Коллоквиум (лат.colloquium) - студенттердің білімін, ғылымға, әдебиетке, өнерге т.б. ынтасын анықтау мақсатында оқытушының студенттермен арнайы әңгімелесуі. Орта кәсіби білім беруорындарда Коллоквиум әдетте лабораториялық жұмыстың, оқу практикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажетті теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі.
Жобалау әдісінің негізі - студентердің танымдық дағдыларын дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Емтиханды өткізуге және ұйымдастыруға оқылатын әдістемелік талаптар. Психологиялық видеофильм: ерекшеліктері, байқау деңгейлері, дайындау кезеңдері. Ғылыми – педагогикалық іс – әрекетінің өнімдері.
Емтихандар жазбаша, тесттік немесе аралас түрінде өткізіледі. Әрбір оқу пәніне сәйкес емтиханды өткізу түрі мен тәртібі факультеттің ғылыми кеңесінде академиялық мерзім басталғаннан кейін бір ай ішінде бекітіледі. Емтиханға аралық бақылау нәтижелерінде алған бағасына сәйкес 50 балдан кем болмасаоқу ақысын төлеуде қарызы жоқ және академиялық демалыста немесе ұзақ уақыт емделуде болмаған жағдайда жіберіледі. Курстық жұмысты орындамаған студенттер сәйкес пәннен емтихан тапсыруға жіберілмейді. Емтихандар өтетін аудиториялар мен дәрісханаларда, дыбыс жазатын жоғары анықтығы бар бейнекамералар орнатылады. Емтихан басталуынан 15 минут бұрын кезекші оқытушы білім алушыларға отырғызу орындарының нөмірлері көрсетілген келу парағына қолдарын қойғызып, орындарына отырғызады. Кезекші оқытушы емтиханға келіп отырған білім алушының жеке басын куәландыру мақсатымен сәйкес құжаттар (жеке куәлік немесе сынақ кітапшасы) бойынша тексеріс жүргізеді. Егер емтихан тапсыруға өзге тұлға келген болса, кезекші оқытушы Ережені бұзылғаны туралы акт толтырады. Емтиханға кешігіп келгендер кіргізілмейді. Емтихан кезінде кезекші оқытушы бекітілген нұсқаулыққа сәйкес студенттердің тәртібін қадағалайды. Емтихан уақыты аяқталғанда кезекші емтихан жұмыстарын жинап, кеңсе-тіркеушіге шифрлеу үшін береді. Емтихан кезінде шпаргалка, ұялы телефон, сөздік, калькулятор қолдануға, бірбірімен сөйлесуге және т.б. тыйым салынады. Осы ереже орындалмаған жағдайда білім алушы емтиханнан шығарылып, сәйкесінше акт толтырылады және пәнге «Ғ» (қанағаттанарлықсыз) бағасы қойылады.