«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2023



бет4/67
Дата25.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#127756
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

Түйсік – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін бейнелейтін қарапайым процесс. Басқа сөзбен айтқанда, адам қоршаған ортаның барлығын түйсінеді.
Түйсік пен қабылдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кез-келген түйсінуді қабылдауға, тұтастай қабылдауға дейін жеткізуге болады.
Қабылдау – қоршаған орта заттары мен құбылыстарының барлық қасиеттерінің жиынтығын кешенді бейнелеу процесі.
Қалыпты жағдайда адамда түйсінудің бес негізгі түрін бөліп көрсетуге болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу – адамның сыртқы ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Көру және есту қалыпты жағдайда қабылдау ретінде болады. Көру және есту анализаторлардың көмегімен жүзеге асатын жалпы физиологиялық механизмдерге ие.
Түйсіктің модалдылығы бойынша жіктелуі кең тараған болып табылады (сезім мүшелеріне тән). Түйсінудің осы критерилеріне сәйкес келесі түрлерге бөледі: көру, есту, вестибулярлық, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу, қозғалыс, висцералдық. Интермодалды түйсіну де бар – синестезия.
Ч. Шерингтонның түйсікті жіктеуі де танымал, ол келесі түрлерге бөледі:

  • Экстероцептивті түйсіну дененің сыртқы бетінде орналасқан рецепторларға сыртқы тітіркендіргіштердің әсер ету кезінде пайда болады;

  • Проприоцептивті (кинестетикалық) түйсіну бұлшықет, буындарда, сіңірлерде орналасқан рецепторлардың көмегімен дене бөліктерінің қозғалысын бейнелейді;

  • Интероцептивті түйсіну арнайы рецепторлардың көмегімен ағзадағы алмасу процесін бейнелеу кезінде пайда болады.

Түйсіктің барлық түрлері ортақ психофизиологиялық заңдылықтарға бағынышты.
Қандай да бір түйсінудің пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір көлемдегі қарқындылыққа ие болуы керек. Әлсіз байқалатын түйсінуді шақыратын тітіркендіргіштің минималды көлемі түйсінудің абсолютті төменгі табалдырығы деп аталады. Бұл әлсіз тітіркендіргіштерді сезіну қабілеттілігі абсолютті сезгіштік деп аталады. Ол әрқашан абсолюттік сандарда көрінеді. Мысалы, түйсінудің пайда болуы үшін 1 кв.мм денеге 2 мг-дық әсер ету болса жеткілікті.
Абсолютті сезгіштікпен қатар айырма сезгіштікті де бөліп көрсетуге болады - әр түрлі интенсивтегі әсер етуге сезімталдылық. Айырма сезгіштік түйсіктің болар-болмас айырмашылығын тудыратын екі тітіркендіргіштің минималдық айырмасын шақыратын айырма табалдырықпен сипатталады.
Айырма табалдырық – бұл берілген тітіркендіргіш күшіндегі түйсінудің әлсіз өзгеруін алу үшін алғашқы тітіркендіргіш күшін қосу (немесе төмендету) керек. Мысалы, 1 кг жүктің үстіне 10 гр қосса, айырмашылығын ешкім сезбейді; салмақтың артқанын сезу үшін алғашқы салмақтың 1/3 бөлігін қосу қажет, яғни 33 г. Сонымен жүк ауырлығына қатысты айырма табалдырық алғашқы тітіркендіргіш күшінің 1/30 бөлігіне тең. Айырма табалдырыққа қатысты сауленің жарықтығы 1/100-ге; дауыс күші 1/10-ға; дәм сезу 1/5-ке тең. Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан Бугер мен Вебер болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет