Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы бар.XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т.б. ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға акеңінен еніп, оның жан-жақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстардың жіктелуі (психикалық процестер, психикалық қалып, психикалық қасиеттер)
Психикалық процестер -таным процестері, эмоциялық процестер,ерік – жігер поцестері
Психикалық күйлер (қалып) -белсенділік ,енжарлық ,шаршау (қажу, болдыру), стресс