Байланысты: Соңғы версия Дәрістер тезистері модуль
Коммункация модельдері: -бұқаралық коммуникацияны зерттеуде қолданылатын екі сатылы коммуникация моделі (П. Лазарсфельд, Б. Берельсон);
-Лассуэл моделі (бес звено моделі);
-Шеннон-Уивер моделі (математикалық модель);
-де Флер моделі (циркуляциялы, кері байланыс);
-Е. Морозовтың екі каналды сөздік коммуникация моделі;
-Ньюкомбаның сызықтық емес моделі.
-Коммуникацияның транзактілі моделі – коммуникациядағы диалогты теңгерілген бір уакытта жіберіп сол уакытты алушының қабылдауын карастырады.
Келесі қарастыратынымыз коммуникацияның құрылымдық моделдері:
-Аристотельдің моделі, сөз 3 элементтен тұрады: оратор, ол не айтады соның мазмұны және сөзді кімге арнайды, сол тыңдаушы, қабылдаушы, ең аяққы мақсат (айтушыдан тыңдаушы дана болсын);
-Лассуэлл моделі, ол кім: коммуникатор; нені хабарлайды: хабарламаны; кандай канал бойынша: коммуникация құралдарымен; кімге: адресатқа; нәтижесі қандай болу керек – тиімділік.
Қарым-қатынас немесе коммуникация барысында тілге қатысты тұлға типтері де кездеседі, оларды білген жөн:
-конфликтілі агрессор – оның мақсаты сізді төмендету, ренжіту, қорлау, сізді дауласуға әкелетіндей әрекетке барады;
-конфликтілі манипулятор өзін катты жоғары бағалайды, өз көзкарасын, идеясын сізге тықпыштайды, кеңесті көп береді, сізді үйреткісі келеді, интеллектуалды дамуыңызға бұйрық бергіш;
-белсенді эгоцентрик – сізді көзге де ілмейді, оған керегі өзінің қажеттіліктері мен қалауларына ғана жұмыс жасайды, өзімен өзі қарым-қатынас жасайды;
-енжар эгоцентрик – адмның өз әлеміне кетуі (уход в себя), болып жатқан оқиғадан қалай шығуды да білмейді, сіздің позицияңызға қарай ауысуды да түсіне бермейді;
-кооперативті конформист – кооперативті белсендіргіш конфликтілерді талқылаудан қашады, этикеттің қошемет (комплимент) сиякты нормаларын ұстайды;
-кооперативті белсендіргіш (актуализатор) – диалогта формалды емес қатынас көрсетеді, сіздің көңіл күйіңізге карай бейімделеді, сізбен бірге кайғыра алады, сіздің пікірлеріңізді сыйлайды, жұбатады.
Құрметті оқырман! Сіздерге дәріс жоспарында тұрған танымдық-практикалық ақпараттарды өте аз көлемде бердік, бөлінген уақыт талабына қарай. Сіздер осы дәрістің қосымша толық нұсқасын және көптеген пайдалы психологиялық кеңестер мен ұсыныстар, әртүрлі сілтемелер, әдебиеттер, фильмдер, глосарий, сұрақтар арқылы сіз осы дәрісті толық меңгере аласыз. Сіздерге сәттілік!