«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқыту әдістемесі үшін дамыта оқыту тұжырымдамасының маңызы



бет85/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92
85.Психологияны оқыту әдістемесі үшін дамыта оқыту тұжырымдамасының маңызы

Оқыту процесі жүйесіндегі басты мақсаттардың бірі - студенттердің танымдық іс-әрекетін дамытып, білімді менгертуге негіздеу болып табылады. Жогары оқу орнындағы арнайы ұйымдастырылған психологияны оқыту әдістемесі ол күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту процесінін өзімен қоса өрістейді.

Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру бастатған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған.

Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

— оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;

оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

— оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;

— оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Оқу тәрбие процесінің тиімді жүйесін басшылыққа ала отырып, студенттердің оқыту процесінің дамуы мен маңыздылығын ашып көрсету үшін С. Р. Рубинштейн, Л. Н. Леонтьев, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов және т. б кенес психологиясындагы дамыта оқыту жүйесінің негізіне сүйену керек. Дамыта окытудын құрылымына: мотивтік, танымдық, орындаушылык, және қадағалаушылық сияқты төрт іштей байланыскан әрекет кіреді. Алғашқы төрт әрекеттер субьект пен коршаған ортаның арасындағы алгашкы іс-қимылдың негізін құрайды.

В.В.Давыдовтың Д.Б.Элькониннің тұжырымдамалары бойынша оқушыларды дамыта оқытудың негізінде теориялық білімді сараптау, жоспарлау және рефлексия арқылы меңгеру процесіңде оқу әрекетін оның субъектісінде қалыптастыру теориясы жатыр. В.В.Давыдовтың және Д.Б.Элькониннің тұлғаны дамыта оқыту тұжырымдамасы, бірінші окушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған.

Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет