Ес - бұл бейнелеудің интегралды іздік формасы. Ол кез-келген психикалық процестің негізінде жатыр. Ес психикалық өмірді ұйымдастырудың негізгі формасының бірі болып табылады. Есті танымдық процестердің ядросы деп атайды.
Шығуы бойынша естің екі түрін ажыратады: генетикалық (тұқым қуалайтын) және өмір кезіндегі ес. Өмір кезіндегі еске қозғалыс, образдық (көру, есту, кинестетикалық және т.б.), эмоционалды, символикалық (сөздік, логикалық) және еріктік ес кіреді.
Ақпаратты сақтау ұзақтығы бойынша естің келесі деңгейлерін ажыратыды:
1) Кенеттік ес сезу мүшелерінің инерциялығымен байланысты. Бұл ес ерікті басқаруына келмейді. Кенеттік есте бейне константты емес - бұл қабылдау бейнесі емес, түйсік бейнесі. Кенеттік ес әлемнің бірегейлі қабылдауын қамтамасыз етеді;
2) Қысқа мерзімдік ес. Бұл жерде зейіні аударылған ақпарат сақталынады. Ақпарат өзгерілмейтін күйінде қалмайды, ол өңделеді және интерпретацияланады. Қысқа мерзімді ес үшін қайталау мен символизация арқылы ерікті басқару мүмкіншілігі бар. Қысқа мерзімді ес көлемі – 7±2;