§ Оқу пәні осыған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс пе?
§ Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі психологиядан айырмашылығы неде?
§ Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс?
§ Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?
Осылайша ғылыми пән – бұл зерттеушілерге бағытталған білімдер жүйесі, ал оқу пәні – оқушыларға бағытталған білімдер жүйесі болмақ.
Оқу пәнінің құрамына екі компонент кіреді:
1. Білімдер жүйесі;
2. Меңгерілуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі.
Оқу пәнінің екі құрамдас бөлігін талдауда келесі факторлар ескерілді. Оларды толығырақ қарастыра кетейік:
1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым жүйеленген болса, соғұрлым ғылыми пәннің оқу пәні болуға мүмкіндігі жоғары болады.
2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы бар.
3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі, типі және мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әр түрлі болуы тиіс:
3.1. Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма;
3.2. Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла ма;
3.3. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр ма;
4) Оқушылар мен студенттердің жас ерекшелігімен, даму деңгейі, даралық психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге деген қызығушылық.
5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу пәнін оқушылар мен студенттердің білімін негізге ала отырып құруы тиіс. Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, ұғымдарды игеру қабілетіне қарай түрліше құрылады.
6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді игеру процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу пәнін игеру дәріс, семинар, практикалық, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін.
7) Дидактикалық материялдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы, нақты тапсырмалары, көрнекі материалдары, бақылау сұрақтары болуы мүмкін. Психологияны оқыту әдістемесі кез-келген педагогикалық пән ретінде педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту болғандықтан ғана оқыту психологиясы психологияны оқыту әдістемесінің негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі пәннің мазмұнына қатысы жоқ.
Педагогикалық психология тұрғысынан алғанда оқушы мен оқытушының әрекеттерін ажырата білу қажет. Студенттің оқу әрекеті оны жоғары дәрежелі маман етеді, ал оқытушының әрекеті студентті маманға айналдырудың тиімді жолдарын қамтамасыз ету болып табылады. Осы себептен ғылыми негізделген оқыту әдістемесі үшін студенттің оқу әрекетінің психологиялық шарттарын, нақтырақ айтсақ, білімді игерудің (психологиялық механизмдерін) дайындалып жүрген болашақ мамандығының кәсіби әрекетінің дағдылары мен іскерліктерін игеруінің психологиялық механизмдерін ашуды қарастрыу қажет.
Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері: - Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыру;
- Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу, яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну;
- Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу – тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізінде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болуы, даму себебі туралы қорытынды жасауға үйрету;