Психология пәнінің әдіснамалық негіздері (студенттерге көмек ретінде) Оқу құралы Павлодар



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата06.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#8369
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Г.И. Жұмажанова, Б.Ғ. Сәрсенбаева,
Психология пәнінің әдіснамалық негіздері
(студенттерге көмек ретінде)
Оқу құралы
Павлодар 2009
1

Ж 88
УДК 159.9 (075.8)
ББК 88.8 Я 7
Ж 88 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 
Ғылыми кеңесінде басып шығаруға ұсынылды
Пікір жазғандар:
п.ғ.д., ПМПИ профессоры А.Қ. Нұрғалиева
п.ғ.к., профессор ИнЕУ А.К. Сатынская 
Жұмажанова Г.И., Сәрсенбаева Б.Ғ.
Психология пәні бойынша әдіснамалық негіздері. Оқу құралы/ Г.И. Жұмажанова, 
Б.Ғ. Сәрсенбаева - Павлодар: ПМПИ, 2009. - 157 б.
Оқу құралға психологияның негізгі түсініктері, психология ғылымының дамуына үлес 
қосқан   ғалымдар,   психология   пәнінен   өздігімен   білімдерін   тексеруге   арналған   тесттер 
жинағы   еңгізілген.   Бұл   тараулар   студенттерге   психология   пәні   бойынша   білімдерін 
жүйелеуге және тесттер жинағымен жұмыс істеу дағдыларын машықтандыруға бағытталған.
Оқу   құралы   1   және   2   курста   оқитын   күндізгі   және   сырттай   оқитын   студенттерге 
арналған.
ББК 88.8 Я 7
Ж 0303000000
00(05)-06
© Г.И. Жұмажанова, Б.Ғ. Сәрсенбаева 2009.
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2009.
2

АЛҒЫ СӨЗ
Еліміздегі   жаңа   жағдай   әлемдік-мәдени   білім   беру   кеңістігіне   шығу, 
ғылым   мен   білім   беру   жүйесінің   дамуының   қазіргі   тенденциялары-   осынша 
барша жағдайлар мамандарды даярлаудың психологиялық білім беру жүйесінің 
мақсат, міндеттері мен мазмұнының қайта қарау қажеттілігін тудырады.
Бүгінгі таңда психологиялық заңдылықтардың, ұғымы мен түсініктерін 
педагогикалық   оқыту   саласында,   кәсіби   өндірістерде,   ғылымда,   әр   түрлі   іс- 
әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін емес.
Осыған  орай,  елімізде  туындаған  объективтік  жағдайларға  байланысты 
қазіргі   кезеңдегі   жоғары   оқу   орындарындағы   барлық   мамандықтар   үшін 
психология білімі жан-жақты және толық меңгерілуі қажет. Әсіресе психология 
саласы бойынша жоғары оқу орындарында қазақ тіліндегі оқулықтарға сұраныс 
жоғары.
Аталмыш оқу құралында психологияның жалпы мәселелері, психикалық 
процестер,   қалыптар   мен   қасиеттер   жөніндегі   түсініктер   ашылған,   оларға 
байланысты теориялар мүмкіндігінше келтіріліп, проблемалардың даму тарихы 
суреттелген.
Г. Жұмажанова мен Б. Сәрсенбаева ұсынып отырған «Психология пәнінің 
әдіснамалық негіздері» (студенттерге көмек ретінде) оқу құралында мазмұңы 
мен құрылымы жоғары оқу орындарына жасалған бағдарлама және кредиттік 
технология талаптарына сай жазылған.
Психология пәнінен оқыту мынадай мақсаттарды белгілейді:
- психология адам жан дүниесінің әр түрлі қыры мен сырын зерттейтін 
пән   болғандықтан,   ол   жан   құбылыстарын   ғылыми   тұрғыдан   жете   түсінуге 
мүмкіндік беру.
-   әлеуметтік   ортада   адамзаттың   адамгершілік   қасиеттері   мен   жеке 
басының   қажеттері   болып   табылатын   дүниетанымдық   көзқарасын,   мінез-
құлқын, қабілетін, темперамент ерекешеліктерін жетілдіру.
- Оқу құралға психологияның негізгі түсініктері, психология ғылымының 
дамуына   үлес   қосқан   ғалымдар,   психология   пәнінен   өздігімен   білімдерін 
тексеруге   арналған   тесттер   жинағы   еңгізілген.   Бұл   тараулар   студенттерге 
психология   пәні   бойынша   білімдерін   жүйелеуге   және   тесттер   жинағымен 
жұмыс істеу дағдыларын машықтандыруға бағытталған.
3

«Психология» пәні бойынша 
педагогикалық, гуманитарлық, жаратылыстану бағыттарына арналған 
аралық мемлекеттік бақылау
 бағдарламасы
Мазмұны
сағат
саны
Тақырып 1. Психологияға кіріспе
3
1.1 Психология пәні, мақсаты және міндеттері
1.2 Ғылыми психологиясының негізгі салалары
1.3 Психологиялық зерттеулердің әдістері
1.4 Психологияның негізгі бағыттары
Тақырып 2. Психологияның жаралыстану ғылыми негіздері
2
2.1 Адамның жүйке жүйесі
2.2 Адам және жануар психикасының дамуы
2.3 Сана
Тақырып 3. Қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
4
3.1 Іс-әрекет туралы түсінік. Адам іс-әрекетінің құрылымы
3.2 Қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрлері
3.3 Қарым-қатынас құрылымы, тәсілдері, функциясы
Тақырып 4. Топтың психологиясы
2
4.1 Топ туралы түсінік, топ түрлері
4.2 Топ құрылымы
4.3 Топтық қарым-қатынастың динамикасы
Тақырып 5. Тұлға психологиясы
2
5.1 Тұлға туралы түсінік және құрылымы
5.2 Тұлға дамуының биологиялық және әлеуметтік мәселелері
5.3 Тұлға теориялары
5.4 Сана туралы түсінік 
Тақырып 6. Түйсіктер және қабылдау
4
6.1 Түйсіктер және қабылдау туралы түсінік
6.2 Түйсіктер түрлері
6.3 Түйсіктердің жалпы қасиеттері
6.4 Қабылдау ерекшеліктері
6.5 Қабылдау түрлері
6.6 Қабылдаудың негізгі қасиеттері
Тақырып 7. Зейін
3
7.1 Зейін туралы түсінік. Зейін процесінің жалпы мінездемесі
7.2 Зейін түрлері
7.3 Зейіннің физиологиялық негіздері
7.4 Зейін ерекшеліктері
7.5 Зейіннің функциялары
7.6 Зейін қасиеттері
Тақырып 8. Ес
4
4

8.1 Ес туралы түсінік
8.2 Ес түрлері, естің функциялары
8.3 Естің негізгі процестері
8.4 Естің теориялары
8.5 Естің даралық-психологиялық ерекшеліктері
Тақырып 9. Қиял
2
9.1 Қиял туралы түсінік
9.2 Қиял түрлері
9.3 Қиялдың жасалу жолдары
9.4 Ойлау мен қиялдың байланысы
Тақырып 10. Ойлау
4
10.1 Ойлау туралы түсінік
10.2 Ойлау формалары
10.3 Ойлау түрлері
10.4 Ойлау операциялары
10.5 Ойлау және сөйлеу
Тақырып 11. Темперамент 
4
11.1 Темпераменттің жалпы мінездемесі
11.2 Темперамент түрлері
11.3 Темперамент теориялары
11.4 Темперамент және іс-әрекет
Тақырып 12. Мінез
2
12.1 Мінез және оның психофизиологиялық негіздері туралы 
түсінік
12.2 Мінез құрылымы және түрлері
12.3 Мінез қасиеттерінің классификациясы
12.4 Темперамент және мінез
Тақырып 13. Қабілет
2
13.1 Қабілет туралы түсінік
13.2 Қабілет түрлері
13.3 Нышандар және қабілеттер
13.4 Қабілет дамуы
13.5 Қабілет дамуының деңгейлері
Тақырып 14. Адамның эмоцианалды-еріктік аймағы
4
14.1 Сезім және эмоция
14.2 Эмоционалды қалыптың түрлері
14.3 Тұлғаның жоғарғы қасиеттері
14.4 Эмоция және сезімнің функциялары
14.5 Ерік. Ерік туралы түсінік
14.6 Ерік сапалары
14.7 Тұлғаның еріктік қасиеттері
5

1-ТАРАУ
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
Тақырып 1 Психологияға кіріспе
1.1 Психология пәні, мақсаты және міндеттері
Психология-психикалық   құбылыстардың   пайда   болу,   даму   және 
қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психика-жоғары ұйымдастырылған материяның, мидың қасиеті.
Психикалық кейіп-адамның түрлі көңіл-күйінің тұрақты компоненттері 
(шабыт, зерігу, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.).
Психикалық   қасиеттер-бір   адамды   екінші   адамнан   ажыратуға   негіз 
болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктері (темперамент, мінез, қабілет).
Психикалық   процестер-сыртқы   дүние   заттары   мен   құбылыстарының 
мидағы түрлі бейнелері.
1.2 Ғылыми психологиясының негізгі салалары
Еңбек   психологиясы-адамның   еңбек   ету   әрекетінің   психологиялық 
ерекшеліктерін,   еңбектің   ғылыми   тұрғыдан   ұйымдастырудың   психологиялық 
аспектілерін зерттейтін сала.
Педагогикалық   психология-адамға   білім   және   тәрбие   берудің 
психологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Медициналық   психология-дәрігердің   іс-әрекетінің   және   науқастың 
мінез-құлқының аспектілерін зерттейді.
Заң   психологиясы-құқыққа   қатысты   мәселелерді   реттеу   және   оларды 
тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді.
Даму   психологиясы-әр   адамның   жасына   байланысты   психикалық 
заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр 
түрлі психикалық процестердің онтогенезін зерттейді.
Арнайы   психология-адам   дамуының   бірқалыпты   даму   жолынан 
ауытқуын,   ми   ауруына   шалдыққандардың   психикалық   күйзелістері   мен   осы 
саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Салыстырмалы   психология-психиканың   филогенетикалық   түрлерін 
қарастырады.   Мұнда   адам   мен   хайуанаттар   психикасын   салыстыра   отырып 
зерттейді.
Әлеуметтік   психология-адам   мен   қоғам   арасындағы   қатынас 
мәселелерімен айналысады.
1.3 Психологиялық зерттеулердің әдістері
Байқау-белгілі   жоспар   бойынша   жүйелі   түрде   біраз   уақыт   бойына 
зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалау.
Эксперимент-тәжірибе   жасауда   зерттеуші   өзіне   қажетті   жан 
қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі 
жағдай жасайды.
Әңгімелесу-психолог   белгілі   жоспар   бойынша   зерттеленуші   адамның 
жас және дара ерекшеліктеріне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген 
сұрақтар қояды.
6

Тест-балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының 
даму   дәрежесі,   не   жекелеген   жан   қуаттарының   дамып,   қалыптасуы   жөнінен 
мағлұмат алуға көмекетеседі.
Лонгитюдті зерттеу-тұлғаның түрлі өмірлік кезеңдерін ұзақ уақыт бойы 
және жүйелі түрде зерттеу.
Социометрия-топ   ішіндегі   адамдар   арасындағы   қарым-қатынасты 
зерттейтін эксперименталды әдіс. 
1.4 Психологияның негізгі бағыттары
Бихевиоризм-негізін   қалаушы   американдық   ғалым   Дж.   Уотсон.   Сана 
психологиясының   ұғымдары   орын   алмайтын,   мінез-құлық   туралы   ғылым 
ретінде көрсетті. «Ынта реакция» схемасы еңгізілді. 
Гештальтпсихология-«пішін»,   «құрылым»,   «біртұтас   конфигурация» 
дегенді білдіреді. Барлық жағдайда психикалық өмірді біртұтас және бөлшек 
проблемалары өзекті болды.
Гуманистік психология-дені сау және шығармашылықпен айналысатын 
адамдарды зерттеу. Адамды ерекше тұлға ретінде қарастыратын, еркіндік және 
өмірде негізгі байлықты іздеуді қарастыратын бағыт.
Психоанализ-З. Фрейд шығарған тұлға теориясы. Көбінесе мінез-құлық 
өзгеруінде биология және санадан тыс факторларға көп көңіл бөлген. 
Трансперсоналды психология-мистика, ғарыш, сана, рухани тәжірибені 
зерттейтін бағыт. 
Тақырып 2. Психологияның жаралыстану ғылыми негіздері
2.1 Адамның жүйке жүйесі
Шартсыз рефлекс-тума, тұрақты, жұлында, ми бағанасында жасалады. 
Шартсыз рефлекстердің жасалуы үшін ешқандай шарттың қажеті жоқ.
Қозу-әртүрлі   тітіркендіргіштердің   әсері   нәтижесінде   жүйке   жүйесінің 
қызмет жасап тұрған белсенді күй.
Динамикалық
 
стереотип-үнемі
 
қайталанып
 
отыратын 
тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу 
мен тежелу жүйесінің жасалуы. 
Иррадиация құбылысы-шартты рефлекстердің мида жойылып, оның әлі 
берік жасалмаған кезінде көрінеді.
Рефлекс-сырттан   немесе   іштен   келетін   тітіркен-діргіштерге   ағзаның 
қайтаратын жауап реакциясы.
Тежелу-жүйке жүйесін тыныштандыратын процесс болып табылады.
Шартты рефлекс-өмірде жасалады, уақытша, шартты рефлекстер тек ми 
қабығында жасалады. 
2.2 Адам және жануар психикасының дамуы
Инстинкт-ағзаның   белгілі   тіршілік   жағдайына,   өскен   ортасына   әбден 
көніккенін көрсететін мінез-құлықтың түрі.
Жануар  дағдысы-инстинктерге   қарағанда   өзгермелі,   мінез-құлықтың 
икемді түрі. Сондықтан айуан ортада тез бейімделіп, көндігіп кете алады.
Жануар интеллекті-жоғары сатыдағы жануарларда кездесетін (дельфин, 
маймыл) мінез-құлық түрі.
Тақырып 3. Қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
7

3.1 Іс-әрекет туралы түсінік. Адам іс-әрекетінің құрылымы
Іс-әрекет-күрделі   процесс,   оның   құрамына   жеке   амалдар   мен 
қозғалыстардың, әрекеттердің жүйесі кіреді.
Әрекет-жеке   мақсатты   орындауға   бағытталады,   әрекетті   орындау 
тәсілдері операция деп аталады. 
Дағды-алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-ірекет бөліктерінің 
қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматалынуы.
Интериоризация-заттық   іс-әрекет   құрылымын   сананың   ішкі 
құрылымына өзгерту.
Интерференция-бұрынғы   дағдылардың   жаңа   дағдылардың   жасалуына 
бөгет келтіруі.
Мотив-адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын 
себеп.   Қандай   болмасын   объектінің   себебін   білмей   тұрып,   адамның   бір 
мақсатқа   жетем   деген   ойын   қалайша   тоқтата   алатынын   және   оның   мінез-
құлқының мән-жайын толық тусіну қиын болады.
Қажеттілік-өмір   сүрудің,   тіршілік   етудің   арқауы.   Іс-әрекетінің   негізгі 
мотивтері,   яғни   оның   психологиясының   қайнар   көзі,   бастамасы   болып 
табылады.
Экстериоризация-   заттық   іс-әрекет   құрылымын   сананың   сыртқы 
құрылымына өзгерту.
3.2 Қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрлері
Идентификация-тұлға өзін басқа адаммен, топпен, бейнемен, таңбамен 
ұқсату   және   олар   арасында   эмоциялық   байланыс   орнату.адамдар   арсындағы 
күрделі, көпжоспарлы процесс 
Қарым-қатынас-адамдар   арасындағы   күрделі,   көпжоспарлы   процесс 
және бірігіп іс-әрекет жасау, хабар алмастыру, бір-бірін түсііну қажеттіліктерін 
өтейді.
Ореол   эффекті-адам   туралы   жалпы   бағаны   оның  мінез-құлқына, 
тұлғалық қасиеттеріне жайылуы.
Тақырып 4. Топтың психологиясы
Топ-белгілі   бір   іс-әрекетке   түсетін   күрделі   түрде   ұйымдасқан   адамдар 
тобы. 
Ұжым-нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі. Адамдардың 
ерекше   ұйымшылдығының   арқасында   олардың   мүдделерінің   бір-бірімен 
ұштасып келуі.
Корпорация-әлеуметтік   қоғамға   өзін   қарсы   қоятын,   авторитарлы 
стильмен басшылық ететін, тұйық және ұйымдасқан адамдар тобы. 
Кооперация-топ ішінде қызметтерді, ролдерді, міндеттерді бөліп алатын 
және жалпы міндеттері бар адамдар тобы.
Лидер-топ мүшелерінің мақсаттарын қамтитын және топтық іс-әрекеттің 
сипаты   мен   бағытын  анықтайтын   жауапты   шешімдерді   қабылдауға   құқықты 
екенін топтың қалған барлық мүшелері мойындаған тұлға.
8

Тақырып 5. Тұлға психологиясы
Тұлға-қандай   да   болмасын   бір   іспен   айналысатын,   азды-көпті   өмір 
тәжірибесі,   білімі   мен   дағдысы,   икемі,   дүниетанымы,   сенімі   мен   талғам-
мұраты, бағыт-бағдары бар адам.
Қызығу-шындықтағы   заттар  мен   құбылыстарды  белсенділікпен  танып, 
білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.
Дүниетаным-адамның   табиғат,   қоғамдық   өмір   туралы   білімдерінің 
жүйесі.   Нағыз   дүниетаным   мистика   мен   идеализмге   жат,   дәйекті   ғылыми 
материалистік дүниетаным.
Мұрат-адамның   өзіне   өмірден   өнеге   іздеуі,   біреуді   ардақ   тұтып, 
қастерлеуі. Адамның алдына қойған ең асыл, ең ардақты мақсаты.
Проекция-тұлғаның   өз   қол   жетпейтін   қалауларын   өзгелерге   жатқызу 
қорғаныс механизмі.
Сублимация-психоанализдегі   З.   Фрейд   еңгізген   үрдіс   және   механизм 
немесе   жыныстық   қарым-қатынас   қуатын   басқа   әлеуметтік   бағасы   жоғары 
мақсатқа ауыстыру. 
Мен-концепциясы-тұлғаның   өз-өзін   қабылдау   және   өз-өзін   тану.   Бұл 
ұғымға бірнеше компоненттер енеді: 
1. когнитивті-негізгі қасиеттері, қабілеттері, сырт келбеті; 
2. эмоционалды-өз-өзін құрметтеу, өз-өзін ұнату, өз-өзін жоққа шығару; 
3. еріктік-бағалы-өз бағасын көтеру және өзгелердің құрметіне ие болу.
Тақырып 6. Түйсіктер және қабылдау
Абсолюттік   сезгіштік-сезім   мүшелерінің   өте   әлсіз   тітіркендіргіштерді 
түйсіне алуы.
Айырма   сезгіштік-сезім   мүшелерінің   тітіркендіргіштердің   арасындағы 
болмашы айырмашылықты түйсіне алуы.
Түйсік-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің 
сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер.
Сезгіштік-психологияда адамның түйсіне алу қабілеті.
Абсолюттік   сезгіштік-сезім   мүшелерінің   өте   әлсіз   тітіркендіргіштерді 
түйсіне алуы.
Айырма   сезгіштік-сезім   мүшелерінің   тітіркендіндіргіштердің 
арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады.
Адаптация-сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге 
біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отырады.
Сенсибилизация-егер   адаптация   анализаторлардың   сезгіштігінің   түрлі 
жағдайларға   байланысты   артуының   немесе   төмендеуінің   көрсеткіші   болса, 
сенсибилизация   сезгіштіктің   тек   артуын   ғана   қөрсететін   құбылыс   болып 
табылады.
Синестезия-тітіркендіргіштер   сезім   мүшелерінің   біреунде   ғана   түйсік 
туғызудың   орнына   сол   сәтте   басқа   түйсіктердің   пайда   болуына   жағдай 
жасайды. Мысалы кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса  түрлі 
дәмдер   мен   түстерді   де   сезінуі   мүмкін.   Түйсіктердің   осылайша   қосарланып 
жүруін синестезия дейді.
9

Бір   ізді   бейнелер   (эйдетикалық   ес)-тітіркендіргіш   әсерінің 
тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын 
кездері.
Сенсорлық   депривация-эксперимент   мақсатымен   адамды   көп   уақыт 
бойы сенсорлық аштықта ұстауы. Тәжірибені арнайы аспаппен (сурдокамера, 
бокс) адамды суға түсіру арқылы тексереді. 
Қабылдау-заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып 
табылады.   Қабылдауда   заттар   мен   құбылыстардың   түсі,   дыбысы,   дәмі,   иісі, 
формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. 
Қабылдаудың   тұтастығы-қабылдаудың   объектісі   кейбір   жеке 
қасиеттерден,   жеке   бөліктерден   тұрғанымен,   біз   оларды   бүтіндей,   тұтастай 
қабылдаймыз.   Кейде   бұрыңғы   тәжірибемізде   ұшыраған   кейбір   объектілердің 
жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас 
зат формасында қабылдаймыз.
  Қабылдаудың   мағыналылығы-қабылдауда   объектінің   аты   сөзбен 
(екінші   сигнал   жүйесі)   берілсе,   қандай   нәрсе   болса   да   оңай   және   тез 
қабылдайды.   Мәселен,   өзіміз   түсінбейтін   тілде   сөйлеген   сөздерді   мүлде 
ұқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз.
Қабылдаудың таңдамалығы-толып жатқан объектілердің ішінен біреуін 
іріктеп алу. Қабылдаудың таңдамалығы әр түрлі объективтік және субъективтік 
себептерге де байланысты болып келеді. (фигура, фон)
Қабылдаудың
 
тұрақтылығы
 
(константтылығы)-қабылдау 
константтылығы   деп   сыртқы   жағдайдың   өзгеруіне   қарамастан,   заттардың 
кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Қабылдаудың 
константтылығы   балаларда   2   мен   4   жастың   арасында   қалыптасып   болады. 
Мәселен,   ақ   қағаз   бетіне   жасыл   шамның   жарығы   түссе   де,   қызыл   шамның 
жарығы түссе де қағаз ақ болып қала береді.
Қабылдаудағы   иллюзия-түрлі   себептерге   байланысты   шындықтағы 
объектілерді қате қабылдау.  Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға 
шалдығуына   байланысты   туатын   заттардың   жалған,   теріс   бейнелері   – 
галлюцинациялардан  – (латын сөзі, қазақша қиялдану, шатасу деген мағына 
білдіреді) ажырату қажет. Ол адамға дауыс естігендей, денесінде қайдағы бір 
жоқ   жорғалап   жүргендей   көрінеді.   Бұл   көбінесе   шизофрения   инфекция 
ауруларының   негізінде   пайда   болып   отырады.   Бұл   аурудан   психиатр 
дәрігерлердің   көмегімен   айығуға   болады.   Ми   қабығында   қозу   процесі 
тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай галлюцинациялық 
бейнелер пайда болады.
Апперцепция-латынның   апперцептио   деген   сөздерінен   алынған. 
Қазақша қабылдауға қосымша деген мағына білдіреді. Қабылдаудың адамның 
жалпы   психикалық   тұрмысы   мен   өткен   тәжірибесінің   мазмұнына 
байланыстылығын   апперцепция   дейді.   Апперцепция   екіге   бөлінеді:   тұрақты 
және уақытша.
Тұрақты   апперцепция  адамның   қызығуы   мен   мамандығы,   білімі   мен 
дүниетанымына байланысты болып отырады. Мысалы: «түбір» деген сөзді әр 
адам оны түрліше қабылдауы мүмкін.
10

Апперцепция   затты   түрлі   жағынан   бағалай   алу,   адамның   оны   өзінше 
талқылап, өзінше көз-қарасын білдіре алуы. әртүрлі иллюзиялардың негізінде 
адам жаңсақ пікірде болады мұны уақытша апперцепция дейді.
Байқау  – белгілі мақсатпен объектіні әдейілеп қабылдау. Байқау үшін 
белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру 
ерекше маңыз алады. 
Байқағыштық  –   кез   келген   уақытта   көзге   ілінбейтін,   ілінсе   де   оған 
көбінесе мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық. Байқағыштық 
қасиет   –   адамның   өмір   сүрген   ортасына,   алған   тәрбиесіне,   мамандығына 
байланысты.   Байқағыштық   -   өмірдің   әр   саласы   үшін   өте   қажетті   қасиет. 
Байқағыштық   әсіресе   ғылыми   жұмыста,   мұғалімдік   қызметте,   ақын-
жазушының өмірінде ерекше орын алады.
Кеңістікті   қабылдау  –   заттар   мен   құбылыстардың   көлемін,   тұрқын, 
түрін, аумағын, алыс-жақындығын, таяз-тереңдігін, бағыт бағдарын қабылдау 
деген   сөз.   Мәселен,   заттың   көлемі   мен   түрін   қабылдау   –   көру,   сипай   сезу, 
қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. 
Қашықтық   пен   заттың   көлемін   қабылдауда  көздің   конвергенциясы 
(жақындату) яғни екі көздің көрінетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет 
болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені жақын тұрса, конвергенция да сонша 
жақын болады. 
Көздің   түрлі   қашықтағы   заттарды   көруге   бейімделу   қабілеттілігін   – 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет