«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Теориялық және қолданбалы психологияны оқытудағы әдіснамалық ерекшеліктер



бет91/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

89. Теориялық және қолданбалы психологияны оқытудағы әдіснамалық ерекшеліктер

Бұл пәннің негізгі мақсаты студенттерге психикалық құбылыстардың жалпы кызмет ету заңдылықтарын меңгерту болып табылады. Жалпы психологиялық теорияны білу үшін психологияның: жас ерекшелік психология, педагогикалық психология, әлеуметтік психология сияқты қолданбалы салаларын меңгеру керек. Студенттердің ғылыми прогреске көзқарастары мен теориялардың әсер етуін саналы түрде қарауға психология ғылымының қазіргі жетістіктерін меңгеруге мүмкіндік береді. Жалпы психологияны меңгеру психолог мамандығы бөліміндегі басқа оқу пәндеріне әдіснамалық мән береді. Өйткені жалпыны окымай жекені түсіну мүмкін емес.

Теориялық (жалпы) психологияны түсірндіруші, ал қолданбалы психологияны – осы теорияға қосымша деп атау қабылданған. Әйтседе қолданбалы психология да түсіндіреді, бірақ ол шындықтағы психикалық өмірдің нақты фактілерін түсіндіреді; әлеуметтік психология – қоғамдық өмір құбылыстарын, топтық мінез-құлық фактілерін; инженерлік психология – адамның техникамен өзараәрекетінің ерекшеліктерін; педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеудің тиімді тәсілдерімен байланысты фактілерді; медициналық психология- денсаулықтың жақсару немесе нашарлауының психологиялық себептерін; әскери психология - соғыстың қауіпті жағдайындағы адамның мінез-құлық ерекшеліктерін және т.б. түсіндіреді.

Ал психологиялық білімдерді тәжірибеде қолдануға байланысты қарастырылатын болса, онда теориялық психология да, қолданбалы психология да фактілерді түсіндіруден тұрады, бір жағдайда – жалпы теориялық психология тұрғысынан, басқа жағдайда – білімнің едәуір тар саласы тұрғысынан – қолданбалы психологияның нақты теориясы тұрғысынан түсіндіріледі.



90. Психологияны оқыту әдістемесі курсындағы іскерлік ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі

Іскерлік ойын психолгияны оқытудағы практикалық әдіс ретінде тиісті коммуникативтік және кәсіби іскерліктерді меңгеруге бағытталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет