Психологиялық ойындар жинағы Танысу жаттығулары «Есім және қимыл»



бет5/5
Дата16.10.2023
өлшемі34,74 Kb.
#115880
1   2   3   4   5
3.«Мен жақсы көремін» ойыны.


Ойын шарты:Дөнгеленіп тұрған балалар бір-біріне доп лақтырады.Доп кімнің қолына түссе,сол бала кімді жақсы көретінін айтады.Мысалы,мен анамды жақсы көремін.Өйткені,ол менің ең жақын адамым.Немесе мен Бануды жақсы көремін,өйткені ол ақылды,сыпайы т.б.Ойының соңында доп жүргізушінің қолына тиеді. 

Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып,мадақтау ойының шарты:Балалар дөнгеленіп отырады.Жүргізуші «Сиқырлы таяқшаны» балалардың біріне ұсынады.Ол жанында отырған баланың жақсы қасиеттерін айтып мадақтайды да,таяқшаны береді.Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады.Ойын осылай жалғаса береді.Айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін.Айгүл,сенің даусың қандай жақсы!Гүлнар,сенің жүзін сондай мейірімді көрінеді!Диас,маған сенің аққөңіл мінезің ұнайды.Соңында балалар бір-біріне алғыс білдіріп ойынды аяқтайды. 

Үрленген қуыршақ ойының шарты:-Қазір біз үрмелі қуыршаққа айналамыз,бізден ауа шығарылған,яғни басыңызды еңкейтіңіз,қолдарыңызды төмен түсіңіз,бүкіл денеңізді босатыңыз.Мен қазір үрлеуіш құралының қызметін атқаратын боламын. «Пш,пш,пш» деген дыбыс шығара отырып,дөңгелекті толтыратын адамның әрекетін еске түсіретін қимылдар жасаймын.Ал сіздер осы уақытта ауамен толығасыз және денеңізді түзете бастайсыз,қолдарыңызды жоғары көтеріп,барлық бұлшық еттеріңізге қысым түсіресіз.Барлығы тұрып,бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң орындықтарға отырады,денелерін босатады. 

Орыстың психолог-ғалымы И.Панариннің тест-сауалнамасы бойынша адамның тұлғалық қасиетін анықтау мақсатындағы 4 түрлі пішінді қалауларыңыз бойынша таңдап алыңыздар.Фигураларды тарату. 

Төртбұрыш 

Бірінші топты таңдағандар өте еңбеққор,төзімді,өз жұмысының шебері,бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар. 

Үшбұрыш 

Екінші топты таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар,алдына қойған мақсатына жететін жандар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет