«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2023


Бақылау сұрақтары: Шынайылықтың субъективті бейнесі обьективті шындыққа сәйкес келедіме?



бет7/67
Дата25.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#127756
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

Бақылау сұрақтары:

    1. Шынайылықтың субъективті бейнесі обьективті шындыққа сәйкес келедіме?

    2. Ақпаратты өңдеу процесінде субъективизмді қалай игеруге болады?

    3. Адамның түйсіне алуы қоршаған әлемнің құбылыстарына шынымен сәйкес келеді ме?

    4. Қабылдау бейнесі деген не және оның жеке түйсінулерден айырмашылығы неде?



Әдебиеттері:

  1. Веккер Л.М. Психика и реальность: единая теория психические процессов. М., 1998.

  2. Гибсон Дж. Экологический подход к зрительному восприятию. М.,1988.

  3. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы /Жауапты ред. С.М. Жақыпов. Алматы, 2007.

  4. Познавательные процессы и способности в обучении. М., 1990.

  5. Солсо Р.Л. Когнитивная психология. М., 2002.

Дәріс 3 Ес психикалық процестер құрылымының негізі ретінде.
Мазмұны



  • Ес туралы жалпы түсінік

  • Естің физиологиялық механизмдері

  • Ес процестері



Ес - бұл бейнелеудің интегралды іздік формасы. Ол кез-келген психикалық процестің негізінде жатыр. Ес психикалық өмірді ұйымдастырудың негізгі формасының бірі болып табылады. Есті танымдық процестердің ядросы деп атайды.
Шығуы бойынша естің екі түрін ажыратады: генетикалық (тұқым қуалайтын) және өмір кезіндегі ес. Өмір кезіндегі еске қозғалыс, образдық (көру, есту, кинестетикалық және т.б.), эмоционалды, символикалық (сөздік, логикалық) және еріктік ес кіреді.
Ақпаратты сақтау ұзақтығы бойынша естің келесі деңгейлерін ажыратыды:
1) Кенеттік ес сезу мүшелерінің инерциялығымен байланысты. Бұл ес ерікті басқаруына келмейді. Кенеттік есте бейне константты емес - бұл қабылдау бейнесі емес, түйсік бейнесі. Кенеттік ес әлемнің бірегейлі қабылдауын қамтамасыз етеді;
2) Қысқа мерзімдік ес. Бұл жерде зейіні аударылған ақпарат сақталынады. Ақпарат өзгерілмейтін күйінде қалмайды, ол өңделеді және интерпретацияланады. Қысқа мерзімді ес үшін қайталау мен символизация арқылы ерікті басқару мүмкіншілігі бар. Қысқа мерзімді ес көлемі – 7±2;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет