Психология пәні туралы түсінік және оның даму тарихы


-ДӘРІС. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ КОНФЛИКТІЛІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет95/106
Дата04.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#79195
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106
13-ДӘРІС. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ КОНФЛИКТІЛІК МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1.Конфликт психологиясының негізгі мәселелері және тұлғалық даму;

2.Психологиядағы мінез-құлық модельдерін анықтау;

3.Конфликтілі мінез-құлық моделдерінің психологиялық-практикалық аспектілері.




Дәрістің қысқаша мазмұны

Осы дәрісті ұлы Гетенің сөзімен бастағым келеді: «Мінез-құлық –ол әркім өзін көретін айна. Тек көрсетіп ғана қоймайды сол айнада қалай көріну керек деген таланттар болады, сол арқылы қоршағандарға өз қатынасын дәл ұстап алады». Міне адамның өзінің беделін (имиджін) қалыптастырудың құпиясы осында.


Конфликт карым-қатынас барысында туындайды. Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір сұрағы, конфликтінің пайда болуын, шығу себептерін, факторларын, конфликтілік жағдайларды, оның түрлерін, технологиясы мен механизмін, дамуы немесе тежелуін, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерді психологияның бір негізгі саласы конфликт психологиясы карастырады.

Конфликт ұғымықазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Конфликт – (латын тілінен conflictus – қақтығыс) қарама-қарсы бағыттағы субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының өзара келіспеушіліктері.


Конфликт ұғымына анықтама берсек, конфликт дегеніміз– адамдардың қызығулары, қажеттіліктері, мақсаттары, түсініктері мен көзқарастары бір-біріне қарама-қайшы келетін және бір-біріне деген жағымсыз (негативті) қатынастың әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс.
Конфликт процесінің шарттары:
1.Уақытша кеңістігі (кикілжіңнің шешілу мекені, уақыты, жағдайы);
2.Әлеуметтік-психологиялық факторлары (кикілжің топтың климаты және олардың өзара қатынасы, конфликт мүшелерінің қал-жағдайы);
3.Әлеуметтік мүшелердің қатысы (түрлі әлеуметтік топтардың: жыныстық, отбасылық, кәсібилік, этностық) және т.б.;
4.Конфликті жағдайдың көрінісі – бұл конфликт мүшелерінің қарама-қарсы жаққа және конфликт ортасына деген жеке көзқарасы;
5.Конфликтке қатыскандардың іс-әрекеттері: шабуыл, корғану, нейтрал, белсенділік, енжарлық;
6.Конфликтінің шығу мүмкіндігі: біреудің толық немесе жартылай бағынуы, ымыраға келуі (компромисс), конфликтті іс-әрекеттің үзілуі, ықпалдастық (интеграция) және т.б.
Психологиялық тұрғыдан конфликт, қарсы бағытталған, қажеттіліктердің сәйкес болмауынан, дәлелдердің, ойлардың, сезімдердің, әрекеттер мен мінездердің қақтығыстарын білдіреді. Конфликтіде эмоция күшейеді, қарсылық шиеленіседі, барлық қатысушыларға өз ауыртпалығын тигізеді, стресс береді әртүрлі психосоматикалық аурулардың себепшісі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет