ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМДІ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында педагогикалық білімнің модернизациясы жүйесінің кон-
цептуалды негіздері ашылыды, мақала авторлары əлемдік үрдіс негізінде, республикада айтылмаш фе-
номен дамуының тақты жағдайларын, елімізде оны жетілдірудегі стратегиялық бағыттарын анықтайды.
Түйін сөздер: модернизация, педагогикалық білім, кəсіби дайындық, əлемдік үрдіс, стратегиялық
бағыт, мұғалім моделі.
Б
ілім – ұлттың зияткерлік əлеуетін
қалыптастыратын сала. Білім беру
жүйесінің реформалануы ХХІ ғасырдың ба-
сында əлем қауымдастығының көкейкесті
мəселесіне айналды. ЮНЕСКО мəліметтері
бой ынша əлемдік өркениет құндылықтары-
ның қайта бағалануы нəтижесінде қоғамда
табиғат, əлеумет əлемімен жəне өзінің ішкі
дүниесімен үндестікте өмір сүріп, əлеу-
меттік ілгерілеу үдерістеріне белсенді қаты-
наса алатын, ғаламдық деңгейде ойлауға
қабілетті адамды тəрбиелеу қажеттігі пай-
ымдала бастады. Осыған орай, адамның
өмірден өз орнын табуына ықпал ететін
тұлғалық сапалар бағдары қазіргі əлемдегі
білімнің бірегей сипатын айқындай отырып,
кəсіптік-педагогикалық білімді жаңғыртудың
құндылықты-нысаналы негізін құрауы тиіс.
Педагогтар қауымының назарына елі міз -
дегі педагогикалық білімді жаң ғы ру мəсе ле-
леріне байланысты заманауи зерттеу лердің
нəтижелері ұсынылады. Қазақстан дағы педа-
гогикалық білімнің көшбас шысы – Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни-
вер ситеті үшін бұл мəселе қашан да басым
мəнге ие. Сонау 2000 жылы іргелі зерт теу
жобасы аясында ЖОО ректоры, академик
Т.С. Садықовтың жетекшілігімен бір топ
ғалым (Қ.Қ. Жампейісова – жоба ның қосалқы
жетекшісі, Н.Д. Хмель, Н.Н. Хан, А.А. Бей-
сенбаева, С.И. Қалиева, Р.Б. Мұхитова)
Үздік сіз педагогикалық білім тұжырым-
дамасы мен Қазақстан Республикасы жоғары
педа гогикалық білімінің тұжырымдамасын
дайындаған болатын.
Бұл құжаттарда үздіксіз жəне жоғары педа-
гогикалық білімнің мақсаты мен мін дет-
тері, жаңа заманға лайық мұғалімнің кəсіп тік
дайындығына қойылатын талаптар анық талып,
үздіксіз педагогикалық білім мен кəсіптік
міндеттерді, соның ішінде 12-жылдық орта
білім міндеттерін жаңа дең гейде жүзеге асы-
ра алатын мұғалімнің кəсіптік дайындығының
құрылымдық-маз мұн дық моделі ұсынылған еді.
35
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
Тұжырымдамалардағы жетекші идеялар-
дың бірі педагогикалық ЖОО-лардың бағ-
дарын өзгертіп, өзіндік ойы бар, алды на
мақсат қоя білетін, оқу үдерісін жоспар-
лап, жүзеге асыруға, оқушылардың бойында
негізгі құзіреттерді барынша қалыптастыруға,
сыныпта мамыражай ахуалды орнатуға дай-
ын əрі қабілетті, өз қызметінің нəтижелерін
бақылап, бағалауға, жас қазақстандықтарға
рухани-адамгершілік, азаматтық-патриот тық,
экологиялық жəне денсаулық сақтау тұрғы-
сында тəрбиелеуге қабілетті мұғалім дерді
дайындауға бет бұру болатын.
Тұжырымдамалар республикалық педа-
го ги калық басылымдарда («Қазақстан мұға-
лімі», «Казахстанская правда» газеттері,
«Высшая школа Казахстана» журналы) кеңі-
нен талқыланып, «Педагогикалық білім сапа-
сы: мəселелері мен даму перспективалары»
(18-19 мамыр 2004 ж.) атты халықаралық кон-
ференцияда таныстырылымы өтті. Педагогтар
қауымы бұл құжаттарды мақұлдап, ҚР Білім
жəне ғылым министрлігіне ұсынуды қолдады.
2005 жылы 21 желтоқсанда ҚР БҒМ Алқа-
сында Тұжырымдамалар бекітіліп, осы бекі-
тіл ген Тұжырымдамалардың жетекші қағи-
да лары негізінде 2007-2008 оқу жылынан
бастап Қазақстан ЖОО-ларында жоғары
педагогикалық білім стандарттарын жасап,
қолданысқа енгізу туралы шешім қабылданды.
ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің 2006
жылғы 4 қаңтардағы Бұйрығымен аталған
Алқаның шешімдерінің жүзеге асырылуы та-
лап етілді.
«ҚР білімін дамытудың 2005-2010 жж.
арналған мемлекеттік бағдарламасындағы»
«Педагогикалық кадрларды дайындау, қай-
та дайындау жəне біліктілікті арттыру» тар-
мағына Үздіксіз педагогикалық білім тұжы-
рымдамасы мен Қазақстан Респуб ликасы
жоғары педагогикалық білімі тұжырым дама-
сының кейбір ережелері енгізілгенін атап
өткен жөн.
Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика
кафед расы
ғалымдарының
Мемлекеттік
жалпы ға міндетті білім беру стандартын
(МЖМБС) жəне «Педагогикалық кəсіпке
кіріспе», «Адамзат тарихындағы мектеп пен
педагогикалық ойдың дамуы», «Педагоги-
ка», «Тəрбие жұмы сының əдістемесі» педа-
гогикалық пəндері мен үздікіз педаго гикалық
практика бойынша типтік оқу бағдар-
ламаларын əзірлеуі – аталған Тұжырым-
дамаларды жүзеге асыру бойынша жасалған
нақты қадамдар. Тұжы рымдамалардың негізгі
ережелерін енгі зу дегі елеулі нəтижелердің
бірі жаңа ұрпаққа арналған «Педагогика»
(қазақ жəне орыс тілдерінде) оқулығының
дайындалуы болып табылады. Сонымен бірге
бұл Тұжырым дамалар осы уақытқа дейін
тиісті дең гей де жəне толыққанды жүзеге
аса қойған жоқ. Əлеуметтік-экономикалық
жағдайдың өзге руі не орай жəне еліміздің
Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жолдаула-
ры мен бірқатар қабыл данған стратегиялық
құжаттарға сəйкес Үздіксіз педагогикалық
білім мен Қазақстан Республикасы жоғары
педагогикалық білімі Тұжы рымдамаларының
(2005 ж.) бүгінгі күн де маңызын жоғалтпаған
жекелеген идеяларын, позицияларын сақтай
отырып, кейбір ере желеріне түзетулер мен
толықтырулар енгі зу қажет.
ҚР жоғары педагогикалық білімін жаңғыр-
тудың негізгі ережелері мен тұғырларын дай-
ындаудың өзектілігі жоғары педагогикалық
мектептің үздіксіз күрделену үстіндегі заман
талаптарына жауап бере алмайтындығына
байланысты. Сондықтан жоғары дəрежелі
кəсіптік-педагогикалық құзіреттерге ие, педа-
гогикалық инновацияларға бейімделіп, олар-
ды жоғары деңгейде қолданысқа енгізе ала-
тын, қоғамның белсенді субъекті сапасындағы
адамды рухани дайындап шығару міндетін
жүзеге асыра алатын педагогты даярлау –
қазіргі Қазақстанның ұлттық білім беру сая-
сатының көкейкесті мəселесі.
Президенттің 2010 жылғы 1 ақпандағы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейінгі дамуының стратегиялық жоспары ту-
ралы» Жарлығында былай делінген:
– 2015 жылға қарай Қазақстанның жоға-
ры мектебі Болон үдерісінің негізгі пара-
метрлеріне сəйкес тиімді əрі табысты жұмыс
істеуі керек;
36
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№3, 2015
– 2020 жылға қарай Қазақстанның жоғары
білімінің сапасы білім саласындағы озық
əлемдік тəжірибелерге сай болуы тиіс;
– отандық жоғары оқу орындарының
түлек тері сұранысқа ие əрі бəсекеге қабілетті
бол уы керек [1].
Педагогикалық кадрлар дайындығын за-
ман талабына сай жаңарту мəселесі тек
Қазақстанда ғана емес, əлемнің өзге елдерінде
де өзекті мəнге ие. Осы мəселені шешу жо-
лында əр ел өзінше қадамдар жасап жатыр.
Қазақстандағы жоғары мектепте болашақ
педагогтарды оқыту мен тəрбиелеу үдерісін
кемелдендіру бірдей басым бағыттар бой-
ынша іске асуы керек. Бұл Қазақсанның
ғаламдық білім кеңістігіне өзгелермен тең
дəрежеде кірігуіне негіз болады [2, 3, 4].
Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, тұтас тай
білім берудің жəне жекелей алғанда педа-
гогикалық білімнің маңызды əлемдік үрдіс-
тері төмендегідей.
1. Дамыған елдердің мемлекеттік саяса-
тында білім беру басты басымдыққа айнал-
ды. Экономикалық жəне ғылыми-техникалық
прогресс жағдайында адамзат капиталын
қалыптастырушы білім қоғам дамуының
басты қозғаушы күшіне жəне осыған орай
мемлекеттердің ұлттық саясатының басым
бағытына айналады.
Кəсіптік білімнің негізгі мақсаты – қатаң
жоспарланған білім, білік, дағды көлемін
игерген маман емес, өз білімін үздіксіз толық-
тыруға жəне тереңдетуге, жалпы теориялық
жəне кəсіптік деңгейін арттыруға қабілетті,
өзін қияндықтарды еңсеруге жан-жақты дай-
ындай алатын, сыртқы əсер-ықпалға бағынбай
шешім қабылдай білетін маман тұлғасы.
Ұдайы құбылып отыратын əлеуметтік өмірде
өзінің негізгі қызмет саласын таңдаудағы оның
сенімділігі өзі қалыптастырған тұлғалық мəн-
мағыналар арқылы анықталады. Шынайы
өмірде туындайтын жағдаяттарға өзіндік көз-
қарасын айқындау, жинақталған тəжі рибені
пайымдау арқылы адам өзін-өзі тани отырып,
өз қабілеттерін бағамдайды.
Сондықтан кез келген кəсіптік бейіннің,
соның ішінде педагогикалық кəсіптің ма-
маны жоғары деңгейде дамыған, кəсіптік
қызмет үдерісінде өзінің дербестігі мен қай -
та ланбайтындығын, өз өмір сүру амал-тəсіл-
дерін жеткізетін белсенді субъект ретінде
қарас тырылады. Осы орайда бола шақ маман-
ның «өзінің жеке кəсіптік ойы ның, əреке тінің,
қызметінің стратегиясын қалып тас тыра ала-
тын» іштей анықталған белсен ді лік деңгейі
сөз болып отыр. Координаттардың осы
жүйесінде білім берудің ең жоғарғы мақсаты
болашақ маманның кəсіптік-тұл ғалық дамуы
мен өзін-өзі дамытуы болып табылады.
Сондықтан да кəсіптік білімде, соның
ішінде педагогикалық білімде маманды функ-
ционалдық даярлау тұжырымдамасынан
оның тұлғасын дамыту тұжырымдамасына
бір тіндеп көшу үдерісі орын алған. Жаңа
тұжы рымдама білім берудің индивидуалды
сипатына негізделген. Осыған сəйкес əрбір
жеке адамның мүмкіншіліктері ескеріліп,
оның өзін-өзі дамытуына жол ашылады.
Сонымен бұл – адамзаттық негізі басым,
заманауи мамандарды тəрбиелеуде жаңа
гуманистік бағдар мен гуманитарлық ыңғай-
ды қалыптастыруды талап ететін тың үрдіс.
Осыған орай болашақ маманның субъекті-
лігін дамыту, өзіндік даму жолдарын еркін
түрде таңдауына мүмкіндік беретін тұлғалық
жəне кəсіптік сана-сезімі мен өзін-өзі тану-
ын, рефлексивтік мəдениетін қалыптастыру –
педагогикалық білімнің өзекті мəселелерінің
бірі болып табылады.
Сондықтан білім беру бүгінгі таңда эко-
но мика мен қоғамның жаңа сапасын қалып-
тастырудағы маңызды фактор ретін де; тұл-
ғаның өзін-өзі танытуының, өз мүмкін діктерін
іске асыруы мен өмірден өз орнын табуының
амал-тəсілдері ретінде; əсіресе нарықтық эко-
номика жағдайында тұлғаның тұғырлылығы,
əлеуметтік қорғанысы мен бейімделуіне
қажет жағдай ретінде зерделенеді. Себебі
адам өз қабілет-мүмкіндіктерін еңбек бары-
сында, ең алдымен, кəсіптік еңбекте ашады
[5, 6, 7, 8].
2. Жаңғырту (модернизация) педагоги-
калық білім сапасын арттырудың негізі
ретінде. Жоғары білімнің сапасы мемлекет-
37
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
тік бəсекедегі басты артықшылығына, қоғам-
ның барлық салалар бойынша ұзақ мер зімді
дамуының маңызды көрсеткішіне айналып
келеді. Əлем қауымдастығы білім сапасын
мемлекеттер арасында өзара сенім ді қарым-
қатынас орнатудың міндетті алғы шарты,
сондай-ақ түрлі білім салалары арасындағы
қатыстылық, жан-жақтылық, салыс тырма лы-
лық пен оңтайлылықтың алғышарты ретінде
қарастырады.
Педагогикалық білім сапасының маңыз-
ды индикаторлары ретінде педагогика лық
қызметке ынталы талапкерлерді (аби ту-
риенттерді) іріктеу; профессорлық-оқы ту шы-
лық құрамның деңгейі; кəсіптік дайындық тың
мазмұны, оның ұйымдас тырылуы, ЖОО-дағы
білім беру үдерісінің ғылыми-əдіс темелік
жəне материалдық-техникалық қамсыз дан-
дырылу жағдайлары зерделенеді.
Педагогикалық білімнің жаңғыруы нəти -
жесінде білім берудегі жаңа сапаға қол
жеткізілуі тиіс. Педагогикалық білім нің
жүйелі жаңғыруы келесі «сапалы өзгеріс-
терге» бағытталған практикалық міндет
ретінде қарастырылуы керек: жүйе ұзақ мер-
зімдік əлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізуге
бағытталуы тиіс; білімге негізделген жаңа
экономика мен қоғамның негізгі сипатта-
маларын бейнелеуі керек, яғни қолайлы,
инновациялық, толассыз құбылыстарға сай
өзгерімпаз болуы керек. Мұғалімнің кəсіптік
дайындығының сапалық тұрғыда қайта
құрылуы мен жаңаруы əлеуметтік-мəдени,
жүйелі-нысаналы, тұлғалық-əрекеттік, мəде-
ниет танушылық, көпмəдениеттік, аксиоло-
гиялық, акмеологиялық, құзіреттілік жəне
өзге ыңғайлар негізінде жүзеге асуы тиіс [9,
10, 11, 12].
3. Құзіреттілік ыңғай. Білім беру маз-
мұнындағы теориялық жəне тəжірибелік
білімнің бөлінісіне – практикалық білім
мен дағды-машық үлесін көбейтуге, игер-
ген білімді іс жүзінде пайдалану тəжіри бесін
меңгеруге, осы тəжірибеге деген эмоцио-
налды-бағамдау, рефлексивтік қатынасты
дамытуға бағытталған құзіреттілік ыңғай
білімді тұтастай жаңғыртудың бағытын
айқындаушы негізгі векторға айналды. Де-
мек, педагогикалық білімнің тұтас мазмұны
оқып-үйренуге бейімділік пен кəсіптік реф-
лексияға негізделген функционалды сауат-
тылығы жоғары деңгейлі, құзіретті педагогты
дамытуға бағытталады [13, 14, 15, 16].
Жаңашылдықты енгізудің табысты болуы
педагогтардың сана сферасындағы өзге ріс-
термен, олардың инновативтілігінің дең-
гейі мен тығыз байланысты. Осы орайда
инновативтілік өз тəжірибесін қайта пайым-
дауға ұмтылыс, жоғары зияткерлік əлеует,
жаңашылдыққа деген зерделі қызығушылық,
білім алушыны оқыту мен тəрбиелеудегі сте-
реотиптерден бас тарту арқылы сипатталады
[17, 18, 19, 20].
Педагогтың түйінді, базалық, пəндік құзі-
реттерді сəтті игеруі оның білім беру қызметі
саласындағы бəсекеге қабілеттілігін күшейте
түседі.
Білім алушылардың əлеуметтік тəжірибені,
жүйелі білім мен дағды-машықтарды, түйінді
жəне пəндік құзіреттерді игеру үдерісі жəне
соның нəтижесі болып табылатын білім
ұлттың жасампаздық қасиетін арқау етеді.
4. Білімнің ұлттық маңызын артты-
ру. Көпмəдениетті (көпэтникалық, көптілді)
ортада белсенді өмір сүріп, түрлі мəдени
мəн-мағыналарға қол жеткізу үшін сали-
халы сұхбат құра алатын ұлттық мəдениет
адамын тəрбиелеу қазіргі педагогикалық
білімнің алдына қойылған міндеттердің бірі
болып табылады. Болашақ педагогтың бой-
ында азаматтылық, ізгілік, жауапкершілік пен
төзімділік, мəдениетаралық қарым-қатынас
жасау қасиеттерін тəрбиелеу – бүгінгі заман
талабы [21, 22, 23, 24].
5. Мұғалімдерді дайындаудың үздік-
сіздігі мен тəжірибелік бағыт-бағдары.
Бола шақ мұғалімді даярлау үздіксіз педа-
гогикалық білім сипатына ие. Ол педаго-
гикалық колледждерде, институттарда, уни-
верситеттерде жүзеге асырылады. Білім
беру дің үздіксіздігі педагогтың кəсіби дең-
гейін ұдайы жоғарылатудың алғышарты
ретінде зерделенеді. Білімнің «өмір бойы
білім алу» сынды өзгерген парадигмасы-
38
№3, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
на сəйкес мұғалімді кəсіптік-педагогикалық
дайындаудың мақсаты қайта пайымдалуда,
педагогикалық білімнің мазмұны біліктілікті
арттырудың арнайы ұйымдастырылған фор-
малары аясында да, өздігімен ұдайы білімін
жетілдіру арқылы да жаңаруда.
Мұғалімдерді дайындаудың тəжірибелік
бағыт-бағдары. Бұл үрдіс педагогты оқыту
мерзімінің ұзаруынан аңғарылады (АҚШ-
та 4-5 жыл, Ұлыбританияда – 3-5 жыл).
Білім беру үдерісінде үздіксіз педагогикалық
тəжірибелер жүйесі жетекші рөлге ие.
Педагогикалық тəжірибеден өту мерзімі 25-32
аптаны құрайды жəне бұл оның бейімдеушілік,
дамытушылық,
коммуникативтік,
оқу-
тəрбиелік, зерттеушілік функцияларын ба-
рынша пайдалану қажеттігіне байланысты.
Кəсіптік дайындық мазмұнына қосымша
педагогикалық техниканың, технологиялар
мен əдістердің сан-саласын игеруге бағыт-
талған [24, 25, 26, 27, 28].
6. Ізгілендіру (гуманизация) жəне гу-
манитаризация. Педагогикалық білім беру
жүйесі гуманитарлық феномен ретінде пай-
ымдалады (батыс демократиясының қалып-
тасқан құндылықтарына – адам құқығын, тұлға
дербестігі мен еркіндігін, жауапкершілікті,
өзара мүдделестікті, төзімділікті мойындауға
негізделген). Осы орайда ол тұғырлы негізі
– болашақ педагогтың рухани əлемін, адам-
гершілік ой-сананың, гуманитарлық мəде-
ниетін қалыптастыру болуы тиіс. Ізгілендіру
əрбір педагог пен білім алушының дербестігін
назарға алуды, олардың ішкі əлемі мен рухани
мүддесіне көңіл бөлуді, мұғалімнің қоғамдағы
биік бедел-абыройы мен əлеуметтік қорғау
кепілдігін алға тартады. Гуманизм идеясының
оқыту мен тəрбие мазмұнында, формалары
мен əдістерінде тұтастай қамтылуы білім беру
үдерісінің субъектілерін өзара сыйластық пен
ынтымақтастық қарым-қатынасқа жетелейді
[24, 25, 26, 27, 28].
7. Педагогикалық білім жүйесінің көп
деңгейлігі, қолайлылығы мен көпнұсқа-
лылығы: а) мұғалімдерді дайындау көпдең-
гейлі негізде жүзеге асырылады: бакалавр
– гуманитарлық ғылымдар магистрі/ нақты
ғылымдар магистрі, оқу мерзімі 5 жылға
дейін; б) оқудың вариативтілігі қамтамасыз
етіледі – тұлғаның шығармашылық əлеуетін
мейлінше толымды түрде іске асыруға
жол ашатын түрлі білім беру жəне кəсіптік
бағдарламаларын таңдау мүмкіндігі; в)
педа гогикалық білімнің қолайлы жүйесі
қалыптастырылады. Қоғамның əлеуметтік-
мəдени даму деңгейін ескере отырып, жара-
тылыстану мұғалімі (химия, физика, биоло-
гия), гуманитарлық ғылымдардың мұғалімі
жəне т.б. интеграцияланған (үйлестірілген,
кең бейінді) дайындық іске асырылады;
инклюзивтік білім саласындағы қызметтер
үшін педагогикалық кадрлар дайындау бой-
ынша мамандандырылған бөлімдер ашыла-
ды; г) бірыңғай пəндер факультетінен бас
тарту үрдісі үйлестірілген оқудың пайдасы-
на қызмет етуде. Университеттерде дəстүрлі
педагогикалық бөлімдермен қатар мұғалімдік
кəсіпті игерудің альтернативті жолдары да
дамып келеді (жоғары білім базасындағы
«лицензияланған
мұғалім» (licensed),
«жан-жақты дайындықтан өткен мұғалім»
(articulated) бағдарламалары мен аймақтық
орталықтарда (Батыс Еуропа) қосымша білім
алғаннан кейін кəсіптік дайындық туралы
сертификаттар алу); д) педагог-стажер не-
месе мұғалімнің көмекшісі ретінде кəсіпке
бейімделуге арнайы уақыт бөлінген (1 жыл-
дан 3 жылға дейін). Кəсіптік бейімделу түрлі
формаларда жүзеге асады: сынақ жылы (Ан-
глия), тьюторинг, менторинг (АҚШ), ұстаздық
ету (Жапония); е) мектеп сыныбындағы
мұға лім функциялары да өзгеруде: ол білім-
ді тасымалдаушыдан оқушылардың өз
бетінше жүзеге асыратын танымдық іс-
əрекет терін ұйымдастырушыға жəне ынта-
лан дырушыға айналуда. Мұғалім келесі
типтері айқындалған: «рефлексивті практик-
зерттеуші», «байланыстырушы мұғалім»,
«мұғалім-техник», «мұғалім-шығармашылық
практик», «мұғалім-рефлексивті практик»,
«мұғалім-əлеуметтік өмірге белсенді қаты-
насушы», «мұғалім-тұлға» [24, 25, 26, 27, 28].
8. Білім беруде жаңа ақпараттық жəне
коммуникативтік
технологиялардың
39
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
(АКТ) пайдаланылуы. Қазір əлемде оқудың
қарқынына (қажет ақпаратты алу жылдам-
дығы) жəне интерактивті сипат алуына елеулі
əсер ететін ұдайы жаңару үстіндегі телеком-
муникация құралдары мен ақпараттық тех-
нологиялар негізінде біртұтас ғылыми-білім
беру кеңістігі түзіліп жатыр. ЮНЕСКО-ның
пікірінше, ақпараттық жəне коммуникативтік
технологияларды (АКТ) кеңінен пайдала-
ну арқылы мұғалімдердің сандық, сапалық
жəне кəсіптік дамуы мəселелерін шешуге
болады. Дамыған елдерде мұғалімдердің
құзіреттілігінің АКТ құрылымы бойынша
Салалық ұсыныстар пайдаланылады. Оның
негізгі өзегін педагогтардың кəсіптік, əлеу-
меттік жəне АКТ құзіреттіліктерін өзара бай-
ланыстыратын тəжірибелік дағды-машық-
тар мен құзіреттер жиынтығы құрайды.
Осы орайда құзіреттіліктер жүйесі үш топқа
топтастырылған: технологиялық (сан дық)
сауаттылық, ақпараттық-медиалық сауат-
тылық ұғымы арқылы бейнеленетін білімді
игеру (тереңдету) жəне білімді жасау (генера-
ция) [29].
9. Мұғалімді кəсіптік дайындаудағы
ЖОО мен мектеп ынтымақтастығы. Түрлі
типтегі мектептерде жұмыс істейтін мұға-
лімдерді тəрбиелеу мен кəсіптік жетілдіру
орталығы ретіндегі ЖОО-ның рөлі артып
келеді. Педагогикалық білімнің барлық дең-
гейлері бойынша мұғалімдерді даярлаудың
тиімділігіне жауап беретін ғылыми-зерттеу
орталықтары немесе жоғары оқу орындары
ашылуда.
Болашақ мұғалімдерді даярлау ісінде серік-
тестікке тəжірибелі педагогтар тартылып,
кəсіптік дайындық орталықтары мектептерде
көшірілуде (Франция). Дайындық жоспарын-
да институттағы сабақ пен институт тора-
бына қарасты мектептегі тəжірибе кезеңдері
қамтылады (АҚШ) [24, 25, 26, 27, 28].
10. Мұғалім дайындығына үміткерлерді
іріктеу. Əлемдік тəжірибеде мұғалімдік қыз-
метке үміткерлерді іріктеу мұғалімнің кəсіп-
тік дайындығы жүйесінің маңызды бөлі-
гін құрайды. Оның екі негізгі моделі бар.
Алғашқы модель бойынша болашақ мұға-
лімдерді іріктеу университеттердің педа-
гогикалық факультеттеріне түсу сатысында
жүзеге асырылады. Дүниежүзілік білім беру
жүйесінде жиі ұшырасатын екінші модель
бойынша үздік түлектерді оқу аяқталған соң
мұғалімдік қызметке іріктеу көзделеді. Алай-
да зерттеу мəліметтері бойынша, мектептегі
білім берудің тиімді жүйелері бірінші модель-
дің түрлі нұсқаларын таңдауды жөн көреді
(оқуға түсу кезінде тікелей бақылау жасау
немесе мектептердің нақты сұранысына орай
педагогикалық дайындық курстарындағы
орындар санын шектеу [24]. Əлемнің озық
білім жүйелерінде оқытушылық қызметке,
мұға лімдік кəсіпке мейлінше дарынды адам-
дар алынады. Осы орайда бизнесте қол-
данылатын кейбір маркетингтік жəне рекру-
тингтік тəсілдер пайдаланылады, педа го-
ги калық ЖОО-ларға түсетін орта мектеп
түлектері үшін белгілі бір жеңілдіктер бо-
лады, озат оқушылар қабылдау емтиханын
тапсырмастан оқуға қабылдануы мүмкін,
мемлекеттік педагогикалық ЖОО-ларда оқу
тегін бола бастады [24, 25, 26, 27, 28].
Достарыңызбен бөлісу: |