Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет58/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

«3 санына секіріп түсу»

Шеңберде тұрып, топ 1-ден ... дейін санайды. Әрқайсысы кезекпен артуы бойынша кезекті санды атайды. 3 кіретін, немесе 3-ке бөлінетін санның орнына секіріп түсу қажет. Қандай да бір уақыт өткеннен кейін, қателескендерді ойыннан шығаруға болады. Осылайша жеңімпазға дейін жалғасады.




«Құрметті қонақ»

Ерік білдірген қатысушы шеңбердің ортасындағы орындыққа отырады – бұл «құрметті қонақ». Әрбір қатысушы онымен ауызша емес түрде амандасуы тиіс. Қалғандарын екі шағын топқа бөлуге болады, сонда амандасулар кезекпен бірінші және екінші шағын топтардан келіп түседі.




«Өмірлік бөгет»


«Тыйым салынған жеміс» ойынына ұқсас. Бөлменің ортасына орындық қойылады. Бүкіл топ орындықтың кез келген жағынан тұрады. Ортадағы орындық «өмірлік бөгетті» білдіреді. Әрбір қатысушы кезекпен орындыққа жақындап келіп, онымен не істейтіндігін және оны қалай еңсеретіндігін пантомимамен көрсетуі тиіс.


«Шыбын»

Барлығы шеңберде отырады. Жаттықтырушы нұсқаулық береді: «Қазір біз тоғыз тордан тұратын (3х3), қиялдағы шаршы бойынша «шыбынды» қуалаймыз. Алдымен ол ортасында болады. Бір торға жылжытуға болады (оңға, солға, жоғары, төмен). Шаршыдан тыс шығуға болмайды. «Шыбынды» үш минут бойы ұстап тұру қажет. Екі нұсқа – көз алдындағы үлгісімен және үлгісіз. Жүрістер кезекпен шеңбер бойынша жасалады».




«Пианино»

Барлығы бір-біріне барынша жақын, шеңбер жағалай отырады. Оң қолдарын оң жақтарындағы көршілерінің тізесіне, ал сол қолдарын сол жақтарындағы көршілерінің тізесіне қояды. Шеңбер бойынша кезекпен, гамманың ойнатылуын бейнелей отырып, шапалақтау қажет. Бірінші күні ойнаудың қажеті жоқ.




«Шабадан»

Ойынның әр түрлі көптеген нұсқалары бар. Бұл жерде мына нұсқа ұсынылады. Әр жолы қатысушылардың бірі, кезекпен, есік сыртына шығады. Оған «бір шабадан» қасиет жинау қажет. Топтың қалған қатысушылары оның «шабаданына» қандай қасиеттерді салатынын шешеді (әрбір қатысушы екі-екіден: біреуі – оған көмектесетін, екіншісі – кедергі келтіретін). Жаттықтырушы, өз кезегінде, қандай да бір өте жаман қасиеттердің болмауын қадағалап, жеңілірек баламалы нұсқасын ұсынып, оларды жұмсақ түрде түзетіп отырады. Жаттықтырушы да қатыса алады, ол есік сыртына соңғы болып шығады. Бұл ойынмен тренингті аяқтаған жақсы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет