СҰХБАТ ЖҮРГІЗУ ТЕХНИКАЛАРЫ
Әріптестің түсінуіне септігін тигізбейтін техникалар
1. Теріс баға: әңгімеде әріптесінің жеке басын кемсітетін сөздер айтылады (мысалы, «Айтып отырғаның ақымақтық...», «Көріп отырмын, сен бұл мәселеде ештеңе де түсінбейсің...»).
2. Елемеушілік: әңгімелесуші әріптесінің не айтқанын ескермейді, оның сөздеріне немқұрайды қарайды;
3. Шығандаған өзімшілдік: әңгімелесуші әріптесінің өзін қызықтыратын проблемаларды ғана түсінуі үшін әрекеттенеді.
Аралық техникалар
4. Сұрау: әңгімелесуші әріптесінен әлденені сұрастырып біліп алғысы келіп, бірақ өз мақсаттарын оған түсіндірместен, сұрақтан соң сұрақ қояды.
5. Әңгіме барысы туралы ескертулер: әңгімелесу барысында әңгімелесуші «Әңгіменің тақырыбына көшетін уақыт болды»; «Біз тақырыптан сәл ауытқып кеттік»; «Әңгімеміздің мақсатына қайтып оралайық» және т.б. сияқты сөздерді қосып отырады.
6. Қостау: әңгімелесуші әріптесінің сөздерін «иә-иә...», «мһм...» сияқты жауаптармен қостап отырады.
Әріптестің түсінуіне септігін тигізетін техникалар (белсенді тыңдау)
7. Вербализация, А сатысы: айтып шығу. Әңгімелесуші әріптесінің айтқанын сөзбе-сөз қайталайды, бұл орайда ол: «Менің сізді түсінуімше...»; «Сіздің ойыңызша...»; «Басқаша айтқанда, сен ... деп есептейсің» және т.б. қыстырма сөз орамынан бастай алады.
8. Вербализация, Б сатысы: сөз орамын түрлендіріп айту. Әңгімелесуші әріптесінің айтқанын қысқартылған және жинақтап қорытылған түрде қайталайды, оның сөздеріндегі ең маңыздысын қысқаша тұжырымдайды: «Менің түсінуімше, сіздің негізгі идеяларыңыз ... болып табылады»; «Сонымен...».
9. Вербализация, В сатысы: идеяны дамыту. Әңгімелесуші әріптесінің айтқанынан қисынды салдар шығаруға әрекеттенеді: «Сіздің айтқаныңызға қарағанда, ... болып шығады»; «Сіз осылай есептейсіз, өйткені ... сияқты».
Достарыңызбен бөлісу: |