«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқытуда емтиханды өткізуге және ұйымдастыруға оқылатын әдістемелік талаптар



бет38/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Психологияны оқытуда емтиханды өткізуге және ұйымдастыруға оқылатын әдістемелік талаптар.

Емтихандар жазбаша, тесттік немесе аралас түрінде өткізіледі. Әрбір оқу пәніне сәйкес емтиханды өткізу түрі мен тәртібі факультеттің ғылыми кеңесінде академиялық мерзім басталғаннан кейін бір ай ішінде бекітіледі. Емтиханға аралық бақылау нәтижелерінде алған бағасына сәйкес 50 балдан кем болмасаоқу ақысын төлеуде қарызы жоқ және академиялық демалыста немесе ұзақ уақыт емделуде болмаған жағдайда жіберіледі. Емтихандар өтетін аудиториялар мен дәрісханаларда, дыбыс жазатын жоғары анықтығы бар бейнекамералар орнатылады. Емтихан басталуынан 15 минут бұрын кезекші оқытушы білім алушыларға отырғызу орындарының нөмірлері көрсетілген келу парағына қолдарын қойғызып, орындарына отырғызады. Кезекші оқытушы емтиханға келіп отырған білім алушының жеке басын куәландыру мақсатымен сәйкес құжаттар бойынша тексеріс жүргізеді. Емтиханға кешігіп келгендер кіргізілмейді. Емтихан кезінде кезекші оқытушы бекітілген нұсқаулыққа сәйкес студенттердің тәртібін қадағалайды. Емтихан уақыты аяқталғанда кезекші емтихан жұмыстарын жинап, кеңсе-тіркеушіге шифрлеу үшін береді. Емтихан кезінде шпаргалка, ұялы телефон, сөздік, калькулятор қолдануға, бірбірімен сөйлесуге және т.б. тыйым салынады. Осы ереже орындалмаған жағдайда білім алушы емтиханнан шығарылып, сәйкесінше акт толтырылады және пәнге «Ғ» (қанағаттанарлықсыз) бағасы қойылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет