8-қосымша.
ВЕРБАЛИЗАЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН МӘТІН
1. Біздің сондай әсершіл және дамыған баламыз үш жасқа толды және оны балабақшаға беру қажет. Мен осы үшін қатты алаңдаймын. Онда үйдегідей қарамайды, әр түрлі жұқпалы аурулар да болады – ауырады. Ал бермеуге де болмайды: оған қарап отырған әже тым әлсіреп кетті, денсаулығы да онша емес. Не істеймін – миым жетпейді? (Кідіріс – әріптестің жауабын күту...).
2. Үйден алыс болса да, ұлымды «ағылшын» мектебіне бергім келер еді. Өйткені егер ол онда оқитын болса, ағылшын тілінен жақсы дайындық алады, ал қазір бұл мамандық десе де болады. Бірақ ол бізде жиі ауырады, таза ауада аз болады, және мен осының оның денсаулығына ықпалын тигізуі мүмкін екендігінен қорқамын. Рас, біздің ауламызда мектеп бар, бірақ қарапайым. (Кідіріс – әріптестің жауабын күту...).
3. Міне, өз еркіммен кету туралы өтініш әкелдім. Бұл жерде денсаулығымды құртуым жетеді! Жұмысты да өзімнің жаңа пәтеріме жақын жерден тауып алдым. Кеткім келмейді, әрине: мұнда жұмыс та қызық, ұжым да жақсы. Бірақ шебермен үнемі жанжалдасу кімнің болса да зықысын шығарады... Мен енді бұлай жүре алмаймын. (Кідіріс – әріптестің жауабын күту...).
4. Мен сендерге ертең есеп беруді тапсыру керек екендігін түсінемін. Бірақ, сендер білесіңдер, сауалнамадағы осы барлық сұрақтар сондай оғаш, және мен олардың маған менің жұмысымда қалай көмектесетіндігін түсінбеймін. Оның үстіне, олардың көпшілігі жұмысқа емес, ал менің жеке қасиеттеріме, менің қабілеттіліктеріме, менің жай-күйіме қатысты. (Кідіріс – әріптестің жауабын күту...).
5. Менің балам соңғы екі-үш айда қатты өзгерді. Ауылдағы әжесінен келгеннен кейін ол мүлде «босап кетті». Дөрекі сөйлейді, беттен алады, құрдастарымен төбелеседі, өтіп бара жатқан адамдардың бас киімдерін жұлып алады. Мектепте де оған шағымданады, кілең екілік бағалар. Ал бұған дейін тамаша бала болған еді ғой, жақсы оқыған, үйірмеге барған. Ал енді не? Көршілер менен шеттеп жүреді, мектепте менің жаман ана екенімді айтады. Ал мен не істей аламын? Біз онымен сөйлестік те, егер өзін жақсы ұстайтын болса, әр түрлі нәрселерді алып беруге уәде де бердік. Әкесі оны бірнеше рет сабады да, бірақ ештеңе көмектеспейді. (Кідіріс – әріптестің жауабын күту...).
6. Міне, балам, ұзақ күш сала отырып, маған шілде айында демалыс алып, тауға екі жолдама алудың сәті түсті. Біз онда өте жақсы демаламыз. Оның үстіне, сен тамыз айында институтқа түсу үшін емтихан тапсыруың қажет, және кейін екеумізге бірге демалудың сәті түсе қояр ма екен? Сен маған тау самалының өте пайдалы екендігін білесің ғой. Саған да әкеңмен бірге болған пайдалы, өйткені кейін сен бес жылға оқуға кетіп қаласың ғой, және сенде жаңа достар мен таныстар пайда болады. (Кідіріс – әріптестің жауабын күту...).
7. Менде мүлікті: пәтерді, жиһазды, жақсы учаскесі бар саяжайды, машинаны және т.б. бөлу туралы өте күрделі іс тұр. Мен мұны қалай жасаған дұрыс болатындығын білмеймін, себебі, осының бәріне қатты үйреніп қалдым. Бейбіт түрде келіссем бе, әлде бірден сотқа берсем бе? Әрине, 15 жыл ішінде бәріне: барлық осы жайлылықтарға, кітаптарға (біздің жақсы және үлкен кітапханамыз бар) үйреніп қаласың, бала кезімнен жинаған, ескі заманнан қалған күміс тиындардың коллекциясы бар. Пледке оранып алып, демалуға немесе жалғыз жатып кітап оқуға болатын өзімнің жеке бөлмемнің артықшылығы туралы айтпасам да болады. Бірақ енді мен абыржулымын, себебі, сіздің қабылдау бөлмеңізде жаңа ғана әйелімді көрдім, ол менімен, неге екені белгісіз, тіпті амандаспады да... (Кідіріс – әріптестің жауабын күту...).
8. Білесіз бе, адамдардың неліктен маған сонша жаман қарайтындықтарын еш түсінбеймін. Мен оларға жаман ештеңе істемеймін ғой. Мен, әрине, принципті адаммын және әрқашан адамдардың кемшіліктері туралы шындықты және олар туралы не ойлайтынымды олардың көздеріне айтамын. Егер біреу қызбен қандай да бір «жеңіл жүріске» салынса, жұмыс уақытында күліп, әр түрлі қалжыңдар айтатын болса немесе не болса, соны, мысалы, жыртық шалбар киетін болса, немесе біреу кешігетін болса. Мен әрқашан ұжымымыздың барлық мүшелерінің осындай және басқа да кемшіліктеріне қарсы тұрамын. Ал олар болса, жақсылықты білмейді... (Кідіріс – әріптестің жауабын күту...).
9. Доктор, сіз өзіңіз операцияның жаңа екенін және операциядан кейін толық сауығып кету тек аурулардың жартысында ғана болатындығын, операциядан кейін жай-күйдің азын-аулақ нашарлауы да мүмкін екендігін айтқансыз. Оның үстіне, мен үшін операцияны кім жасайтындығы, оның аурудың тарихымен, оның дамуымен және емделуімен қаншалықты жақсы таныс екендігі, оның өзінің оң нәтижеге қаншалықты сенімді екендігі маңызды. Сіздің аурулардың осы операция туралы да, басқа операциялар туралы да не айтатындығын білуіңіз тиіс қой. Бір дәрігер операция алдында дәрі ішеді, өйткені, оның жүрегі нашар, кез келген мезетте тоқтап қалуы мүмкін дейді ғой. Екіншісі қолдары дірілдемеуі үшін спирт ішеді екен. Адамның ішінде қайшы немесе қандай да бір басқа құрал қалып қоятын, және сол күйінде тігіп қоятын да оқиғалар болады дейді... (Кідіріс – әріптестің жауабын күту...).
Достарыңызбен бөлісу: |