Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


Тағы да қоңырауы бар таймерлер бар ма, оларды пайдалану мүмкін бе?



бет61/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

Тағы да қоңырауы бар таймерлер бар ма, оларды пайдалану мүмкін бе?
Бір жағынан – иә. Бірақ, екінші жағынан, тапсырмаға 10 минут беріліп, алты минутта жасап шығатыны болады. Немесе 10 минут уақыт өтіп кетіп, бірақ қатысушылардың істі талқылап, беріліп кеткендіктері соншалық, оларды үзуге болмайтыны да болады. Кейбір жағдайларда уақытқа емес, ал топтық пікірталасқа, белсенділік деңгейіне және нәтижеге бағдарлану қажет. Егер адамдарға қызық болса, мен оларға көбірек уақыт беремін. Айталық, «Орал тауларындағы апатты» 15 минут, сондай-ақ бес минут та талқылауға болады, ал кейде бір сағат та жетпейді. Мұндай да болуы мүмкін.
Негізі, тапсырмаға үш минут беріледі деп айтқан күнде де, бұл тек үш минут болатындығын білдірмейді, кейде алты-жеті минут та кетеді. Мысалы, біреуі суретті тезірек салып шықса, топтың басым бөлігі әлі сурет салып жатады. Ондай жағдайда мен күтемін, өйткені, суреттерде ұсақ-түйектер көбірек болғанда және т.с.с. қызықтырақ болады.


Кейде жаттықтырушыға, топтың өтініші бойынша немесе өз ынтасымен, қандай да бір жағдайда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін, яғни, дұрыс мінез-құлықты өзінің көрсетуіне болады ма?
Ешқашан мұндай ештеңе істеуге болмайды. Әрқашан қате жіберу қаупі болады. Және ондай жағдайда, біріншіден, жаттықтырушының беделі күрт төмендейді. Ал екіншіден, тіпті жаттықтырушы қажет болғандай жасай алмаса да, топқа әлденені дәлелдеу енді мүмкін болмайды.
Бірақ тіпті жаттықтырушы бәрін жақсы істесе де, мұны жаттықтырушы істеген болып шығады. Ал тренингтік топта жаттықтырушы емес, топ жаттығады ғой. Ендеше, «көрпені өзіңе қарай тартудың» қажеті не?
Жаттықтырушының өзінің, мысалы, «Мафия» немесе «Қолтырауын» сияқты көңілді ойындарды ойнағысы келетіні болады. Ойын қызығына беріліп кетіп, қатысушы сияқты ойнауы мүмкін. Ал жаттықтырушы топты алып жүруі және үнемі жағдайды қадағалап отыруы тиіс.
Әрине, жаттықтырушының қатысуы топ үшін қажет болатын жағдайлар да болады. Мысалы, жұппен жұмыс істеу кезінде біреуі, оны тым жақсы білетіндіктен, өзінің әріптесімен жұмыс істей алмайтындығын айтады. Ондай жағдайда жаттықтырушының қатысу нұсқасы ықтимал. Немесе қысылтаяң нұсқаны – қиын клиентті ойнап көрсету қажеттілігі туындайды. Көбінесе қатысушылардың өздері мұндай клиентті ойнай алмайды. Ол кезде бұл рольді жаттықтырушы ойнайды. Бірақ тек анық қажеттілік бар болып, жаттықтырушы топ үшін бұл ең жақсы нұсқа деп шешкенде, себебі, оның ойынша, топ қатысушыларының біреуі де бұл жағдайды дұрыс көрсете алмайтын болғанда ғана.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет