«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Интербелсенді әдістерді психологияны оқытуда пайдалану



бет88/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

87. Интербелсенді әдістерді психологияны оқытуда пайдалану

Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.

Психологияны оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану арқылы келесідей білім,білік, дағды, машықтарға үйренеді:


  • терең ойлану, жеке рефлекциялық қабілеттерді дамыту;

  • өз идялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

  • ақпаратты өздігімен түсініп,жан-жақты талдап, таңдап алу;

  • өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • пікірталастарға қатысыпғ өз ойы мен пікірін дәлелдеу.

Интербелсенді әдістерді оқу процесінде пайдаланудың жұмыс түрлері мен әрекеттеріне

  • бірлескен жұмыстар

  • рөлдік және іскерлік ойындар

  • ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,құжаттар)

  • презентациялар

  • тренингтер

  • интервью

  • сауалнама.

Қорыта келе,  қазіргі ақпараттық қоғамға көшу үрдісі жүріп жатқанда, интербелсенді әдістерді тиімді қолдана білсек, біз өзімізді жаңа ғасырдың білікті, бәсекеге қабілетті, білімді,шығармашыл, ақыл-ойы дамыған азамат етіп тәрбиелей аламыз.

 88. Психологияны оқыту әдістемесі курсындағы проблемалық лекция және эвристикалық яЧ әңгімелесу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет