Тестәдісі. Басқа әдістерден ең алдымен жаңа заңдылықтарды алу үшін емес, сынақтан өтетін адамдардың белгілі бір қасиеттің бар екенін анықтауға қолданылатындығымен ерекшеленеді. Тест мазмұны мен құрылымы алдын-ала жүргізілген көптеген эксперименттер негізінде сыннан өтіп тексеріледі. Тест көмегімен адамдардың белгілі бір іс-әрекетті орындауға әзірлілік деңгейін анықтауға болады.
Тестілеуәдісі– адамныңбелгіліпсихикалықсапаларынсынақтанөткізіп,анықтау. Психологиялықтест– сыналушыныңжекебасыныңкейбіререкшеліктерінанықтауүшінорындалатын,әдетте,қысқамерзімдішағынстандарттысынақтапсырмаларыберіледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі– адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалықжәне сандық болып ажыралады. Сапалық талдауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдауатауын алған.
Құрастырыпжобалауәдісі– осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық құбылыстарды таңбакүйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылғанортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.