«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқыту әдістемесіндегі дәріс. Дәріс материалдарын баяндау тәсілдері



бет8/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
Психологияны оқыту әдістемесіндегі дәріс. Дәріс материалдарын баяндау тәсілдері

ЖОО-дағы лекция-оқытудың дидактикалық циклының басты бөлігі. Оның мақсаты-оқу материалын студенттің игеруінің бағдарлық негізін қалыптастыру. «Лекция» сөзі латынша «lection»- оқу дегенді білдіреді. Лекция Ежелгі Грецияда пайда болып, Ежелгі Римде орта ғасырларда одан әрі жалғасты. Лекциялар егер оқулық болмаса, немесе олар аз болғанда қажет.

Бірақ тәжірбиеде көрінгендей лекциядан бас тарту студенттердің дайындығының ғылыми деңгейін төмендетеді, жүйелілікті және семестр бойы бірқалыпты жұмыс тәртібін бұзады. Сондықтан да ЖОО-дағы оқыту процесін ұйымдастырудың жетекші формасы болып қала бермекші. Лекцияға қойылатын талаптар:

Лекция мен оқытудың өнегелілік жағы, ғылымилық және ақпараттанулық дәлелділік ,нанымды мысалдардың, айғақтардың негіздемелердің барлығы, баяндау формасының эмоционалдығы, тыңдаушылардың ойлануын белсенділендіру, ойлану үшін сұрақтар қою; баяндалған мәселенің бірізділікпен логикалық ашылуы және айқын құрылымы; әдістемелік өңдеу - басты ойды және ережелерді бөліп көрсету, қорытындыға ерекше көңіл аудару, оларды әртүрлі тұжырымда қайталау; түсінікті және оның түрде баяндау, жаңадан енгізілетін терминдер мен атауларды түсіндіріп отыру; Тыңдау және көруге арналған  дидактикалық материалдарды барынша пайдалану. Көрсетілген талаптар лекцияның сапасын бағалаудың критерилерінің негізіне алады.

Лекцияның құрылымы.

кез келген лекцияда қолданылатын жалпы құрылымдық қаңқа болады. бұл- лекцияның жоспарын, оны қатаң ұстану керек. Жоспарға лекцияның түйінді мәселелерінің атауы қолданылады Алдыңғы лекцияның мазмұнын еске түсіру пайдалы және де оны жаңа материалмен байланыстыра отырып, оның пәндегі, басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңызын анықтау керек. Тақырыпты ашқан кезде ғылыми қорытындылар жасауға әкелетін мысалдар мен  фактлер қолдануға ,жалпы жағдайды түсіндіріп, оларды нақтылы мысалдарға қолдануға болады. Әрбір талданатын жағдайлар бойынша қорытынды жасап, оларды қайталау және интонация арқылы бөлектеп көрсету. Лекцияның соңында тыңдағандары бойынша қорытынды жасау пайдалы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет