82. Оқып-білім алушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді етуге бағытталған оқыту үрдісін ұйымдастыру әдістерінің жүйесі ретіндегі проблемалы оқытудың психологиясы
Проблемалық оқыту – оқытудың белсенді әдістерінің бірі. Проблемалық оқыту арқылы студенттердің белсенді ойлау әрекетінің дәрежесін көтеру, оларды ақыл – ойдың шығармашылық әрекеттерінің жүйесіне үйрету болып табылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл – ой әрекетінің сапасын арттырып, ғылыми диалектикалық ойлауды қалыптастырады.
Проблемалық оқыту процесінде негізгі төрт саты айқын болу керек:
1. Проблемалық жағдайды түсіну.
2. Проблеманы нақты көре білу және оны талдау.
3. Ұсыныстар жасау, болжам жасау жолымен проблеманы шешу.
4. Проблемалық міндеттерді шешудің дұрыстығын тексеру.
Проблемалық оқытудың мәні проблемалық жағдай тудыру, оны шешуде студенттердің әрекетін басқару болып табылады. Зерттеуші В.Оконь проблемалық ситуация тудырудың төмендегідей белгілерін тұжырымдап берді:
1.Проблемалық ситуация студенттердің белсенділігін, қызығушылығын, ынталылығын тудыратындай табиғи және өмірлік сипатта болу керек.
2.Студенттердің тәжірбиесіне, біліміне, жасына лайықты қиыншылықтардың болуы керек.
3.Проблема анық, дәл қойылуы керек.
4.Проблеманы толық не жартылай шешу – оның дұрыстығын таңдай білу.
5.Бір ситуациядан екіншіге өтуде бірізділік, әсерлік сақталуын көздеу керек.
Бірізділік, өзара қатынас, байланыс, тәуелділік, мәселені жан – жақты тануға мүмкіндік тудырады.Проблемалық оқыту студенттерді ғылыми, дидактикалық, логикалық, ойлауға, кездескен қиындықтарды жеңуге үйретеді. Оқу материалын дәл, қызықты болуы, білімніңберік болуы, сенімге айналуы, ұзақ есте сақталуын қамтамассыз етеді.
Проблемалық оқытудың артықшылығы:
1.Ғылыми ақиқатты дәл, саналы түсінуге білімнің сенімге айналуына мүмкіндік тудырады. Білімнің негіздерін берік меңгереді, қамтамассыз етіп, дүниетанымын қалыптастырады.
2. Диалектикалық ойлауға, ғылыми ізденушіліктің жолына үйретеді.
3.Проблемалық оқу эмоциональды беріледі де сабақ тартымды болып, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |