Дәріс 11. Тақырыбы: Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері Жоспары



бет1/8
Дата17.12.2022
өлшемі30,6 Kb.
#57822
  1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс 11.
Тақырыбы: Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері


Жоспары:
1. Теориялық зерттеу әдістерінің мәні.
2. Тарихи педагогикалық зерттеулердің бастаулары


Педагогикада теориялық зерттеулер мен оның әдістері ерекше орын алады. Теориялық зерттеулердің мәні белгілі бір дүниетаным тұрғысынан алып қарағанда, эмпирикалық және қорытылған материалды жүйеге келтіруде, талдауда және бағалауда болып табылады.
Теориялық зерттеу – теориялық жинақтау мен зерделенетін құбылыс заңдылықтарын тұжырымдауға арналған әдістер. Мәселелерді анықтау, болжамды тұжырымдау және жиналған деректерді бағалау үшін қажет. Теориялық талдау барысында әдетте педагогикалық құбылыстың жекелеген жақтары, белгілері, ерекшеліктері мен қасиеттері бөлектеніп көрсетіледі. Жекелеген деректерді талдап, оларды топтап және жүйелеп зерттеуші олардағы жалпылықты және әсіресе, жалпы принципті немесе ережені белгілейді.
Теориялық зерттеуде индуктивтік және дедуктивтік әдістер қолданылады. Бұл әдістер эмпирикалық жолмен алынған мәліметтерді қорытудың логикалық әдістері болып табылады.
Индуктивтік әдіс – ойдың жеке талқылануынан жалпы қорытындыға келуі (қозғалысы), яғни, құбылысты тәжірибелі зерделеу жолы, оның барысында жекелеген деректерден жалпы ережелерге көшу жүзеге асады. Дедуктивті әдіс – ғылыми теорияны құру тәсілі, өзгешелік ерекшелігі қорытындының дедуктивті (дедукция) техникасын қолдану болып табылады, яғни, жалпы талқылаудан жеке қорытындыға келу.
Әдебиет көздерін зерделеу – көздердің библиографиялық атауларын жекелеген карточкаларға тіркеу және олардың аңдатпасын (аннотация) құрастыру; мәселеленің жеткілікті зерделенгенін, қайсысымен ғылыми пікір-сайыстар жүруде, не ескірді, ал қандай мәселелердің әлі шешілмегендігін білуге мүмкіндік береді.
Әдебиет пен жұмыс жасау мынадай әдістерді пайдалануды көздейді:

  • библиография құрастыру – зерттелетін мәселемен байланысты жұмыс үшін іріктелген әдебиет көздерінің жүйесі;

  • рефераттау – жұмыстың негізгі мазмұнын қысқаша баяндау;

  • конспектілеу – жұмыстың басты идеялары мен ережелерін бөліп көрсету негізінде жасалатын ерекше жазбалар жүргізу. Шығармашылық конспектіге жеке ойлар, сұрақтар, күмәндар, пайымдаулар да енгізіледі;

  • аннотациялау – кітаптың және мақаланың жалпы мазмұнының қысқаша жазбасы;

  • үзінді алу – әдеби көздерде кездесетін сөйлемдерді, нақтылы немесе сандық деректерді сөзбе-сөз жазу;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет