«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет92/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Іскерлік ойын әдісі – мамандарды басқару және әрекет жасауға үйрететін әдіс. Студентті нақты жағдайда қатысушы кісі ролінде айқын және пәнді ойларға мәжбүр еткізіп, елеулі нәтижелерге жету деген саналы мақсатта болуға қою. Сондықтан бұл жағдай оқушының зейінін сезімталдандырады, ойлауды мақсатқа бейімді қылып меңгеруді жақсартуға себеп болады.

«Іскерлік ойындар» әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды.

Іскерлік ойынның міндетті бөліктері бар, олар:

-дидактикалық мақсаттың болуы: білімді жүйелеу мен нақтылау, іскерлік жүйесін қалыптастыруға ұмтылу, тұлғаның кәсіби деңгейдегі қасиеттерін қалыптастыру;

-оқу-кәсіптік ойын міндеттерінің болуы: ойынға қатысушы өзінің қандай міндетті шешу керектігін нақтылы білген дұрыс;

-ойын жағдаятының болуы: ойында қарама-қайшылық, тараптар «шекісуі», әр түрлі көзқарастар мен ойлар элементі болуы керек;

-ойынның бірлескен сипаты: ойынға қатысушылардың барлығы өздеріне бөлініп берілген рөлдері бойынша өзара қарым-қатынасқа түсулері керек;

-іскерлік ойынның бағытталушы жоспарының болуы: ойын барысын, қатысушылардың негізгі сөздері мен әрекеттерін оқытушы құрастыруы керек, алайда ойын барысында оған қатысушылардың суырып салма өнерлеріне шек қойылмайды;

-бірыңғай нәтижеге қол жеткізу: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік жетістіктерге жету.

Ойынның негізгі шарттарына тоқталайық:

-ойынға қатысушылардың өзіне тиесілі рөлдерін өз еріктерімен таңдауы;

-ойынға қатысушылардың ортақ шешім қабылдаулары үшін диалогтік қарым-қатынасқа түсулері;

-ойынға мүмкін болар жағдайларға байланысты суырып салмалық өнер, модельдеу түрлерін енгізу;

-ойын ережесінің бар болуы («жазалау жолдары», шектеулер);

-ойынға сайыс, ынталандыру (мақтау, құп алу және т.б.) элементтерін енгізу;



-ойын іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау жүйесін қолдану;

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет