«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқыту әдістемесінің басқа оқу пәндерімен байланысы (оқыту әдістемесі, психология, философия, т.б



бет4/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Психологияны оқыту әдістемесінің басқа оқу пәндерімен байланысы (оқыту әдістемесі, психология, философия, т.б

Психологияны оқыту әдістемесін философия, психологияға педагогика дидиактикамен байланыстыра аламыз. Бұл байланыстарды айтпас бұрын психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласына жататынын айта кеткен жөн. Психологияны оқыту әдістемесі пәні психология теорияларына сүйенеді. Яғни психология теорияны зерттесе, әдістеме оны оқыту жолдарын зерттейді. Фиилософиямен байланысын айтар болсақ психика туралы алғашқы ғылыми түсініктер Ежелгі дүниеде философиядан бастау алып дами бастаған болатын. ХІХ ғасырдың 70—80-жылдарында психология  өз алдына бөлек салаға айналды. Демек бұл пәндер тарихы философиядан бастау алды. Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.Егер психология психикалық процесті (түйсік, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, қабілет),зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.   Дидактика мен әдістеме – педагогикалық ғылымдар, екінші жағынан, оқытуда олар әр түрлі қызмет атқарады. Дидактика – педагогиканың негізгі бөлігі, ол оқытудың мақсатын, принциптерін, заңдары мен заңдылықтарын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, формаларын зерттейтін ғылым. Психологияны оқыту әдістемесі дидактикада пайда болған теорияларды білім алушы қабілетіне ерекшеліктеріне сай түрлі әдіс тәсілдер арқылы меңгерту б.т.

Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары – философия мен психология. Педагогиканың психологиямен де байланысы тығыз.Психологияның зерттеу пәні психика мен тұлғаның психологиялық құрылымы болғандықтан, психология оқыту мен тәрбиенің жүйелері негізделетін оқушының дамуы мен таным үрдістері туралы қажетті мәліметтерді береді. Психология адамның даму заңдылықтарын ашып, оның деңгейін диагностикалайтын болса, ары қарай педагогика оны оқыту мен тәрбие барысында дамыту мен қалыптастыру жолдары мен мазмұнын қарастырады. Педагогика мен психологияның маңызды байланыстарына төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жас ерекшелік сипаттамалары.

2. Психикалық үрдістер туралы түсініктер.

3. Тұлғаның жеке ерекшеліктерін сипаттау, ең бірінші – дербестік, белсенділік, мотивациясын.

4. Педагогика мазмұн түрінде қабылдайтын сипатында білім беру мақсаттарын ұсыну.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет