Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет75/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82
10-қосымша.


ҚАҚТЫҒЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ЖӘНЕ ДАМУЫНА
ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

1. Әріптестің сөзін бөлу.


2. Әріптесті кемсіту.
3. Әріптеске, оның сөздеріне, қылықтарына қатысты теріс баға беру.
4. Өзі мен әріптесінің арасындағы айырмашылықты баса көрсету.
5. Ортақ іске әріптесінің қосқан үлесін кемітіп, өз үлесін арттырып көрсету.
6. Ұсақ-түйек тиісулер.
7. Проблеманы шешу үшін уақыт тапшылығын қолдан жасау.
8. Әңгіме қарқынын шұғыл жылдамдату.
9. Әріптесін толығымен түсінбеу немесе түсінгісі келмеу.
10. Әріптеспен эмоционалдық байланыстың болмауы немесе оны жоғалту.
11. Әріптеспен кеңістіктік жақындықтан және көз байланысынан қашқақтау.


Ширыққан қақтығысты жағдайдағы мінез-құлық


1-кезең. Әріптеске икемделу.
1. Әңгімеде өзіңізге, өзіңіздің жай-күйіңізге, өз ойларыңызға тұйықталмаңыз.
2. Әріптестің көзіне, оның бетіне, қолдарына, дене қалпына қарауға, бет-әлпеті мен дене қалпының өзгерістерін қадағалап отыруға тырысыңыз.
3. Ойша әріптестің орнына тұрып, оны қақтығысты жай-күйге қандай оқиғалар әкелгендігін түсінуге тырысып көріңіз.
4. Өзіңізді әріптестің орнына қойып, «Мен мұндай жағдайда өзімді қалай сезінген болар едім?» - деп ойлап, сезініп көруге тырысыңыз.


2-кезең. Әріптестің мінез-құлқын қайта құру (Ширығуды тегістеу техникалары)
1. Әріптестің өз ойларын айтып болуына мүмкіндік беріңіз және кідіріс жасаңыз.
2. Сізге әріптесіңіздің сөздері қалдырған әсер туралы айтыңыз.
3. а) өзіңіздің, б) әріптесіңіздің жай-күйі туралы айтыңыз.
4. Әріптеспен өз ортақтықтарыңызды баса көрсетіңіз.
5. Әріптестің пікірлері мен пайымдауларының сіз үшін маңыздылығын баса көрсетіңіз.
6. Фактілерге жүгініңіз.
7. Сіздікі дұрыс болмаған жағдайда дереу оны мойындаңыз және жағдайдан шығатын жолды ұсыныңыз.
8. Сабыр сақтаңыз.
9. Өзіңізді биязы және тіпті ерекше сыпайы ұстаңыз.
10. Әріптесіңіздің ең ақылға қонымсыз сөздерін қайталаңыз.
11. Егер әріптесіңіз сізден әлсіздеу болса немесе мәртебесі төменірек болса, сіздің оның жай-күйін түсінетіндігіңізді көрсетіңіз.


Ұсынымдар

1. Өзіңе тұйықталмау.


2. Әріптесіңнің мінез-құлқын бақылап отыру.
3. Өзіңді әріптесіңнің орнына қою.
4. Ортақтасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет