Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз



бет55/67
Дата11.12.2023
өлшемі1,13 Mb.
#137138
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Байланысты:
Дәріс Модуль Психология

Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз:
1-қортынды: Қарым-қатынас және коммуникация ұғымдары бірі бірінен ажырамайтын, бір-бірін толықтыратын және өзара байланысқан, әрі айырмашылықтары бар екі түрлі процес.
Коммуникация әлеуметтік процестерге әсер ету процессі, қарым-қатынас танымдық немесе аффективті-бағалаушы сипаттағы ақпараттарды алмастыру барысында адамдардың тұлға аралық өзара әрекеттесу процесі болып табылады.
2-қортынды: Коммуникацияның модельдеріндегі ең маңызды психологиялық фактор: жіберілген хабарламаның жетуі және қабылдануы.
3-қортынды: Коммуникативті дағдылар байланысқа жеңіл түсе алуға, әңгімені жақсы жүргізе білуге, тыңдай білуге, өз көзқарасын айта білуге, аргумент келтіре алуға, өз позициясын қорғай білуге, мәмілеге (компромисске) келе алатын ептілікті дамытуға негіз болады және позитивті коммуникацияның нәтижесін қамтиды.

1

№12 дәріс

Коммуникациядағы сандық (цифрлық) технологиялар және іскерлік қарым-қатынас.

Дәрістің жоспары:


  1. Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктерін талдау;

  2. Сандық (Цифрлық) коммуникация даму ерекшеліктері;

  3. Сандық (Цифрлық) технологияларды қолданудағы психологиялық ерекшеліктер мен қарым-қатынастың дамуы.

Дәрістің мақсаты:Іскерлік қарым-қатынастың сандық (цифрлық) технологиялар әсерімен өзгеруінің психологиялық ерекшеліктерін талдай отырып, заманауи іскерлік қарым-қатынас сауаттылығын арттыру.
І. Іскерлік қатынас адам өмірінің ең маңызды бөлігі жəне бөгде адамдармен қатынас жасаудың негізгі түрі. Мұндай қатынастардың басты қағидаларының бірі болып этникалық нормалар есептеледі, онда адамның ой өрісі, пайымдауы, жақсылық пен жамандық, шындық пен ақиқатсыздық, дұрыстық немесе бұрыстық сияқты қылықтары беріледі.
Адамның моралдық нормаларды түсінуіне, оның мазмұнына байланысты оның іскерлік қарым-қатынасқа жеңіл немесе қиын немесе тіпті қиындатып алуы байланысты.
Іскерлік қарым-қатынасмінез-құлықтың перцевтивті, коммуникативті жəне интерактивті дəрежесін қамтитын кəсіби коммуникацияның тұлғааралық мəдениетаралық зонасы.
Іскерлік қарым-қатынас төмендегідей функциялар атқарады: инструменталды (басқарудың əлеуметтік механизмі); интегративті (іскерлік серіктестерді байланыстыру); өзіндік презентация (жеке потенциалын көрсете алу); трансляциялық (іс-əрекеттің нақты тəсілдерін бере алу); əлеуметтік бақылау (мінез-құлық пен ісəрекеттерін шектеу); əлеуметтену (іскерлік қарым-қатынастың мəденитеі тəсілдерін жетілдіру); экспрессивті (эмоционалды əрекеттесу).
ІІ. Сандық (Цифрлық) технологиялардың дамуымен қоса, іскерлік коммуникация келбеті де өзгерді. Қазіргі таңда бір жобада жұмыс жасау үшін, адамдар бір аймақта, бір мекемеде еңбек етуі шарт емес. Интернет, телефон, әлеуметтік жүйелер дамуының арқасында іскерлік коммуникация жылдам әрі жахандану сипатын алды.
Ақпарат тарату мен БАҚ-тың аудиторияға əсер ету пішіндері жаңғырып, жаңа түрлері пайда болды. Қаржы көздері де жаңа ақпараттық технологияның пайдасына қайта қарастырылуда. Жоғарғы технология мен коммуникация саласындағы бизнесті ұйымдастыру пішіні мен құрылымы өзгерді.
Əлеуметтік желілер мен мобильді технологиялар интернеттің қарқынды дамуына жол ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет