл
іс-əрекет түрі оқытушының шығармашылық
қиялымен байланысты.
Г) Ұйымдастырушылық іс-əрекет оқыту-
шының білім алушыларға əсер ету, соңына
ерте білу, белгілі іс-əрекет түріне жұмылдыру
іскерлігінен тұрады.
Д) Ақпараттық іс-əрекет көбінесе оқы-
ту шының əлеуметтік қызметі іске асырыла-
ды: бізге дейінгі ұрпақтар жинақтаған тəжі-
рибелерді өскелең ұрпаққа тасымал дау. Осы
іс-əрекет барысында білім алушылардың
бойында білім, дүниеге көзқарас жəне адам-
гершілік-эстетикалық идеялар қалыптасады.
Бұл жағдайда оқытушы мəліметті тасымал-
даушы ғана емес, білім алушылардың сенімін
қалыптастырушы да.
Е) Коммуникативтік-ынталандырушылық
іс-əрекет мазмұны оқытушының білім алу-
шылармен қарым-қатынас орната алуында,
олармен түсінісе білуінде.
Ж) Аналитикалық-бағалаушылық іс-əре-
кет кері байланыстан, яғни педагогикалық
процестің тиімділігі мен қойылған мақсатқа
жетуді дəлелдеуден тұрады. Бұл əрекет
педа гогикалық процеске түзету енгізу мүм-
кіндігіне əкеледі.
З) Зерттеушілік-шығармашылық іс-əре-
кет педагогикалық еңбектің шығармашылық
сипатымен анықталады. Бұл іс-əрекетті
нəти желі жүзеге асыру үшін оқытушы педа-
гогикалық зерттеу əдістерін меңгеруі тиіс.
Демек, педагогикалық іс-əрекет барысын-
да мынадай функциялар атқарылады: ақпа-
раттық; дамытушы; бағыт беру; жұмыл-
дыру, зерттеумен қоса оқыту, тəрбиелеу, да-
мыту, қалыптастыру процестерін басқару:
мақсатқа жету, диагностикалау, болжау,
өзінің жəне білім алушының іс-əрекетін жо-
балау жəне жоспарлау; ұйымдастырушылық,
бақылау жəне коррекциялық, аналитикалық
жəне педагогикалық білімді насихаттау –
деп тұжырымдаймыз.
Ендігі кезекте болашақ мамандардың ғылы-
ми зерттеу іс-əрекетімен мазмұндық, мақсат-
тық сипатта тығыз байланысты ұғымдарға
тоқталамыз.
«Зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энци-
клопедиясында» «жаңа білімді өңдеу процесі
жəне таным қызметінің бір түрі болып
есептеледі», – деп анықталған.
Зерттеу – ғылыми əдіс-тəсілдерді қолдана
отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім
қалыптастырумен аяқталатын жүйелі жəне ар-
найы мақсат көздеген объектілермен танысу.
Оның негізінде адам əрекетінің ең қиын түрі
– ғалымның таным қызметі. Танымдық əрекет
білім алушы үшін еске түсіру (репродуктивті)
мен өзгерту (шығармашылық) бағытында бо-
луы мүмкін. Болашақ мамандардың өзгерту
таным əрекеті зерттеу деп аталатын тəсіл
арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық
жəне шығармашылық қабілеті жоғары бола-
шақ мамандардың өздігінен білім алу мүм-
кіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды
олар өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге
асырады.
Зерттеу – танымдық əрекеттің мамандан-
дырылған формасы ретінде ғылымға тəн
69
Педагогикалық жəне психологиялық ғылым – қоғамға/Педагогическая и психологическая наука – обществу
/Pedagogical and psychological science – to society
жаңа білімді өндіру тəсілі. Тікелей қабылдау,
ұғыну, ойлану жəне т.б. зерттеу танымның
мақсаты мен құралын анық бекітуді болжай-
ды, нəтижелерді қайта өндірудің, олардың
дəлелділігі мен шынайылығының əдістемелік
формаларымен бағыт алады .
Зерттеудің өзара эмпирикалық жəне тео-
рия лық деңгейін бөліп ажыратады. Эмпи-
рикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталған
жəне бақылаулар мен тəжірибе мəліметтеріне
сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымның
ұғымдық аппаратын жетілдірумен жəне да-
мытумен байланысты. Оның маңызды байла-
ныстары мен заңдылықтарындағы шынайы
нақтылықты жан – жақты тануға бағыт-
талған. Зерттеудің бұл екі түрі де тығыз
өзара байланыста жəне ғылыми танымның
тұтас құрылымында біріне – бірі ұқсас.
Эмпирикалық зерттеу, бақылаулар мен тəжі-
рибенің жаңа мəліметтерін анықтай отырып,
теориялық дамуды ынталандырады, олардың
алдына жаңа міндеттер қояды. Теориялық
зерттеулер, ғылымның теориялық мазмұнын
толықтырып, нақтылай отырып фактілерді
түсіндіру мен болжаудың жаңа перспектив-
ларын ашады, эмпирикалыққа бағдар береді
жəне бағыттайды.
Əрекет түрі ретінде зерттеу көзі – адам
табиғатына тəн танымға ұмтылыс. «Ғылым
қоршаған дүниені зерттеу сезімінен туады».
А.Энгельгард «үздіксіз ізденіс инстинкті,
белгісізді кішірейту инстинкті əрбір адамның
санасына салынған» деп атап көрсетеді.
Зерттеу əрекет түрі ретінде, жануарлар-
да рефлекстенбеген түрінде де пайда бола-
ды. Сонымен, П.Тейлер де Шарден көпте ген
жануарлар «қоршаған ортаға деген қызығу-
шылықты, оны лəззат ала зерттеумен» білді-
реді деп көрсетеді.
Бүгінгі таңдағы жоғары оқу орны болашақ
мамандардан тек оқу үдерісі барысында жеке-
леген пəндер бойынша алынған білімді ғана
емес, бəрінен бұрын шығармашылық зерттеу
қызметі барысында алынған тұтас ғылыми
білім мен шынайы өмір тəжірибесі негізінде
тұжырымдалған тұтас дүниені сезіну мен
түйсінуді талап етеді.
Жоғары оқу орнында болашақ мамандарды
даярлауда зерттеу əдісін қолдану қажеттілігі
олардың табиғи қызығушылығының жоға-
ры лығымен, қоршаған ортаға деген құштар-
лығының басымдылығымен түсінді ріледі.
Олардың өзіндік зерттеу əрекеті оның өзіндік
талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Сту-
денттер қоршаған ортамен таныса отырып,
өзіндік зерттеу əрекетінің көмегімен жаңа
білімді дайын күйінде емес өзі ашады, ал ол
қəзіргі үш сатылы (бакалавриат, магистрату-
ра, доктарантура) Еуроаплық стантартарға
бағдар ланған оқыту жүйесінің жана талапта-
рына сай келеді.
Зерттеудің жетекші құндылығы – ақиқатқа
жылжу үдерісінің құндылығы болып табыла-
ды. Сондықтанда зерттеу – əлемнің мейлінше
шынайы бейнесін құруға ұмтылатын ғалымды
дамытудың басты құралы. Орыс жəне
əлемдік ғылымның классигі В.И.Вернадский:
«Ғылым əдебиет пен өнерге қарағанда үлкен,
бірегей, ешнəрсемен салыстыруға болмайтын
адамзаттың күрделі əлеуметтік туындысы, ол
бүкіл əлемдік сипат алып тұр. Мемлекеттік
жəне қоғамдық өмірдің формаларымен əлсіз
байланыста. Бұл əлеуметтік жалпы адами
білім, өйткені оның негізінде барлығы үшін
тең міндетті ғылыми фактілер мен жалпы
қорытындысы жатыр» деген [7].
Ғылыми іс-əрекет мамандарды даяр-
лау үдерісінің құрамдас бөлігі бола отырып
оқытушылар мен болашақ мамандардың іс-
əрекетін де қамтиды. Болашақ мамандардың
ғылыми-зерттеу жұмыстары біріккен тұтас
оқу-тəрбие жəне ғылыми-инновациялық үде-
ріс тердің құрамдас бөлігін құрайтын жоғары
оқу орнында білікті мамандарды дайындаудың
міндетті бөлінбес бөлігі болып есептеледі.
Көптеген отандық жəне алыс жақын шет
елдік ғалымдар «ғылыми-зерттеу іс-əре-
кеті» деп «ғылыми-зерттеуді» түсінеді. Бұл
ұғым дардың анықтамасы педагогикалық
энцик ло педияларда, анықтамалық басылым-
дарда жəне Н.В. Кузьмина, А.И. Кочетов,
А.Я. Найн, П.Т. Приходько, В.И. Рузавин-
дердің еңбектерінде берілген[8].
Алайда бұл анықтамалар болашақ маман-
дардың ғылыми-зерттеу іс-əрекетінің ерек-
70
№3, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
ше лігін толық сипаттамайды. Мəселен түрік
ғалымы Бүйік өзтүріктің (1996 жыл) пікір-
інше ғылыми зерттеу іс-ірекеті дегеніміз
– ғылымды игеру барысындағы ұстаным
мен оған сəйкес жасалатын жұмыстар, зерт-
теу тақырыбына байланысты жаңа техно-
логияларды пайдалана білу жəне зерттеуді
оңтайландыратын жолдарды табу болып та-
былады. Болашақ мамандарды зерттеушілікке
баулу тек университет пен колледждердің
ғана мəселесі болмауы тиіс. Бұл, керісінше
қоғамның əрбір құрылымын толғандыратын
мəдени ұстанымға айналуы қажет. Қоғамда
тек зерттеумен айналысатын ғалымдар мен
зерттеушілерді ғана даярлаумен шектелуге
болмайды. Өйткені ашылған жаңалық пен
соңғы технологияларды өндіріске енгізуге
техник мамандар, оны дұрыс бағытта қолдана
білетін менеджерлер дайындау маңызды.
Себебі, аталған кешенді іске мемлекеттен
бастап қатардағы əрбір азамат мұқтаж деуге
болады. Болашақ мамандарды ғылыми зерт-
теу іс-ірекетіне баулу, жалпы мəдениет пен
белгілі бір мамандық аясында жетістікке же-
туге тəрбиелейтін жол. Адамның келешегі
кемел болуы үшін ғылыми зерттеу іс-ірекетті
менгеру жəне қажетті мəселені терең зерт-
теуге тікелей байланысты. Осы жолда
жетістікке жеткен адам, өз өмірін жаңарту
мен жақсартуға қол жеткізеді. Болашақ
мамандардың ғылыми-зерттеу іс-əрекеті
олардың оқу əрекетімен тікелей байланы-
сты. Оқыту процесінің жалпы құрылымына
сүйене отырып, болашақ мамандардың
ғылыми-зерттеу іс-əрекетіне талдау жасайық.
Ю.К.Бабанский бойынша, оқыту процесінің
құрылымы өзара байланысты компонентердің
тұтастай жүйесін білдіреді: мақсатты, ын-
таландырушы-мотивациялаушы, мазмұнды,
операциялы-əрекеттік, бақылаушы-реттеуші,
бағалаушы-нəтижелі [9].
Ғылыми-зерттеу іс-əрекетінің мақсаты мен
міндеттері Мемлекеттік білім стандартының,
кəсіби білім бағдарламасының талапта ры
негізінде, сонымен қатар болашақ маман -
дардың алдағы даярлық деңгейін, ерекшелік-
тері мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде
анықталады.
Мотивациялық компонент ғылыми-зерттеу
іс-əрекетінің міндеттерді шығармашы лық-
пен шешуде болашақ мамандарда қызығушы-
лық пен қажеттіліктерді ынталандыру мен
анықталады. Болашақ мамандардың ғылыми-
зерттеу іс-əрекетінің ішкі мотивация сын
қалыптастыру болашақ маманға зерт теу сипа-
тындағы болашақ кəсіби қызметі не белсенді
енуіне мүмкіндік береді (Ю.К.Бабанский).
Ғылыми-зерттеу іс-əрекетінің мазмұны
туындаған проблеманы шешумен, əртүрлі
ғылыми-зерттеу міндеттерін рационалды
шешу жолдарын іздеумен байланысты. Бұл
жағдайда «оқу проблемасы», «проблемалы
міндет», «ғылыми-зерттеу міндеті» түсінік те-
рін нақтылау қажет.
В.И.
Журавлев,
В.И.
Загвязинский,
А.И. Коче тов, М.Н. Скаткин, З.П. Шульганың
еңбектерін зерттеу жəне талдау ғылыми-зерт-
теу əрекетіне қатысты кезеңдерінің бірінің
мазмұнын төмедегідей мазмұнда нақтылауға
мүмкіндік береді [10].
1.Бағдарлы:
– зерттеу аймағын таңдау;
– проблеманы қою, зерттеу тақырыбын
анық тау;
– зерттеу мақсатын анықтау;
– зерттеу объектісі мен пəнін белгілеу;
– болжамды жасау;
– зерттеу əдістерін таңдау.
2. Орындаушы:
– зерттеу жоспарын өңдеу;
– зерттеу əдістемесін құрастыру;
– əдістемені жүзеге асыру, зерттеу міндет-
терін болжамды дəлелдеу жəне теориялық
негіздеу арқылы шешу;
– қорытындыларды шығару.
3. Бақылау:
– проблеманың табылған шешімінің дəлді-
гін тексеру;
– жалпы объектіні түсіну үшін проблема-
ның табылған шешімінің мəнін анықтау;
– шешімді қолдану сферасын анықтау, нə-
ти желерді тəжірибеге ендіру.
4. Түзетуші:
– қажет жағдайда кезеңдердің əрбіреуінің
жағдайларын толықтыру жəне нақтылау.
71
Педагогикалық жəне психологиялық ғылым – қоғамға/Педагогическая и психологическая наука – обществу
/Pedagogical and psychological science – to society
В.И. Андреевтің еңбектерінде ғылыми
зерт теу іс-əрекетінің «бастаушы» кезеңі тер-
мині қолданылады. Бұл кезеңде зерттеу про-
цесінде пайда болған проблемалы ситуация
жеке проблема ретінде қабылдануына үлкен
мəн беріледі. Басқаша айтқанда, проблема-
лы ситуацияның өзі зерттеу процесінің қоз-
ғаушысы, тек сыртқы фактор ретінде, оны тұл-
ғаның іштей ұғынып қабылдауы маңызды [11].
Достарыңызбен бөлісу: |