Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін:
- оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;
- сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу;
- материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын
-бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау;
- оқытудың ұтымды әдіс – тәсілдері, амалдарын таңдау;
- оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас;
- оқытудың қажетті оқу – материалдық жағдайын амтамасыз ету.
Сабақты талдау
Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады.
Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады
Сабақты талдау – сабақ беруші мұғалімнің өзін тануға, дамытуға, білім беру қабілеттіліктерін арттыруға көмектеседі. Мұндай процестің нәтижесінде мұғалім өз сабағына басқа қырынан қарап, талдап, бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |