Бақылау сұрақтары: 1. Психология пәнін анықтаудағы күрделілік қандай көрініс табады?
2. Сізге бейнелеудің қандай түрлері белгілі және олардың ерекшелігі неде?
3. Психология бейнелердің қай түрлерін зерттейді?
4. Психологиялық білімнің қандай түрін ғылыми және тұрмыстық деп атайды?
5. Психикалық құбылыстар қандай жерлерде зерттеледі және адамдар өмірінде қалай қолданылады?
6. Психология пәнін толық түсіну не үшін қажет?
7. Психологиялық зерттеулердің қандай әдістерін білесіз?
Әдебиеттері: Гальперин П.Я. Лекции по психологии: Учебное пособие для студентов вузов. - М., 2002.
Кез-келген танымдық процесс бейнелеу және реттеу қызметін атқарады. Бірақ бейнелеу қызметінен басым процестер (танымдық процестер) және реттеу қызметінен басым психикалық процестерді (эмоция, ерік) бөліп көрсетуге болады.
Танымдық процестер жүйесіне (ТПЖ) келесі процестер кіреді:
түйсік және қабылдау;
зейін;
ес;
қиял;
ойлау;
сөйлеу;
эмоция.
ТПЖ-нің барлық блоктары үнемі өзара әрекеттесу процесінде болады және танымдық іс-әрекеттің бірлігін қамтамасыз етеді. ТПЖ өзара әрекеттесу процесінде үнемі аралық нәтижелер көрінеді.