«психология» ПӘні бойынша дәрістен ҚЫСҚаша конспект алматы, 2023



бет8/67
Дата25.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#127756
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

3) Аралық (буферлік) ес – қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді ес арасындағы аралық инстанция болып табылады. Бұл жерде ақпарат ұзақ мерзімді еске аудару мүмкіндігі келгенше сақталынады. Буферлік ес тазалануы мен күн бойы жиналған ақпартты категоризациялау ұйқы кезінде іске асады;
4) Ұзақ мерзімді ес ақпаратты сақтау көлемі мен уақыты бойынша шектелмелген. Бірақ ақпарат кейде дер кезінде шығарып алынбауы мүмкін. Ақпараттың қол жетімділігі сақтау ұйымдастыруымен анықталады. Ұзақ мерзімді есте ақпарат сақтаудың екі типі бар: ақпаратқа ерікті рұқсат (ақпарат үзіліссіз түрленеді) және ерікті рұқсатсыз (ақпарат айнымас күйінде сақталынады).
Есті процесс ретінде қарастыру оның дәреже (процестердің) қатарын ажыратуына мүмкіндік береді. Ес процестеріне: есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту және ұмыту жатады.
Есте қалдыру немесе көру естің әсерлеуі әлдебір бейненің қалыптасуымен байланысты.
Кез келген адам алты белгісі бар санды жеңіл есте қалдыра алады. Механикалық есте сақтаудың көлемі – 7±2. Алты белгісі бар телефон нөмірлерін қалай есте сақтай аламыз? Сіз үшін ол адам қаншалықты маңызды болса, оның телефон нөмірін есте қалдыру жеңілірек болады. Басқалар өз телефон нөмірлерін алуға көндіретін болса да, Сіз оны есте қалдыра алмайсыз. Бұл жерде қайтадан Сіздің тұлғаңыздың түрткілы-қажеттілік жүйесімен байланысты: қызықтыратындығы, маңызды болатыны ғана есте қалады. Ол Сіздің қажеттіліктеріңізге жауап беріп, олар қанағаттанады. Егер Сіз қызықты еместі өзіңізге қызықты етіп жасасаңыз, сол кезде керектісінің бәрін есте қалдыра аласыз.
Іздерді есте сақтау ес жүйесінде орталық түйін болып табылады. Табылған ақпаратты жинау мен сақтау процесінде ОЖЖ-да күрделі қайта өңделуі іске асады. Бірдей немесе ұқсас әсерлердің бірнеше қайталануы есте қалуы жай басу мен бекіту принципі арқылы емес, ескі ақпаратты реттеу, құнар беру, жаңа келген ақпаратпен салыстыру жолымен орындалады. Бұл сатыда ақпараттың екінші рет (бірінші - қабылдау кезінде) бұрмалануы болады.
Есте сақтау біздің күнделікті өмірде әдеттегі ес деген түсінік болып табылады. Ол естің орталық түйінінің бірі.
Қайта жаңғырту ес блоктары немесе жүйелерінен ақпаратты шығаруымен (оқу) сипатталады. Қайта жаңғырту есте қалдыру сияқты ерікті және еріксіз болады. Еріксіз қайта жаңғырту аңдаусыз болады да, беймаза сипатта болуы мүмкін. Ерікті жаңғырту ұзақ мерзімді есте сақталған бұрынырақ табылған ақпаратты қайта жаңғыртуымен айқындалады. Ол таңдау сипатына ие, зейінді, кейде маңызды ақыл-ой жігерін қосуды талап ететін белсенді процесс.
Қайта жаңғырту вербализациялау процесімен байланысты. Ол кемінде үш түрлі болады - қалыпты қайта жаңғырту, танып білу және реминисценция.
Қалыпты қайта жаңғырту - ес процесі, оның нәтижесінде өткенде ұзақ мерзімді есте бекітілген мазмұнын актуализациялау (шығарып алу) және оны қысқа мерзімді еске аудару.
Қайта жаңғыртудың ерекше түрі танып білу, яғни қабылданатын объектіні өткен тәжірибеден таныстығын мойындату, теңестіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет