Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


Ал жаттықтырушы қайда отырады – ішкі шеңберде ме, сыртқы шеңберде ме?



бет66/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

Ал жаттықтырушы қайда отырады – ішкі шеңберде ме, сыртқы шеңберде ме?
Әрине, жаттықтырушы ішкі шеңберде отырады және тек ішкі шеңбермен жұмыс жасайды. Әдетте сыртқы шеңбердің қатысушыларына ішкі шеңбердің жұмыс барысына араласуға рұқсат етілмейді.


Ал егер күнді екі бөлікке бөліп: бір топпен жұмыс істеп, қалғандары қыдыра тұрса, ал содан соң керісінше болса ше?
Онда әрбір топ екі есе аз жұмыс істейтін болып шығады. Екі күндік бағдарламаны бір күнге немесе бес күндік бағдарламаны екі күнге сыйғызу мүмкін емес. Әлденені алып тастауға тура келеді. Қатысушылар үшін де бұл қолайсыз. Бұл уақытта олар не істейді?
Оның үстіне, жаттықтырушы үшін бұл, «аквариум» нұсқасынан гөрі, үлкен жүктеме. Оның түске дейін бірінші топта, содан соң екінші топта не болғанының бәрін есінде сақтауы тиіс. Екі топтағы тренингтің жалғасын ойластыруына тура келеді. Ал екі топты қатар алып жүру әлдеқайда ауыр.
Сондай-ақ күндер бойынша бөлудің де қажеті жоқ: бірінші күні – бір топ, екінші күні – екінші топ. Бұл бір күндік тренинг болып шығады, ал адамдар екі күндік тренингке келді. Осылайша, «аквариум» жұмыстың ең тиімді нұсқасы болуы мүмкін, бірақ, әрине, қандай да бір өзге жағдайларда басқа нұсқалар да ықтимал.


Егер біз қатысушылар үшін оңайлатылған тәртіп туралы айтатын болсақ, енжар қатысушыларды қалай қозғалтуға болады?
Ешкімді арнайы қозғалтудың қажеті жоқ. Не үшін? Бірде-бір тренингте осындай (енжар) қатысушыларды көріп, оларды белсенді үдеріске жасанды түрде тарту міндеті қойылмайды. Біріншіден, егер қалған қатысушылар сіздің біреуді арнайы белсендіруге тырысып жатқаныңызды байқаса, бұл міндетті түрде көрінеді, және ондай жағдайда адам одан әрі «тұйықтала түседі».
Екіншіден, барлық адамдардың қабілеттіліктері әр түрлі: біреу жылдамырақ, енді біреу сәл баяуырақ істейді. Бәлкім, бұл адам осылай – осындай қарқында және енжар тыңдаушы түрінде жұмыс істейтін шығар. Бірақ ол өзінікін алады. Оның үстіне, тренингте әрқашан барлығы қатысатын ойындар мен жаттығулар бар болады. Осылайша, енжар қатысушыда да белсенді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Тіпті осындай бірлескен ойыннан кейін оның мінез-құлқы өзгеруі де мүмкін, себебі, оның ширығуы қайта бастайды да, ол босаңсып, ойнаудың сондай қорқынышты емес екендігін түсініп, ары қарай өзін әлдеқайда белсендірек ұстайтын болады.
Үшіншіден, ол қарсылық білдіре бастайтын қарсы әрекет жағдайына түсуге болады. Бұның керегі қанша?
Төртіншіден, егер сіз оны әйтеуір «қозғалтып», ал ол өзінің жеке проблемалары туралы айта бастаса, орынсыз жағдай болып шығуы мүмкін. Және сіз: «Кешір, бізде басқа тақырып және т.б.», - деуге мәжбүр боласыз. Онда не үшін адамды қозғадық деген сұрақ туындайды.
Және бесіншіден, адамның өзі қаламаса, оны ештеңеге үйретуге, және егер өзі қаламаса, ештеңені өзгертуге болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет