Оқытудың дифференциацияландыру және жекелеп оқыту теориясын психологияны оқытуда пайдалану (И.Унт, А.А. Кирсанов).
Дифференциациялап оқыту – бұл әр оқушының қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін білім берудің жүйесі.Дифференциациялап оқытудың мақсаттары төмендегідей:
Әр оқушының қызығушылығымен бейімділігін дамыту және талаптарды анықтауға тиімді жағдай жасауға негізделген оқытуды даралау. Бұл дифференциациялап оқытудың психологиялық-педагогикалық көзқарастағы мақсат.
Әлеуметтік көзқарас бойынша дифференциациялап оқытудың мақсаты ол әрбір қоғам мүшесінің социулмен өзараәрекет бейімділігін ұтымды пайдалану мақсатпен шығармашылық, интеллектуалдық, профессионалдық қоғам потенциалын қалыптастыруына мақсаттылықпен әсер ету.
Дидактикалық көзқарас бойынша оқушыларды дифференциациялап оқыту үшін жаңа әдістемелік жүйені жасау жолымен толығымен жеткен мектеп проблемаларын шешу.
Көптеген ғалымдар оқушыларды жекелеп оқытуды осы мағынада қолданады. Мысалы, А.А.Кирсанов «Оқушыларды жекелеп оқыту – оқыту мақсатын ескере отырып, оқушылардың потенциалды оқу әрекетін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін. Оқушылар тобы мен жеке оқушының, сынып ұжымының шынайы танымдық мүмкіндіктері мен іс – әрекет мақсатына сайкелетін тәрбиелік және дидактикалық құралдар жүйесі» - деген анықтама берген.
Оқушыларды жекелеп оқыту мәселесін жете зерттеген ғалымдардың бірі – И.Э.Унт. Оның ойынша, оқушыларды жекелеп оқыту – оқушылардың қандай ерекшеліктері, қандай дәрежеде ескерілетініне қарамастан, оқыту процесін ұйымдастырудың барлық формалары мен әдістеріне олардың дербес ерекшеліктерін ескеру болып табылады.
И.Э.Унт оқушыларды жекелеп оқыту абсалютті емес, шартты түрде ғана жүзеге асырылатынын ескертті. Оның пікірінше, оқушыларды жекелеп оқыту сынып – сабақ жүйесінің ерекшеліктеріне қарай мына себептерге байланысты шартты болып табылады:
- әдетте жеке оқушының емес, шамамен ұқсас ерекшеліктері басым оқушылар тобының дербес ерекшеліктері ескеріледі;
- тек таныс ерекшеліктер немесе оқу үшін маңызды болып табылатын таныс ерекшеліктердің жиынтығы (мысалы, жалпы ақыл – ой қабілеті) ескеріледі. Сондай - ақ оқушыларды жекелеп оқытудың нақты бір формасында мүмкін емес немесе қажеттілігі шамалы ерекшеліктер де болуы мүмкін (мысалы, мінездің, не темпераменттің кейбір қасиеттері);
- кейде дәл сол бала үшін ғана маңызды болып табылатын қасиеттер мен жағдайларды ескеру қажеттігі туады (мысалы, қандай да бір облысқа таланттылығы, денсаулығының нашарлауы);