Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


Тәжірибелі жаттықтырушымен бір жұпта жұмыс істеу



бет11/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

Тәжірибелі жаттықтырушымен бір жұпта жұмыс істеу. Тәжірибелі жаттықтырушымен бір жұпта жұмыс істеу тренингте кім ретінде қатысатындығыңызға қарай белгілі бір белсенділікті ұйғарады. Видео операторы ретінде қатысуға болады, яғни, сіз шеңберде отырасыз және топ жұмысына қатыспайсыз, ал тек қана видеоға белгілі бір ойындарды түсіресіз; барлық қалған уақытта сіз топ пен жаттықтырушының жұмысын бақылайсыз. Немесе сіз топта отырасыз, қажеттілігіне қарай қатысасыз және видеоға қандай да бір ойындарды түсіресіз.
Мүмкін, жаттықтырушы сізді топқа жалған мүше етіп алады, яғни, сіз – топ қатысушысыз, ал кейбір ойындарда арнайы рольдерді – мысалы, қиын клиентті немесе ашулы бастықты, немесе қол астындағы қырсық қызметкерді және т.б. ойнайсыз. Топ қатысушылары көбінесе мұндай күрделі рольді ойнай алмайтындықтан, ұялатындықтан, өз әріптестеріне «соқтығуға» ыңғайсызданатындықтан және т.б., көптеген жаттықтырушылар өз әріптестері мен таныстарын осындай рольдерге алады. Мүмкін, жаттықтырушы мұндай ұсынысқа тіпті қуанып кетер – оған ешкімді іздеудің қажеті болмайды және, бұдан басқа, тренингті жүргізуге оқытылып-үйретілген адам қиын рольдерді жақсырақ ойнайтын болады.
Әрине, тәжірибелі жаттықтырушымен бір жұпта екінші жаттықтырушы болу – өте жақсы нұсқа. Сіз онымен келісе отырып, қандай да бір ойындарды, басында, мүмкін, тек алғашқы ширату жаттығуларын өткізесіз, сізде жүз пайыздық сақтандырумен жұмыс істеудің бірегей мүмкіндігі пайда болады. Бұдан басқа, сіз үнемі білікті кері байланысты алатын боласыз. Әрине, мұндай бастау ең тиімді болып табылады, бірақ бұндай мүмкіндік болмаса, басқа нұсқа барлығына дерлік қолжетімді.
Жаңа бастаған жаттықтырушымен бір жұпта жұмыс істеу. Сіз өзіңіз оқыған әдістемелік тобыңыздан біреуді жұп ретінде таңдайсыз және екеуіңіз бірге жұмыс істей бастайсыздар. Екі адам бірге жұмыс істеген әлдеқайда жеңілірек: сізде үнемі сізді сақтандырып отыратын, әрқашан көмектесе, қолдай алатын адам болады. Егер сіз абдырап қалсаңыз, ол сөз кезегін өзі алып, сіздің орныңызға сөйлеуді жалғастыра алады, әрі топ үшін бұл барлығы алдын ала осылай жоспарланғандай болып көрінеді. Ең бастысы – бір-бірлеріңізбен топтың көзінше дауласпауға, бір-бірлеріңізге қарсы келмеуге, екеуіңіздің тең құқылы әріптес екендіктеріңізге және, егер топ екеуіңіздің біреуіңізді басты адам деп шешсе де, сіздерге бәрі бір, сіздер кімнің көп жұмыс істегендігімен санаспай, тиісінше, бірдей ақы алатындықтарыңызға келісіп алу.
Сіздер кімнің не айтатынын және істейтінін бөліп ала аласыздар, бірақ екінші адам бірдеңені қосуы, мүмкін, топ бұл сіздің қатеңіз екенін түсінбейтіндей етіп, сіздің қателеріңізді бірден түзетуі мүмкін. Яғни, сіздер біреуіңіз бір нәрсені дұрыс жасамасаңыздар, екіншілеріңіз араласып, оны түзетуге келісесіздер. Мысалы, сіз нұсқау беріп жатырсыз, ал сіздің әріптесіңіз сіздің рольдерді ауыстырып алғаныңызды байқайды. Ол араласып: «Тоқта, мен ойлап таптым – біз басқа ойын ойнаймыз», - дейді де, дұрыс нұсқау береді. Немесе ол жаңа кіріспе түскенін айтады да, нұсқауды түзетеді. Сіз әріптесіңіз араласса, демек, бұның қажет болғандығын түсінуіңіз керек, және сіз өзіңізді бұл әуел бастан осылай ойластырылғандай ұстайсыз. Ал топпен жұмыстан кейін немесе үзілісте жағдайды талқылайсыздар, топ қандай да бір қателердің болғандығын және сіздердің оларды түзеткендеріңізді тіпті байқамай да қалады.
Жұп болып жұмыс істеу әлдеқайда жеңілірек және, ең бастысы, тиімдірек, себебі, қателерге жол бермеуге болады, өйткені мұндай сақтандырумен жұмыс жасай отырып, сіз азырақ қобалжисыз және қателерді азырақ жібересіз. Мысалы, менің таныстарымда мынадай бір оқиға болған. Топпен екі жаттықтырушы жұмыс жасаған, олардың біреуі «Электричка» ойынын (нұсқауларын ары қарай қараңыз) өткізген. Әлдене дұрыс болмай, ойын күтпеген жерден дұрыс жүрмей қойған. Ойынды талдай бастағанда, ойыншылардың белгісіз бір себеппен орындықта жатқан пакетті адамның макеті деп ойлап, көрші орындықта отырған адаммен емес, осы пакетпен сөйлесу қажет деп шешкендігі түсінікті болған. Олар пакетпен қалай сөйлесу керек екендігін түсінбеген де, ойын дұрыс жүрмеген. Бұл ойынды жүргізіп жатқан жаттықтырушы сасқалақтап, ойынның қалай бүлінгендігі туралы ғана ойлаған және ары қарай не істейтіндігін мүлдем білмеген. Ішкі логика бұзылған. Бірақ ойынды тастауға болмайды, ал ары қарай ойнауға да болмайды, өйткені топ бұл ойынды не үшін ойнағанын және қандай қорытындылар шығаруға болатындығын түсінбес еді. Жағдайды екінші жаттықтырушы құтқарған, ол бұның қазір ойналатын ойынның алдындағы арнайы жаттығу болғандығын айтып, «Электричка» ойынын қайтадан ойнатқан. Нұсқауларды анық берген де, ең басында ойластырылғандай, ойын өте жақсы өткен. Әрине, топтың қатысушылары ештеңені де сезбеген, олар бәрінің дәл осылай ойластырылғанына сенімді болған. Нәтижесінде ойын, мүмкін, тіпті бүкіл тренинг те құтқарылған.
Бұдан басқа, сіздер бір-бірлеріңізге кері байланыс бере аласыздар. Күннің соңында қандай күрделі немесе даулы мезеттер болғандығы, ненің көмектесіп, ненің кедергі жасағаны туралы әрқашан пікір алмаса аласыздар. Әр түрлі ұсақ-түйектер біртұтас бүтіндікті құрап, ол мазмұнмен толығады, және сіз тренингтің заңдылықтарын барған сайын жақсырақ түсіне бастайсыз. Және осылай үйрену әлдеқайда жеңілірек, өйткені сізге топ беретін кері байланыс, қанша дегенмен, тым жалпы. Сізбен бірге топпен жұмыс жасайтын жаттықтырушы сізге өз кері байланысын береді – өзінің бұны қалай көргендігін, нені байқағандығын айтады. Бұл даму үшін өте пайдалы.
Жалпы, үнемі жұп болып жұмыс істеу мүмкіндігі болса, бұл өте жақсы. Біз танысымыз екеуміз жұп болып бірнеше жыл жұмыс жасадық. Және тіпті өте маңызды тапсырыстар болған кезде де, біз оның алдында ертең сол жерде кездесеміз деп бір-бірімізге қоңырау шалатынбыз. Біз тіпті топта не айтатындығымыз туралы келісіп те алмайтынбыз. Ойын барысында жөн табатынбыз. Ол бірдеңе айтады, мен бірдеңе айтамын. Мен бір нәрсе істеймін, ол екінші бір нәрсені істейді. Ол қандай да бір ақпараттық блокты қояды, мен келесісін қоямын. Сонда топтар тиімдірек болып шығатын, себебі, қандай да бір үйден дайындалып әкелінген әзірленімдер болмайтын да, бағдарлама толығымен нақты топқа бағдарланатын.
Басында жұмыс істеу жеңілірек болу үшін, тегін топтардан бастауға болады. Мысалы, сіз мектепке келесіз де, ата-аналармен және мұғалімдермен келісе отырып, жоғары сынып оқушыларынан топ қалыптастырасыз және олармен тегін тренинг өткізесіз. Бұл – өте игілікті аудитория, оларға бәрі қызық, олар белсенді жұмыс істейді. Мұндай топтарда барлық ойындарды, барлық нұсқауларды, әр түрлі жағдайларды өткізіп шығуға болады. Белгілі бір тәжірибе жинақтап алған соң, сіз басқа топтарға шығуға қорықпайсыз, және келіссөздер жүргізу кезінде өзіңіздің жұмыс тәжірибеңізге сенімді түрде сүйене аласыз. Кейінірек сіз мектеп оқушылары топтарынан да қандай да бір ақша ала аласыз. Мысалы, сіз екі-үш топпен тегін жұмыс жасадыңыз, ал содан соң қалған сабақтар үшін ақы төлеуді ұсынасыз. Ақы шартты түрде болуы да мүмкін, мысалы, адам басынан 50-100 сом, бірақ осының өзі мүлдем тегіннен гөрі әлдеқайда жақсырақ. Бірақ егер сіз, мәселен, осы мектепте жұмыс істейтін болсаңыз, сондықтан сізге ақылы сабақ өткізу ыңғайсыз болса, сіз дәл осындай жаттықтырушыны басқа мектептен іздеп, бір-бірлеріңіз үшін топ жинайсыздар да, таныс емес мектеп оқушыларымен ақшаға жұмыс істейсіздер. Осылайша, сіз тәжірибе жинақтайсыз және қандай да бір ақша табасыз.
Жаттықтырушы болып жұмыс істей бастаудың тағы бір нұсқасы – өз таныстарыңыздың арасынан, әсіресе кейіннен сізді өз жұмысында жарнамалай алатын немесе тапсырыс беруші бола алатын адамдардан топ іріктеп алу. Өз таныстарыңызбен жұмыс жасау жеңілірек, олар әуел бастан сізге жақсы қарым-қатынаста болады.
Бұдан басқа, басында сіз сауық кештерінде, сіздерге қонақтар келгенде, серуендерде және т.б. қандай да бір көңілді ойындарды өткізе аласыз. Сіз нұсқауларды дұрыс беріп, ойынды басқарып үйренесіз, сонда сізге шын топта қорқынышты болмайды, адамдар тобына әлденені айтқан кезде өзіңізді жайлы сезініп, көптеген қателерге жол бермейтін боласыз. Үйде туыстарыңызбен, достарыңызбен, отбасыңызбен ойнауға болады.
Жаттықтырушының қателескенінде тұрған ештеңе жоқ екендігін айтқым келеді. Одан да жаманы – оның әлденені дұрыс айтпайтындығын бәрі бір уайымдайтындығы. Және ол күтпеген жерден әлденені дұрыс айтпай қалса, қызарып-бозарып, әлденені міңгірлеп, бүкіл жағдайды біржолата бүлдіріп тынады.
Қалай болғанда да, тіпті сіз әлденені дұрыс айтпасаңыз да, іле-шала: мен айнып қалдым, басқаша жасайық, - деп айту қажет.
Ойынның барысында нұсқаулардың дұрыс берілмегендігін және сол себептен оны ойнау мүмкін еместігін түсінетініңіз де болады... Жай ғана: «Тоқтаңыздар, мен жаңа ойын ойлап таптым», - деп айтасыз да, нұсқауды ауыстырасыз.
Ең бастысы, сізде тәжірибе пайда болады, топты сезіну пайда болады, сіз қандай да бір ойынға топтың әдетте қалай қарайтынын білетін боласыз.

2-тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет