ақпаратты өз ойлау қисынына қарай орайластырып өңдейді;
ерекше, «қуырылған» фактілерді есте сақтайды, бірақ «ауру» сөз аяғына дейін сүйретіліп жетуі мүмкін, сондай-ақ азырақ дәрежеде қауіпті және эмоционалдық тұрғыдан ұстамдырақ сөздерге алмастырылуы да мүмкін;
тыңдаушының жай-күйін бақылау және оның қай уақытта ақпаратты түсінбегендігін қадағалау;
«Сізге бәрі түсінікті ме?»деп сұрамау, әдетте бәрі: «Иә», - деп жауап береді; нақтылауға арналған сұрақ қою қажет, мысалы: «Біздің әңгімемізден кейін сіз ары қарай не істейсіз?», «Ең алдымен не істейсіз?», - мүмкін, маңызды мезеттерді тағы да айту;
егер кедергі болса (сіздің сөзіңізді бөлсе), тоқтап, кейін оралып, алдыңғы сөйлемді тағы бір рет айтып шығу қажет;
оң немесе теріс уәждемені жасау: «Егер барлығын нұсқаулық бойынша жасайтын болсаңыз, онда...», «Егер жасамасаңыз, онда...»;
«дуал» тәрізді техникаларды – арнайы сөз орамдарын қолдану («Мен әдейі сіздердің назарларыңызды аударамын...», «Мен сіздердің бұны есте сақтағандықтарыңызды қалаймын...»).