Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011


АУЫЗША ЕМЕС МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР



бет32/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

АУЫЗША ЕМЕС МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР


«Айна»

Топ бір-біріне қарама-қарсы екі сапқа тұрады (егер қатысушылардың саны тақ болса, жаттықтырушы да қатысады). Бірінші саптағы қатысушылар кез келген қозғалыстар мен қимылдарды жасайды, ым-ишарасы мен дене қалпын өзгертеді, ал екінші саптағы қатысушылар, айна сияқты, өз жұбының соңынан барлық ауызша емес көріністерді қайталайды. Ойын 2-3 минутқа созылады, содан соң топтар рольдерімен алмасады.




«Қисық айна»

Бірінші сап кез келген қозғалыстарды жасайды, бірақ қозғалыстар дискретті, яғни, олардың арасында кідірістер болуы тиіс. Айна (екінші сап) бір қозғалысқа қалыс қалып, қозғалыстарды қайталай бастайды. Мысалы, адам қолын көтереді, бір секунд кідіріс болады, содан соң екінші қолын көтереді, айна алдыңғы қозғалысты жасайды, яғни, бір қадамға қалыс жүреді. 2-3 минуттан кейін саптар рольдерімен алмасады.


Ақпаратты «әйнек арқылы» беру

Барлығы дәл солай бір-біріне қарама-қарсы жұппен тұрады. Алдымен бірінші жұп жұмыс істейді. Бір адам өзінің әріптесіне, өзі вагонда, ал ол перронда тұрғандай, әлденені сөз айтпастан көрсетеді. Мысалы, үтікті өшіруге ұмытып кеткен. Әріптесі, хабарламаға қарап, өзінің айтылғаннан нені ұққанын айтады. Содан соң екінші жұп көрсетіп, шешімін табады. Және осылай кезекпен топтың барлық қатысушылары жасап шығады. Бұл ойындар ауызша емес мінез-құлықтың теориясынан кейін бірден, бір мезгілде сергіту жаттығуы, әрі демонстрация бола отырып, бірінен соң бірі келеді.




«Қолтырауын»

Бұл ойынды, егер сізге ахуалды аздап бәсеңсіту қажет болып көрінсе, күннің ортасында да, әңгіме ауызша емес мінез-құлық туралы болып отырғанда да ойнауға болады.


Нұсқаулық. Топ екі бөлікке бөлінеді. Әрбір шағын топ бейнелеп көрсету қиын болатын сөздерді ойлап табады. Содан соң екінші шағын топтың өкілін шақырады да, оның құлағына осы сөзді айтады, ол оны өз тобына көрсетуі тиіс. Әріптер бойынша көрсетуге болмайды, сөздің мағынасын бейнелеп көрсету керек. Бәрі белсенді түрде сұрақтар қоя алады. Топтар кезекпен жұмыс істейді.
Ойынды уақыттан шектеуге болады, мысалы, көрсетуге екі минут беріледі. Сондай-ақ топтар арасында есеп жүргізуге болады. Әдетте осы арқылы жарыс мезеті енгізіледі. Бұл жаттығудың эмоционалдылығын арттыра алады, және бүкіл ойын анағұрлым көңілдірек өтеді. Кейбір топтарда қатысушылардың жарысқа бағдарланатындықтары соншалықты, жаттықтырушы айтпастан-ақ өздері есеп жүргізеді.
Егер уақыт болса, әрқайсысының көрсетуші ролінде болып көргені дұрыс. Өте күлкілі жағдайлар болады. Бір топта «құйыршық» сөзін көрсеткені есімде. Өте күлкілі болды, топ осы мезетті ұзақ уақыт бойы есіне алып жүрді.
Сөздерді емес, мысалы, мәтелдерді жасыруға болады. Бірақ мәтелдермен жаманырақ, өйткені егер олар аса белгілі болмаса, шеше алмайсың, ал егер белгілі болса, бірден шешуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет