«Есеп беру»
Екі адам қатысады, нұсқаулықты олар да бірге алады.
Екеуі жұмыс туралы бірлескен есеп беруді жазады. Біреуі жұмыстан ертерек кетеді. Бастық кіріп, есеп беруді алып кетеді де, бұл біреуінің есеп беруі деп шешеді, енді екіншісіне: Петров өз есеп беруін тапсырды, сен өз есеп беруіңді алып кел, - деп айтады. Адам сасқалақтап, бірден не жауап берерін білмей қалады.
Қатысушыларға арналған нұсқаулық: «Сендер дәлізде кездесесіңдер. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?».
«Мақала»
Екі адам қатысады, нұсқаулық екеуіне де оқып беріледі.
Сендер мақаланы бірге жаздыңдар. Біреуің мақаланы басып шығару үшін қалдыңдар да, екіншілерің үйлеріңе жарты сағатқа ертерек кеттіңдер. Бастық кіріп, мақаланың аттестациялау кезінде қатты көмектесетіндігін, оны қызметінде жоғарылатуы мүмкін екендігін айтады да, ол адам екінші фамилияны алып тастайды. Бірнеше күннен кейін мақала басылған журнал шығады да, бір фамилия ғана көрсетіліп тұрады.
Қатысушыларға арналған нұсқаулық: «Сендер дәлізде кездесесіңдер. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?».
«Журнал»
Қатысушыға арналған нұсқаулық: «Сен кеше жұмысқа бір досың саған уақытша берген журналды алып келдің, ол оны Америкадан алып келген болатын. Бұл журналды сенен екінші қатысушы сұрап алды да, оны кешке қарай көлікте жоғалтып алды. Досың оған журналды таңертең қайтарып беруді өтінді, ал сен, оның жоғалып қалғанын білмей, уәде беріп қойдың. Сендер дәлізде кездесесіңдер де, былай дейсіңдер...».
«Мойын орауыш»
Қатысушы екеу (міндетті түрде әйел адамдар).
Нұсқаулық: «Саған кеше сенің сүйіктің өзі Үндістаннан алып келген мойын орауышты сыйлады. Мойын орауыш өте әдемі, сондай ерекше. Құрбың сенен осы мойын орауышты бір сауық кешіне барып келуге сұрап алды да, сауық кешінде мойын орауыш балауыз шамға тиіп кетіп, күйіп қалды. Сен, оны білмей, өзіңнің досыңа ертең оны театрға тағып баратыныңа уәде бердің. Сендер құрбың екеуің кездесесіңдер. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?».
Достарыңызбен бөлісу: |