Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы «Менің көңіл-күйім»



бет6/14
Дата20.02.2023
өлшемі44,24 Kb.
#69458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ïñèõîëîãèÿëû? òðåíèíãòåð ìåí æàòòû?óëàð æèíà?û «Ìåí³? ê??³ë-ê?é³

«Өз жұбыңды тап» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
«Оның есесіне мен…» жаттығуы
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
— Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне … .
— Мен шаршадым, оның есесіне … .
— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне … .
— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне … .
— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне … .
— Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … .
— Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … .
— Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне … .
— Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне … .
— Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне … .
— Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне … .
— Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне … .
— Мен тым толықпын, оның есесіне … .
— Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … .
— Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … .
— Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне … .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет