Психологияның ғылыми салалары
Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның өнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады.
Инженерлік психология – еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі. Ол адам мен
техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді.
Арнайы психология–адамның психикалық қызметінің әр түрлі
формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.
Психология ғылымының негізгі принциптері
-Заттасқан болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойындау
-Психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісіне зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |