ҚАҚТЫҒЫСТАРМЕН ЖҰМЫС
ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
Сіз ойнап шығу үшін беретін қақтығысқа арналған жағдайлар, адамдар бір-біріне ренжіп, ойын барысында бір-біріне жаман сөздер айтып қоймаулары үшін, өте қарапайым және адамдар үшін маңызды емес болулары тиіс екендігін есте сақтау маңызды. Әйтпесе содан соң олар тренингтен кейін де бір-біріне ұзақ уақыт ренжіп жүрулері мүмкін. Осы мақсаттарда, жағдай олар үшін тосын болмауы үшін, нұсқаулық барлық қатысушыларға бірден беріледі.
«Конспект»
Ойынға екі адам қатысады.
Бірінші қатысушыға арналған нұсқаулық: «Сендер біліктілікті арттыру курстарында бірге оқыдыңдар, және бір адам конспект жазды, ал екіншісі жазған жоқ. Емтиханда оқытушы конспектіні талап етті. Сен емтиханды бүгін тапсырасың, сондықтан, жолдасың емтиханды ертең тапсыратын болғандықтан, сен одан конспектісін сұрадың. Сен емтиханды беске тапсырып, қатты қуандың да, дәрісханадан кетіп бара жатып, конспектіні алуға ұмытып кеттің. Ал есіңе түсіп, қайтып оралғанда, дәрісханада ешкім болған жоқ, конспекті де болмады».
Екі қатысушыға да арналған нұсқаулық: «Сендер дәлізде кездесесіңдер және әдетте өмірде қалай жасасаңдар, өздеріңді солай ұстауларың қажет».
Ойыннан кейін классикалық талдау жүргізіледі: алдымен бақылаушылар, содан соң қатысушылар өз пікірлерін айтады. Талқылау соңында жаттықтырушы өзара әрекеттестіктен кейінгі ойын қатысушыларының арасындағы қатынастарды айқындау үшін сұрақ қояды: «Келесі жолы конспект сұрауға сен оған барасың ба, жоқ па?»; «Ал сен келесі жолы, ол сұраса, оған конспектіңді бересің бе, жоқ па?» Талдау кезінде, егер қатысушылардың біреуі екіншісіне «соқтығуға» әрекеттенетін болса, екіншісі ренжіп, оның өзі кінәлы екендігін айтып, жай ғана кетіп қалуы мүмкін екендігін көрсету маңызды. Бірақ жауапкерді сөгіп тастау емес, конспектіні алу маңызды. Және ең соңғысы: егер жағдай жақсы шешілсе, жәбірленуші жауапкерден кінә сезімін, егер ол бар болса, алып тастауға көмектесуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |