Психологиялық ойындар жинағы Танысу жаттығулары «Есім және қимыл»



бет4/5
Дата16.10.2023
өлшемі34,74 Kb.
#115880
1   2   3   4   5
Байланысты:
лагерь ойындары (1)

8-жаттығу. «Досымның қолы» 

Қатысушылар шеңберге арқаларымен отырады. Көздерін жабулары қажет. Жүргізуші ақырын барып өзі қалаған бір қатысушының иығына қолын қоюы қажет. Қалған қатысушылар оның кім екенін табуы тиіс. Оны тапқанша шыдамдылық таныту кім болса соның қолынан келе бермейді. 

9- жаттығу «Кім жылдам?» 

Қатысушыларға кім шыдамдылық жайлы мақал-мәтел көп біледі? Қатысушылардың белсендіктерін, жылдамдылықтарын бақылауға мүмкіндік те береді. 

Жағымды қатынас қалыптастыруға арналған тренингтер 

Тренинг – тұлғаның өздігінен жетілуін арнайы ұйымдастыратын оқыту формасы. Ол мынадай міндеттерді шешеді: 

Әлеуметтік –психологиялық білімді меңгеру; 

Дұрыс қарым-қатынас жасай алуды үйрету 

Өз бетінше шешім қабылдай алатын,бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру.
Танысу тренингінің мақсаты:жанадан қалыптасқан топтағы балалардын бір-бірін жақсы білуіне,топ белсенділерін аңықтауына мүмкіндік жасау.


1 түрі:Жүргізуші бір балаға доп лақтыраты,бала оны қағып алып,өзінің атын айтып,кері лақтырады,жүргізуші «өте қуаныштымын» деп жауап береді. 

2 түрі:Дөнгелене отырған балалар бір бірімен танысады:атының алғашқы әрпіне орай өзін сипаттайтын аңықтауыш арқылы дарынды Дина,зейінді Зарина,ажарлы Ажар,көңілді Күлән деп өздеріне баға бере отырып есімін атайды. 

1.«Дәстүрлі емес сәлем» тренингі. 

Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ.Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады?Қол алысып,жай сөзбен,бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б.Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық.Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар.Мандаймен,шынтақпен,арқамен,аяқтың ұшымен. 

2.«Жағымды сөз» тренингі. 

Балалар дөңгелене отырайды.Жүргізуші оң жағынан бастап бірінші отырған баланың көзіне тура қарап: «Айдар,маған сенің аққөңілді мінезің ұнайды» дейді,Айдар «рақмет» деп келесі балаға бұрылып:Фатима,маған сенің әсем күлкің ұнайды» дейді,одан әрі Фатима рақмет айтады да келесі балаға бұрылады.Ең соңында жүргізушіге соңғы бала жағымды сөз айтады. «Жақсылық жасасаң,өзіне қайып келеді» деген сөзбен тренингі аяқтауға болады. 

Кел ойнайық,ойланайық тренингінің мақсаты:Көңіл сергіту.Бір-бірімен еркін араласу дағдысын,танымдық деңгейін дамыту. 

Нұсқау.Жүргізуші ортаға шығып өз орындығын алып қояды. 

Қазір мен бір жақсы қасиетті айтамын (мысалы:бүгін жұмысқа келерде шашын тарағандар,көлік жүргізе алтын адам,өзін мейірімді деп есептейтін адам т.б.),ал сол қасиет бойында бар адамдар орындарымен ауысады да,ал мен тез арада босаған орындыққа отырамын.Орындық жетпей қалған адам ойынды ары қарай жалғастырады.Ойын 7-8 рет қайталанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет