«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2023



бет6/67
Дата25.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#127756
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

Кеңістікті қабылдау. Кеңістікті қабылдау өзіне қабылдаудың формасын, көлемін, сонымен қатар, затқа дейінгі қашықтықты қосады.
Формасын қабылдау негізгі үш факторлар тобының қатысуымен анықталады:

Заттардың көлемін қабылдау көз торындағы бейненің параметрлеріне байланысты. Заттардың көлемін қабылдауға көз бұлшық еттері, қол және тағы басқа дененің мүшелері қатысады. Егер адам обьектіге дейінгі арақашықтықты дұрыс бағалай алатын болса, онда қабылдаудың константтылығы заңы жүзеге асырылады.
Бұлшық еттердің қозғалысы да қабылдаудың тереңдігіне қатыса алады. Тереңдікті көзбен бағалауға аккомодация және көздің конвергенциясы әсер етеді. Аккомодация – алыста және жақында орналасқан обьектілердің детальдарын анық қабылдаудағы көзді түзеу кезіндегі көз жанарының өзгеруі, ал конвергенция – обьектілердің жақындауы немесе алшақтауы қабылдау кезінде болатын көз осьтерінің жақындауы немесе алшақтауы. Бұл процестер шектеулі “жұмыс істейді”: аккомодация үшін 5-6 метр, ал конвергенция үшін 450 метр.
Үлкен қашықтықты бағалау кезінде адам оң және сол көз торында өзара орналасқан обьектілер туралы ақпаратты қолданады.
Қозғалысты қабылдау. Қозғалысты қабылдау бағдарлану реакциясының нейрофизиологиялық аппаратына кіретін жаңамен немесе қозғалыстың нейрон-детекторларымен констатацияланады.
Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау механизмі көбіне “биологиялық сағатпен” байланыста болады – адам ағзасында болатын биологиялық процестердің бірізді және ритмикалық ауысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет