«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2023



бет22/67
Дата25.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#127756
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

Бақылау сұрақтары:


  1. Қиял дегеніміз не?

  2. Қиял еңбек іс-әрекетінде қандай мәнге ие?

  3. Қайта жасау қиялы қандай жағдайларды қанағаттандыруы қажет?

  4. Шығармашылық қиял дегеніміз не?

  5. Арманның құндылығы неде?



Әдебиеттері:

  1. Вудвортс Р., Этапы творческого мышления // Хрестоматия по общей психолгии. Психология мышления. М., 1981.

  2. Выготский Л.С. Воображение и его развитие в детском возрасте // Выготский Л.С. Собр. Соч.: в 6-ти томах. 2 Т. М., 1982.

  3. Де Боно Э. Латеральное мышление. СПб., 1997.

  4. Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. Алматы, 2007.

  5. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы /Жауапты ред. С.М. Жақыпов. Алматы, 2007.

  6. Тихомиров О.К. Психология мышления. М., 1984.



Дәріс 12. Темперамент, мінез және қабілет.
Мазмұны

  • Темперамент алғашқы индивидтік қасиеттер жиынтығы ретінде

  • Темпераменттің теориялары

  • Мінездің қалыптасу мәселелері

Темперамент (лат. сөзінен temperamentum – келбетке қатысты тиістілік, tempero – тиісті байланыста араласу) – индивидтің психикалық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктер сипаты, яғни психикалық процестердің темпі, жылдамдығы, ритмі, қарқындылығы, және осы іс-әрекетті тудыратын жағдайы.


Темпераменттің ішкі құрылымдық талдауы темпераментте (оның психологиялық сипатында) сыртқы көріністің бір мазмұны және бір жүйесі болмауынан біршама қиындықтарды көрсетеді. Осындай талдаулардан кейін темпераменттің үш негізгі жетекші компоненттерін бөліп көрсетеміз, индивидтің жалпы белсенділігі аймағына, оның қимылына және оның эмоциялығына қатысты болып бөлінеді. Бұл компоненттердің әрқайсысы өз кезегінде психологиялық көріністердің күрделі құрылымдары мен әр түрлі формаларын көрсетеді.
Бірақ тұлғаны тәжірибелік (соның ішінде психологиялық және педагогикалық) зерттеулерде темпераменттің төрт негізгі типін бөлу және олардың психологиялық сипаттары жеткілікті негіз бола алады. Осыған байланысты, сангвиник темпераментіне жоғары жүйке-психикалық белсенділік, ишаралық қимылдардың әр түрлілігі және көптігі, эмоциялық, әсерлілік және лабилділік тән. Сонымен бірге, сангвиниктің эмоциялы қобалжуы терең емес, ал оның теріс тәрбиелік әсерлерге жылдамдылық тұрақтылығының жоқтығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет