Білім парадигмасы және психологияны оқыту әдістемесіндегі жаңашыл әдістер.
Парадигма латын тілінен аударғанда үлгі дегенді білдіреді. Белгілі бір мәселені қою мен шешімін табудың логикалық үлгісі б.т. Білім беру парадигмалары білім беру жүйесі құруға, білімді тиімді түрде жеткізуде қолданылатын әдістерді құруға негіз бола алады.
Қазіргі кезде тұлғаға бағытталған және ізгілендіру білім беру парадигмалары қарастырылған. Тұлғаға бағытталған білім парадигмасының мақсаты тұлғаның өзін-өзі түсінуіне, өзіндік дамуы үшін өз ішкі күштерін, мүмкіндіктерін ашып, дамытуға көмектесу.
Мен тұжырымдамасын қалыптастыру. Ізгілендіру парадигмасының мақсаты жеке тұлғаның қоғамдағы өз орынын табуға көмектесу, жекелік дамуына бағдар жасау. Қоғаммен қарым-қатынасын жақсарту. Жалпы бұл парадигмалардағы ортақ мақсат білім беру барысында жеке тұлға ерекшеліктеріне мән бере отырып оқыту. Соған сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану. Қазіргі таңда оқытуда түрлі жаңашыл әдістер қолданылады. Барлығыда тиімді әрі білімдерді түсінікті етіп жеткізуге бағытталған. Өз тәжірибемде қолданыып көрген әдістерге тоқталсам. Оларға: галерия әдісі, бес саусақ, джигсо, сегіз аяз, балық қаңқасы, бағдаршам, музыкалық эстафета т.б
Психологияны оқыту әдістемесіндегі қолжетімділік қағидасын пайдалану
Психологияны оқуда қолжетімділік қағидасы қарапайымнан күрделілікке өту, оқытудың мазмұны мен әдістерін оқушылардың даму деңгейімен байланыстыру, оқушылардың білімі мен қызығушылықтары арқылы жүзеге асады . Қолжетімділік қағидасы әрбір баланың білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жағдай тудыруды білдіреді.
Қолжетімділік қағидасы: - оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес және білім алу қажеттіліктеріне сәйкес психологияны оқыту әдістемесі пәнін тез, әрі түсінікті меңгеруі үшін педагогикалық технологияларды, әдістерді, тәсілдерді, оқу жұмысын ұйымдастыру формасын дұрыс қолдана білуді, оқушылардың оқудағы және оқудан тыс жетістіктерін бағалауда олардың мүмкіндіктеріне сәйкес тәсілдерді пайдалануды, білім алуы барысында оқушылардың икемділіктерімен қабілеттерін саралай отырып, қарапайымнан- күрделіге қарай білім беруді көздейді. Пәндегі ақпараттардың қолжетімділігі, оқу құралдары және бүгінгі таңдағы маңызды құрал электронды ақпарат көздерінің қолжетімділігі мәселелерін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |