Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


Флегматик– ұстамды, төзімді, салмақты,жұмыста орындаушы практик бола алады. Меланхолик



бет37/106
Дата04.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#79195
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106
Байланысты:
Соңғы версия Дәрістер тезистері модуль

Флегматик– ұстамды, төзімді, салмақты,жұмыста орындаушы практик бола алады.
Меланхолик–тұйық, адамдардан оқшау жүргенді жақсы көреді. Өте сезімтал, шығармашылық адамдары.

ІІ. Мінез– адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.Адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.

Мінез дегеніміз гректің “charakter” деген сөзінен шыққан. Мағынасы – із қалдыру, таңба. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. IV-III ғғ). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.


Еңбек тәрбиесі, физикалық тәрбие, өзі-өзі дамыту, адамгершілік-этикалық тәрбие, әдеттер тұлғаның өмір жолын ұйымдастыруға түрткі болады. Қоғамдағы мәдени құндылықтар, идеологиямен,ұлы тұлғалардың өмір жолы,қоғамдық пікір және қоғамдағы жалпы пікірлер, әдебиет, теледидар, кино, театр ақпараттары тұлғаның дүниетанымын дамытады.
Адамның өмірін өзгертетін негізгі факторлар:

  1. Физиологиялық (жыныс, темперамент);

  2. Әлеуметтік тәрбие, мәдениет, отбасы, мектеп, ұжым;

  3. Тұлғалық өзін-өзі дамыту, өзі-өзі тәрбиелеу болып табылады.

ІІІ. Қабілет.Ұлы ойшыл Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі».

В.Обручев: «Қабілеттілікте бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі».Қабілеттің негізін нышан құрайды.

Нышан – қабілет дамуының алғышарты болып табылады. Нышанға мидың анатомо-морфологиялық және физиологиялық қасиеттері ғана емес, сонымен бірге олар тікелей және жанамалы түрде тұқымқуалаушылықпен байланысты психикалық процестерде жатады.

Қабілет дегеніміз – қандайда бір іс-әрекетті жақсы, нәтижелі орындауда бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін жеке дара психологиялық ерекшеліктер болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет