Білім беру тарихындағы кәсіби психологтарды дайындау мәселесі. З.Фрейд мектебі. Пәнді оқытудағы жалпы психологиялық оқулық.
«Психология» термині ХVІ ғасырдың аяғында пайда болды. Дегенмен жан туралы ілім ретінде философия шеңберінде дамып, психологиялық білімдер жиналғаны мәлім. Тіпті көптеген философтар психологта атанды. Олардың қатарында Френсис Бэкон, Джон Локк,т Спиноза, Иммануил Кант, Георг Гегель «Жан феноменологиясы және жан философиясы» Олардың кейбіреулері психологиялық жұмыстар жазды:
ХІХ ғасырда психология ғылымы қарқынды дами бастады. Осы кезеңде психология бойынша көптеген кітаптар мен құралдар жарық көрді. Кәсіби психологтарды дайындау тарихы В.Вундттың 1879 жылы Лейпциг қаласында Әлемдегі алғашқы психологиялық лабораторияны ашуымен бастау алады. Ол соңынан ғылыми зерттеу институтына айналды. Онда көптеген атақты психологтар, соның ішінде атақты Ресей психологы және психиатры Владимир Михайлович Бехтерев білім алды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психологияда бірнеше ғылыми мектептер пайда бола бастады.
Ең алғаш психологияның пәні мен міндеттерін басқаша қойған психоанализ немесе Фрейдизм болды. Психоанализ психологияның пәні ретінде адам психикасының санасыздық механизмдерін зерттеді. Фрейдтің ойынша,адамдар иррационалды және аморалды күштермен басқарылады. Олардың мінез-құлықтары ішкі күштермен : инстинкттер, түрткілер, қажеттіліктіліктермен басқарылады. Фрейдизмнің базасында тереңдетілген психология қалыптасты:
А.В. Лазурский психологияның дамуына үлкен үлес қосқан орыс психологы.
Эксперименталды психология – психологиялық пәндер құррылатын басқа эксперименталды психология негізін меңгеру психологиялық кез-келген саласын түсінуге қажет.
Ресейде психологиялық дамуы физиология саласынан басталады. И.М. Сеченов «Психологияны кім және қалай дамытады?» деген мақала жазады. «Кім?» деген сұраққа ол: физиологтар, «қалай» деген сұраққа – рефлекстерді зерттеу арқылы деп жауап береді. И.П. Павлов Сеченевтің шәкірті болмаса да оның еңбектерінің әсері терең болды. И.П. Павлов (1903) шартты рефлекстерді ашады. Алғашында оны психикалық деп атаған болатын. В.М. Бехтерев 1907 жылы Санкт-Петербургте Психоневрологиялық институт құрады. Өлкеміздегі психологиялық іргелі ғылыми зерттеулер тек Кеңес өкіметі жылдарында өркен жайып дами бастады. Психология ғылымының дами түсуіне Қазан төңкерілісіне дейінгі он төрт ғасырлы ұзақ мерзімде жасалған ізгілікті алғышарттар басшылық етті. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри; ғылымның бірден өркендеуіне әсерін тигізді. Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі қарқынмен дами бастады. 1946 жылы орта мектептерде логика мен психология оқытыла бастады. Осы кездері қазақ университетінде логика мен психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім ашылды. 1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Олардың көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғары және арнаулы оқу орындарына жолдама алды. Кейбірі кейін психолог – ғалымдардың қатарына қосылды. Соғыстан кейінгі жылдарда психология саласында ұлттық кадрларды даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді. 50-60 жылдары психологияның түрлі салалары бойынша (жалпы, жас, педагогикалық, заң-сот, этникалық, спорт және т.б.) Ұлттық тілде біраз еңбектер жарық көрді. 1946 жылы ҚазПи-де дербес психология кафедрасы құрылып, аспирантура ашылды. Көп ұзамай Қазақ университетінде де психология мамандығы бойынша аспиранттар даярлана бастады. Республикада психология ғылымының дами түсуіне 1973 жылығы Алматыда өткен «Ойлау және қарым-қатынас» атты Бүкілодақтық симпозиумның, сондай-ақ Ақмоладағы республикалық конференция мен Шортандыдағы (Көкшетаудағы) жас психолог ғалымдардың конференциясы, 1980 жылы Алматыда ұйымдастырылған КСРО Психологтар қоғамы Орталық кеңесінің көшпелі сессиясының мәжілісі, 1990 жылы өткен республикалық «Қазақстандағы педагогика және психология ғылымдарының өміршең мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференция елеулі орын алды.
Психология пәнін оқу барысында қолданған оқулықтарымыз: Бабаев Жалпы психология(жантану негізлері), Сатыбалды Жақыпов жалпы психология, Амирова Бибиисара «психоллогияны оқыту әдістемесі», Құбығұл Жарықбаев жалпф психология
Достарыңызбен бөлісу: |